Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bm 4-тар., 7-б.
  • Құдайдың Ыбырайыммен келісім жасасуы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайдың Ыбырайыммен келісім жасасуы
  • Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба оны “досым” деп атаған
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ыбырайым (Ибраһим) пайғамбар кім болған?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ыбырайым мен Сара Құдайдың тілін алды
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Құдайдың Ыбырайымның сенімін сынауы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
bm 4-тар., 7-б.
Жұлдыздарға қарап тұрған Ыбырайым

4-ТАРАУ

Құдайдың Ыбырайыммен келісім жасасуы

Ыбырайым Құдайға сеніп, оған мойынсұнды. Ал Құдай оған батасын беріп, ұрпақтарын көбейтуді уәде етті.

НҰХТЫҢ кезіндегі Топан судан кейін 350 жылдай өткен. Ыбырайым өркендеген Ур қаласында тұрып жатты. Ол қала қазіргі Ирак жерінде орналасқан еді. Ыбырайымның Құдайға деген сенімі зор болатын. Күндердің күнінде оның сенімі сыналды.

Ехоба Ыбырайымға туып-өскен жерін тастап, бөтен елге көшуді бұйырды. Ыбырайым сөзге келмей мойынсұнды. Ол әйелі Сараны, немере інісі Лутты және қызметшілерін алып, жолға шықты. Олар Қанахан жеріне келіп, шатырларда тұрды. Ехоба Құдай Ыбырайыммен келісім жасасып, одан ұлы халық тарайтынын, жер бетіндегі барлық халыққа сол арқылы батасын төгетінін әрі оның ұрпақтары Қанахан жеріне иелік ететінін уәде етті.

Ыбырайым мен Луттың қойлары, ірі қара малдары көбейді. Сонда олар бір-бірінен бөлек кетуді шешті. Ыбырайым кішіпейілділік танытып, Лутқа бірінші болып жер таңдауға мүмкіндік берді. Лут Иордан өзенінің бойындағы құнарлы жерді таңдап, Содом қаласының маңына қоныс тепті. Бұл қаланың тұрғындары ауыр күнәға белшесінен батқан азғын адамдар еді.

Ехоба Құдай Ыбырайымға ұрпақтарын аспандағы жұлдыздардай сансыз көп ететіні жайлы уәдесін қайталады. Ыбырайым оған сенді. Алайда Ыбырайымның сүйікті әйелі Сара бедеу болатын. Кейін, Ыбырайым 99, ал Сара 90 жасқа келгенде, Құдай Ыбырайымға Сараның құрсақ көтеретінін айтты. Құдайдың уәдесі орындалып, Сара Ысқақты дүниеге әкелді. Ыбырайымның басқа да балалары болды, алайда Едемде уәде етілген Құтқарушы Ысқақтың ұрпағынан шығуы керек еді.

Содомда тұрып жатқан Лут қала тұрғындарының азғын істерінен аулақ жүріп, мінсіздігін сақтады. Сондықтан Ехоба Содомды жоймақ болғанда, Лутты құтқару үшін періштелерін жіберді. Олар Лут пен оның отбасына арттарына қарамай қашуды бұйырды. Сосын, Құдай Содом мен жанындағы күнәға батқан Ғомора қаласына от аралас күкірт жаудырып, ондағы тұрғындарды түгел жойды. Лут пен оның екі қызы қашып құтылды. Ал әйелі, дүниесін қимаған болса керек, артына бұрылып қарады да, тілазарлығы үшін өмірінен айырылды.

Жаратылыс 11:10—19:38 негізделген.

  • Неге Ыбырайым Қанаханға қоныс аударды?

  • Ехоба Ыбырайыммен қандай келісім жасасты?

  • Ехоба Содом мен Ғомора қалаларын неліктен жойды?

ҚҰДАЙДЫҢ КЕЛІСІМДЕРІ

Киелі кітапта Құдайдың өз қызметшілерімен бірнеше келісім жасасқаны айтылған. Осы келісімдер арқылы Ехоба Едемде уәде еткен Құтқарушыға қатысты ниеті қалай орындалатынын біртіндеп ашып отырды. Мысалы, Ехоба Ыбырайыммен келісім жасасып, уәде етілген Құтқарушы оның ұрпағынан шығатынын айтқан. Ал кейінгі келісімдер арқылы оның кім болатыны айқындала түсті.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу