Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bm 14-тар., 17-б.
  • Пайғамбарлардың Құдай хабарын жариялауы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Пайғамбарлардың Құдай хабарын жариялауы
  • Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ұқсас мәлімет
  • Тұтқында жүрген пайғамбардың аян алуы
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Мәсіхтің келуі
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Мәсіх жайлы пайғамбарлықтар Исаның Мәсіх болғанын дәлелдей ме?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Мәсіх жайлы алдын ала айтылған
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
bm 14-тар., 17-б.
Құдайдың хабарын жариялап жатқан пайғамбар

14-ТАРАУ

Пайғамбарлардың Құдай хабарын жариялауы

Ехоба өз үкіміне, таза ғибадатқа және Мәсіхке қатысты хабарды жеткізу үшін пайғамбарларын тағайындап отырған.

ИСРАИЛ және Яһуда патшалары билік еткен заманда батыл әрі сенімдері зор пайғамбарлар халыққа Құдай хабарын жеткізіп отырған. Олардың қандай төрт тақырыпты қамтығанын қарастырайық.

1. Иерусалим қаласының күйреуі. Ишая, Еремия және басқа да пайғамбарлар Иерусалимнің күйреп, қаңырап бос қалатынын ұзақ уақыт бұрын айтқан. Олар бұл қаланың не себепті Құдайдың қаһарына ұшырайтынын пәрменді сөздермен жеткізді. Иерусалим қаласы шынайы ғибадаттың орталығы болу керек еді. Алайда оның халқы пұттарға табынып, жемқорлық пен зорлық-зомбылыққа белшесінен батқандықтан жойылмақ-тын (Патшалықтар 4-жазба 21:10—15; Ишая 3:1—8, 16—26; Еремия 2:1—3:13).

2. Шынайы ғибадаттың қайта қалпына келтірілуі. Пайғамбарлар 70 жыл бойы тұтқында болған Құдай халқының қаңырап бос жатқан отандарына оралатынын және Иерусалимдегі ғибадатхананы қайта тұрғызатынын айтты (Еремия 46:27; Амос 9:13—15). Ишая шамамен 200 жыл бұрын Кир есімді патшаның Бабылды жаулап алып, Құдай халқына таза ғибадатты қайта қалпына келтіруге рұқсат ететінін айтты. Сондай-ақ ол Кир патшаның қаланы жаулап алу үшін қандай айла-амалдарды қолданатынын пайғамбарлық етті (Ишая 44:24—45:3).

Жер аударылған исраилдіктер Бабылдан шығып, Иерусалимге оралуда

3. Мәсіхтің келуі. Мәсіхтің Бетлехемде туылатыны (Миха 5:2); Иерусалимге кішіпейілділікпен тайқарға мініп келетіні (Зәкәрия 9:9); мейірімді бола тұра, көп адамның оған теріс қарайтыны (Ишая 42:1—3; 53:1, 3); азапты өліммен өлетіні пайғамбарлық етілді. Сонда осымен бәрі бітпек пе еді? Жоқ. Оның өз өмірін құрбан еткендігінің арқасында көп адамның күнәлары кешірілуі керек-тін (Ишая 53:4, 5, 9—12). Ал бұл үшін ол қайта тірілу керек еді.

4. Мәсіхтің жер бетіне билік жүргізуі. Кемелсіз билеушілер жер бетінде нағыз тыныштық орната алмайды. Ал Мәсіх патша “тыныштық пен амандықты сыйлайтын Әмірші” деп аталатын болады (Ишая 9:6, 7; Еремия 10:23). Мәсіх билік еткен заманда адамдар бір-бірімен және жан-жануарлармен тату өмір сүреді (Ишая 11:3—7). Ауру енді болмайды (Ишая 33:24). Өлім де мәңгіге жойылады (Ишая 25:8). Өмірден өткендер жерде өмір сүру үшін қайта тіріледі (Даниял 12:13).

Ишая, Еремия, Даниял, Амос, Миха және Зәкәрия кітаптарына негізделген.

  • Құдайдың пайғамбарлары қандай хабар айтқан?

  • Иерусалимнің күйреуі мен қайта қалпына келтірілуі жайлы қандай пайғамбарлықтар бар?

  • Мәсіхтің келуіне қатысты қандай пайғамбарлықтар айтылды?

  • Мәсіх жер бетіне билік жүргізгенде, өмір қандай болмақ?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу