Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • rk 2-тар., 4—5 бет.
  • Шынайы сенім деген не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шынайы сенім деген не?
  • Шынайы сенім — бақыттың кілті
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шынайы сенімді қалай дамытуға болады?
  • Ехобаның уәделеріне деген сенімімізді көрсетейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Сенім — бізді мықты ететін қасиет
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • “Сенімімізді нығайта көріңіз”
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Шынайы сенімді іс жүзінде көрсететіндер
    Шынайы сенім — бақыттың кілті
Көбірек мәлімет
Шынайы сенім — бақыттың кілті
rk 2-тар., 4—5 бет.

2-ТАРАУ

Шынайы сенім деген не?

Ақшаға қарап тұрған адам

Жасанды ақша іспетті құнсыз болмас үшін, сенім шынайы болу керек

ШЫНАЙЫ сенім — жай ғана Құдайдың бар екеніне сену емес. Миллиондаған адам Құдайға сенеміз дейді, сөйтсе де зұлым істер жасай береді. Мұндай “сенім” жасанды ақша іспетті. Ол шынайы болып көрінгенмен, еш құны жоқ. Олай болса, шынайы сенім деген не?

Шынайы сенім Киелі жазбалардағы тура білімге негізделеді. Құдайдың құдіретімен жазылған бұл жазбалар Құдай туралы шындықты ашады және оны жақсырақ танып-білуге көмектеседі. Сондай-ақ олардан Құдайдың ниеті, заңдары мен ілімдері жайлы біле аламыз. Бұл ілімдердің кейбірі мынадай:

  • Құдай жалғыз. Оған тең келетін ешкім жоқ.

  • Иса — Құдіретті Құдай емес, Құдайдың пайғамбары.

  • Құдай пұтқа табынушылықтың қай-қайсысын да жек көреді.

  • Адамзатты алда сот күні күтіп тұр.

  • Өмірден өткен сансыз көп адам жұмақта қайта тіріледі.

Шынайы сенім бізді игі істерге талпындырады. Мұндай істер Құдайға ұнайды әрі өзімізге де, өзгелерге де пайдасын тигізеді. Бұндай игі істердің кейбірі:

  • Құдайға құлшылық ету.

  • Құдайға ұнамды қасиеттерді, әсіресе сүйіспеншілікті дамыту.

  • Жаман ойлар мен құмарлықтарға берілмеу.

  • Қиындыққа кезіксек те, Құдайға деген сенімнен таймау.

  • Өзгелерге Құдай туралы білуге көмектесу.

Үлкен кісіге тамақ алып келген отбасы

Шынайы сенім игі істерге талпындырады

Шынайы сенімді қалай дамытуға болады?

Бұлшық еттерін жаттығып тұрған адам

Жаттығу жасау бұлшық етті қатайтатынындай, сенімге сай әрекет ету де сенімді нығайтады

Құдайдан көмек сұраңыз. Мұса пайғамбар Құдайға сиынып: “Сені танып-білуім және әрі қарай да ықыласыңа бөлене беруім үшін маған жолдарыңды білдіре көрші”,— дегенa. Құдай оның өтінішін қабыл алып, оған өз жолдарын ашты. Осының арқасында Мұсаның сенімі нығайып, өзгелер үшін керемет үлгі болды. Шынайы сенім дамыту үшін Құдай сізге де көмектеседі.

Киелі жазбаларды оқып-білуге уақыт бөліңіз. Киелі жазбалар Киелі кітап деген атаумен де танымал. Оның құрамына Тәурат, Зәбүр, Інжіл сияқты жазбалар кіреді. Ол дүниеде ең кең тараған әрі көп тілде шыққан. Сізде осы кітап бар ма?

Киелі жазбалардан білген кеңестерді өмірде қолданыңыз. Адам жаттықса, бұлшық еті қатая түседі. Сол сияқты, сеніміне сай әрекет етсе, адамның сенімі нығая түседі. Құдайдың кеңестерін өмірде қолдансаңыз, олардың тиімді екеніне өзіңіз көз жеткізесіз. Расында да, Киелі жазбалардағы пайдалы кеңестер көптеген адамдарға өмірін өзгертуге көмектескен. Мұның кейбір мысалдарын келесі беттен оқи аласыз.

a Мұсаның 2-жазбасы 33:13.

Қалай жауап берер едіңіз?

  • Шынайы сенім неге негізделеді?

  • Шынайы сенім қандай игі істерге талпындырады?

  • Шынайы сенімді қалай дамытуға болады?

Құдай өз Сөзін сақтай алады

Құдай Киелі жазбаларды біздің күнімізге дейін еш өзгеріссіз сақтап келгеніне күмәнданбасақ болады. Құдіреті күшті ол өзінің кітабын қорғай алады. Оның Сөзінде: “Көк шөп қурайды, Гүлдер де солады, Ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады”,— делінген (Ишая 40:8).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу