94-ән
Құдайдың игі сыйларын қанағат етейік
1. Жанды рақатқа бөлейтін
Сыйдың бәрі көктен.
Өмір де қызықтары мол
Сүйікті Әкеден.
Көлеңке сынды құбылмас
Түсіріп мерейін,
Ехоба қамқоршы Құдай ғой
Әсте өзгермейтін.
2. Қу тірліктің әуресімен
Батпайық уайымға.
Сеніп Құдайға ойлайтын
Күйін торғайдың да.
Түсіп байлық шырмауына
Қайғы жеп не керек?!
Бізге қажеттіні Ехоба
Жомарт қолмен бермек.
3. Пенденің дәулеті құнсыз
Құдайдың көзінде.
Баянды істер жасалық
Осы жадау күнде.
Көкте жиналған қазына
Өшпес, жер құшсақ та.
Ие болар қанағат еткен
Үлкен марапатқа.
(Ерм. 45:5; Мат. 6:25—34; Тім. 1-х. 6:8; Евр. 13:5 қараңыз.)