Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bm 6-тар., 9-б.
  • Құдайдың адал қызметшісі Әйүп

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайдың адал қызметшісі Әйүп
  • Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ұқсас мәлімет
  • Әйүп Ехобаның есімін қадір тұтқан
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Әйүп кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Үмітіңді Ехобаға арт”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Әйүп — төзімді әрі мінсіз адам
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
bm 6-тар., 9-б.
Денесін жара басқан Әйүп

6-ТАРАУ

Құдайдың адал қызметшісі Әйүп

Шайтан Әйүптің мінсіздігіне шек келтірді. Әйүп ауыр сынақтарға қарамастан, Ехобаға адал болып қалды.

АУЫР сынақтарға және Құдайға мойынсұнғаны еш пайда әкелмейтіндей болып көрінгеніне қарамастан, адалдығын сақтап қалатын адам бар ма? Бұл сұрақ Әйүптің күндерінде көтерілген болатын.

Исраилдіктер әлі де Мысырда жүргенде, Ыбырайымның туысқаны Әйүп бүгінде Арабия деп аталатын өлкеде тұрып жатты. Күндердің күнінде Құдай алдына барлық періштелер жиналды. Олардың арасында Шайтан да бар еді. Сонда Ехоба бүкіл жер бетінде қызметшісі Әйүп сияқты мінсіз жанның жоқ екенін толық сенімділікпен айтты. Бірақ Шайтан Әйүптің ниетіне шек келтірді. Ол басқаша айтқанда: “Әйүп Құдайдың батасы мен қорғанышына ие болғандықтан ғана мінсіздігін сақтап жүр, ал барынан айырылса, Құдайға тіл тигізеді”,— деді.

Көкте періштелер Құдайдың алдына жиналды, арасында Шайтан да бар

Сонда Құдай Әйүптің сыналуына жол берді. Шайтан оны алдымен мал-мүлкі мен балаларынан айырды, сосын, ауыр дертке ұшыратты. Әйүп мұның бәрі Құдайдан деп ойлады. Сөйтсе де ол Құдайға қарсы шықпады.

Кейін Әйүпке үш доссымағы келді. Бұл кісілердің сөздері Құдай Әйүпті жасырын күнәлары үшін жазалауда дегенге саяды. Олар тіпті Құдайдың көңілінен шығу не сеніміне ие болу мүмкін емес дегенге меңзеді. Әйүп олардың жаңсақ пікірін жоққа шығарып, соңғы демі біткенше мінсіздігінен таймайтынын айтты.

Алайда Әйүп бір қателік жасады. Оның есіл-дерті өзін ақтау болды. Әйүп пен оның доссымақтары сөйлеп болғаннан кейін, Елиуй деген жігіт сөзін бастады. Ол Әйүпті ең маңыздысы Ехоба Құдайдың бүкіләлемдік билігінің ақталуы екенін назардан шығарып алғаны үшін жазғырды. Сондай-ақ ол Әйүптің доссымақтарын қатаң сөкті.

Сосын, Ехоба Құдай Әйүпке тіл қатты. Ол Әйүптің назарын ғажайып жаратылыстарына аударып, өзінің жұмыр басты пендеден әлдеқайда ұлы екенін түсінуіне көмектесті. Әйүп кішіпейілділік танытып, ой қалпын түзетті. Сонда “жанашырлығы мен қайырымдылығы зор” Ехоба адал қызметшісін ауруынан айықтырды да, бұрынғысынан екі есе көп дүние-мүлік берді. Сондай-ақ Әйүп тағы он бала сүйді (Жақып 5:11). Ауыр сынақтарға қарамастан, мінсіз болып қалған Әйүп Шайтанның адам сыналған кезде Құдайға адалдығын сақтамайды деген жаласын жоққа шығарды.

Әйүп кітабына негізделген.

  •  Шайтан Әйүпке қатысты қандай күмән келтірді?

  •  Әйүптің Ехобаға адал болып қалғанының арқасында не дәлелденді?

МАҢЫЗЫ ЗОР ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Өз заманындағы ең кінәратсыз әрі Құдайды қастерлейтін кісі Әйүп қара басының пайдасын ойлағандықтан ғана мінсіздігін сақтап жүр деуімен Шайтан Құдайдың әрбір қызметшісінің ниетіне шек келтірді. Осылайша ол адамдардың Ехобаға деген адалдығына қатысты дау көтерді. Бұл дау Ехобаның билігінің әділдігі мен заңдылығына қатысты Едемде көтерілген басты даулы мәселемен тығыз байланысты. Әйүп кітабынан көрінетіндей, Құдайдың саналы жаратылыстары мінсіздіктерін сақтау арқылы оның бүкіләлемдік билігін қолдайтындықтарын көрсете алады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу