41-ән
Ехобаға жастайыңнан қызмет ет
1. Бағалысың сен, жас қыз, бозбала,
Құнды маржандай Құдай алдында.
Ол көз қырын сап жүреді саған:
Көп қой жандар қамыңды ойлаған.
2. Анаң менен әкеңді құрметте,
Бағып қабағын, сөзін екі етпе.
Жүрсең мінсіз боп Құдай алдында,
Толы болар жас күнің шаттыққа.
3. Жас кезіңде ұмытпа Құдайды,
Шындығы оның жанды баурайды.
Жас шағыңды арна Ехобаға,
Бөлеп жүрегін зор қуанышқа.
(Зәб. 71:17; Ерм. з. 3:27; Ефес. 6:1—3 қараңыз.)