Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lc 2—3 бет.
  • Сіз не нәрсеге сенесіз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз не нәрсеге сенесіз?
  • Тіршілік өздігінен пайда болды ма?
  • Тақырыпшалар
  • Кітапшаның мақсаты
Тіршілік өздігінен пайда болды ма?
lc 2—3 бет.
Кішкентай қыз көбелекті қызықтап тұр

Сіз не нәрсеге сенесіз?

Кейбір адамдар Киелі кітапты оқи отырып, сондағы тіршіліктің жаратылуына қатысты сөздерді тікелей түсініп жатады: олар жер мен ондағы барлық тіршілік алты тәулік ішінде, осыдан бірнеше мың жыл бұрын ғана жаратылды деп ойлайды. Ал кейбір атеистер болса Құдайға сенбейтіндіктен Киелі кітапты жай аңыздар жиынтығы деп қарастырады. Олар тіршілік атаулы ешкімнің қатысуынсыз, соқыр кездейсоқтықтың нәтижесінде пайда болды деп есептейді.

Адамдардың көпшілігі бір-біріне қайшы келетін осы көзқарастардың екеуін де қолдайды. Бәлкім, сіз де Құдайға және оның Сөзі Киелі кітапқа сенетін шығарсыз, сөйте тұра тіршіліктің жаратушысын мойындамайтын беделді эволюционистердің де пікірін қолдайтын боларсыз. Ал балаларыңыз бар болса, олардың эволюцияға және тіршіліктің Жаратушысына қатысты сұрақтарына қалай жауап беру керектігін білгіңіз келер.

Кітапшаның мақсаты

Бұл кітапшаның мақсаты — Құдайға сенбейтін адамдарды не Киелі кітаптағы жарату ісін сөзбе-сөз түсінетіндерді сынап-мінеу емес. Қайта, ол өз көзқарастарыңызды тағы бір саралап көруге талпындырады. Бұл кітапшада тіршіліктің жаратылуы жайлы Киелі кітапта шын мәнінде не айтылғаны түсіндіріледі. Сонымен қатар тіршіліктің пайда болуына қатысты көзқарасымызды неге тексеріп көргеніміз маңызды екені көрсетіледі.

Сіз Жаратушыны және Киелі кітапты мойындамайтын адамдардың пікіріне сенім артасыз ба? Әлде Киелі кітапта шын мәнінде не айтылғанын тексеріп көргіңіз келе ме? Сіз үшін қайсысы сенім артуға тұрарлық: Киелі кітап па, әлде эволюционистердің пікірі ме? (Еврейлерге 11:1). Айғақтар не дейтінін қарастырып көрейік.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу