73-ән
Бір-біріңді барынша жақсы көріңдер
1. Шын сүю кернеп жүректі,
Адал болуды үйретті.
Бауырларға шындықтағы
Тұр бұрып бүйректі.
Барынша жақсы көрудің
Қалт жібермей мүмкіндігін,
Әкеміздің паш етеміз
Кеңпейілділігін.
Тарыққанда кейбір жан
Қол ұшын беруге асыққан,
Жаны жомарт адамды
Құдай әр кез ұнатқан.
Сүю болса өз күшінде
Сыйлаймыз жас-кәріні де.
Мүлт кетсе олардың бірі
Жаймаймыз жұртқа мүлде,
Бірлік бағалы бізге.
2. Шын сүйген сеніп өзгеге,
Еш асықпас өкпелеуге.
Әр бауырласты бар себеп
Риясыз сүюге.
Шын достықтың біліп парқын
Бағалаймыз Құдай халқын.
Бас қосамыз бауырмалдық
Тартпас үшін салқын.
Жүгенсіз тіл бар бізде,
Аңдамай сөйлейміз кей кезде.
Құдайға қымбат жанға
Болмайық қатаң мүлде.
Бірлігіміз еш бұзылмай,
Нағыз достыққа бастағай.
Нақ белгіміз сүю болсын.
Мадақтайық Құдайды,
Ол сүйгенді қолдайды.
(Пет. 1-х. 2:17; 3:8; 4:8; Жох. 1-х. 3:11 қараңыз.)