Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bm 24-тар., 27—28 бет.
  • Пауылдың қауымдарға хаттар жолдауы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Пауылдың қауымдарға хаттар жолдауы
  • Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ұқсас мәлімет
  • Сенім, жүріс-тұрыс және сүйіспеншілікке қатысты берілген кеңестер
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Пауыл Римде
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Барлық пайғамбарлар алдын ала куәлік еткен Тұлға
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
  • Адам мен Хауаның жұмақтан қуылуы
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
Көбірек мәлімет
Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
bm 24-тар., 27—28 бет.
Үйдегі қамауда болған Пауыл хат жаздыртуда

24-ТАРАУ

Пауылдың қауымдарға хаттар жолдауы

Пауылдың хаттары бірінші ғасырдағы мәсіхшілер қауымын нығайтып отырды.

ЖАҢАДАН құрылған мәсіхшілер қауымы Ехобаның ниетін орындауда маңызды рөл атқармақ еді. Алайда көп ұзамай алғашқы мәсіхшілердің сенімі сынала бастады. Қуғын-сүргінге және қауым ішінде туындаған жасырын сынақтарға қарамастан, олар мінсіздіктерін сақтады ма? Грек жазбаларындағы 21 хат қажетті ақыл-кеңес пен жігер беретін сөздердің қайнар көзі болды.

Римдіктерге арналған хаттан бастап Еврейлерге дейінгі 14 хатты елші Пауыл жазды. Бұл хаттар жеке адамдарға не нақты бір қауымдарға арналып, солардың аттарымен аталды. Пауыл жазған хаттардағы кейбір ойларды қарастырайық.

Өнегелілік пен жүріс-тұрысқа қатысты кеңес. Азғындық, неке адалдығын бұзу және басқа да ауыр күнә жасайтындарға “Құдай Патшалығында орын жоқ” (Ғалаттықтарға 5:19—21; Қорынттықтарға 1-хат 6:9—11). Құдай қызметшілері ұлтқа қарап бөлінбеу керек (Римдіктерге 2:11; Ефестіктерге 4:1—6). Олар мұқтаждық көрген бауырластарына даярлықпен көмектесулері қажет (Қорынттықтарға 2-хат 9:7). Пауыл: “Үздіксіз Құдайға сиыныңдар”,— деген. Ол мәсіхшілерді Ехобаға көңіліндегісін ақтарып дұға етуге шақырған (Салониқалықтарға 1-хат 5:17; Салониқалықтарға 2-хат 3:1; Філіпіліктерге 4:6, 7). Құдай дұғаларымызды есту үшін оларды сеніммен айтуымыз керек (Еврейлерге 11:6).

Отбасын қалай нығайтуға болады? Күйеулер әйелдерін өз тәніндей сүюге тиіс. Әйелдер күйеулеріне зор құрмет көрсетулері керек. Балалар әке-шешесінің тілін алғандары дұрыс, өйткені бұлай істегендері Құдайға ұнайды. Ата-аналар балаларына сүйіспеншілікпен және Құдайдың принциптері бойынша ақылмен жөн сілтеп, тәрбие беруге міндетті (Ефестіктерге 5:22—6:4; Қолостықтарға 3:18—21).

Пауыл хаттарын жазған жерлер

Құдай ниетінің айқындала түсуі. Мәсіх келгенше Мұса заңының көптеген ережелері исраилдіктерге басшылық беріп, қорғаныш болды (Ғалаттықтарға 3:24). Мәсіхшілерге Құдайға ұнамды түрде ғибадат ету үшін Мұса заңын ұстанудың қажеті болмады. Еврейлерге, яғни яһуди халқынан шыққан мәсіхшілерге, жолдаған хатында Пауыл Мұса заңының мәнін және Құдай ниетінің Мәсіхте орындалуын түсіндірді. Оның айтуынша, Заңның кейбір тұстарының пайғамбарлық мәні болды. Мысалы, малдың құрбандыққа шалынуы Исаның өмірін құрбан етіп, адамдарды күнәдан біржола азат ететініне нұсқаған (Еврейлерге 10:1—4). Исаның құрбандығының негізінде Құдай Заң келісімін күшінен айырды, өйткені енді оның қажеті болмады (Қолостықтарға 2:13—17; Еврейлерге 8:13).

Пауылдың хатын тыңдап отырған ертедегі мәсіхшілер қауымы

Мәсіхшілер қауымына қатысты басшылық. Қауымда жетекшілік еткісі келетін ер адамдар жоғары өнегелілік нормаларды ұстануы және Киелі кітаптағы талаптарға сай келуі қажет (Тімотеге 1-хат 3:1—10, 12, 13; Титке 1:5—9). Ехоба Құдайдың қызметшілері бір-бірін жігерлендіру үшін жүйелі түрде жиналып тұрулары қажет (Еврейлерге 10:24, 25). Ғибадат етуге арналған осындай кездесулерде жігер мен тәлім берілу керек (Қорынттықтарға 1-хат 14:26, 31).

Тімотеге жолдаған екінші хатын Пауыл Римде жазды. Ол түрмеде сотты күтіп жатқан болатын. Бірер бауырлас бастарын қатерге тігіп, оған барып тұрды. Пауыл жақында өлетінін білді. “Мен “игі жарысқа” қатысып, мәреге жеттім, сенімімді сақтап қалдым”,— деді ол (Тімотеге 2-хат 4:7). Содан көп ұзамай Пауыл сенімі үшін өлімге кесілген көрінеді. Алайда оның хаттары Құдайдың шынайы қызметшілеріне күні бүгінге дейін сенімді басшылық беріп келеді.

Римдіктерге, Қорынттықтарға 1-хат, Қорынттықтарға 2-хат, Ғалаттықтарға, Ефестіктерге, Філіпіліктерге, Қолостықтарға, Салониқалықтарға 1-хат, Салониқалықтарға 2-хат, Тімотеге 1-хат, Тімотеге 2-хат, Титке, Філимонға және Еврейлерге негізделген.

  • Пауылдың хаттарында өнегелілікке және жүріс-тұрысқа қатысты қандай кеңестер бар?

  • Пауыл Құдай ниетінің Мәсіхте орындалуы жайлы не жазды?

  • Пауыл мәсіхшілер қауымына қатысты қандай басшылық берді?

УӘДЕ ЕТІЛГЕН ҰРПАҚ КІМ?

Адам мен Хауа күнә жасағаннан кейін, Құдай жыланға бейнелі тілмен былай деді: “Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың” (Жаратылыс 3:15). Жазбаларда Ібіліс “ежелден бері келе жатқан абжылан” деп аталған (Аян 12:9). Ал Құдай уәде еткен Ұрпақтың, яғни Құтқарушының, кім екені жайлы құпия ғасырлар бойы Киелі жазбалар арқылы ашылып отырды.

Адам мен Хауа күнә жасағаннан кейін шамамен 2 000 жыл өткен соң, Ехоба уәде етілген Ұрпақтың Ыбырайымның үрім-бұтағынан шығатынын айтты (Жаратылыс 22:17, 18). Ғасырлар өте елші Пауыл Ұрпақтың басты бөлігі Мәсіх Иса екенін ашты (Ғалаттықтарға 3:16). Жаратылыс 3:15-ке сай, Иса өлгенде, бейнелі мағынада оның ‘өкшесі шағылды’. Алайда Құдай оны “рухани денемен” қайта тірілтті (Петірдің 1-хаты 3:18).

Сондай-ақ Құдайдың ниеті бойынша, ұрпақтың құрамдас бөлігі ретінде 144 000 адам таңдап алынуы керек еді (Ғалаттықтарға 3:29; Аян 14:1). Олар рухани денеде қайта тіріліп, Мәсіхпен бірге көкте билік ету керек (Римдіктерге 8:16, 17).

Көкте билік етіп отырған құдіретті Патша Иса Мәсіх жуырда Ібіліс пен оның ұрпағын, яғни соңынан ерген зұлым адамдар мен жын-перілерді, жояды (Жохан 8:44; Ефестіктерге 6:12). Исаның билігі барлық тілалғыш адамдарға бейбітшілік пен бақыт әкеледі. Ақырында Иса жыланның ‘басын мыжып’, біржола құртады (Еврейлерге 2:14).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу