93-ән
“Сендердегі жарық жарқырап тұрсын”
1. “Сендердегі жарық нұр шашсын” деген
Сөзі бар Исаның жұрт қамын жеген.
Шындық жарқырасын нұрменен дәйім,
Игі ісіміз болса сән берсін лайым.
2. Патшалық хабары жүректі нұрлап,
Жұбатар бейбақты таусылған жылап.
Шашсын алтын шуақ құнды Жазбалар,
Төгілсін тілімізден нұр шашып хабар.
3. Жақсылық әлемді кенелтер нұрға,
Жақсы сөз маржандай айтылған жанға.
Әділ істеріміз күндей жарқырап,
Жүрейік Ехобаға әрдайым ұнап.
(Зәб. 119:130; Мат. 5:14, 15, 45; Қол. 4:6 қараңыз.)