62-ән
Сен кімнің меншігісің?
1. Кімнің меншігісің?
Табынар құдайың кім?
Кімге құл болып, сен бағынсаң,
Сол қожайын, құдай саған.
Екі қожайынға
Ешкім бірдей жаға алмас.
Жалғыз жүрегің бірден бәрінің
Көңілінен шыға алмас.
2. Кімнің меншігісің?
Бағынар құдайың кім?
Бірі шынайы, бірі жалған,
Өз еркің кімді таңдасаң.
Жердегі патшаны
Өте ме күнің жақтап?
Немесе бүгін Құдай билігін
Жүргің келе ме ақтап?
3. Кімнің меншігімін?
Ехоба — шын Құдайым.
Берген антымнан еш айнымай,
Қызмет етемін шет қалмай.
Иса келіп жерге,
Азат етті жанымды.
Әр кез Құдайға адал болуға
Салайын мен барымды.
(Ешуа 24:15; Зәб. 116:14, 18; Тім. 2-х. 2:19 қараңыз.)