87-ән
Енді біз бір бүтінбіз
1. Шықтың, міне, сен тәнімнен,
Қалыптасып өз сүйегімнен.
Құдай қосқан қосағымсың
Ажырамас менен.
Болдық енді біз бір бүтін
Ант берісіп отасу үшін.
Тек нығайсын антымыз бұл,
Еш жоғалтпай күшін.
Құдайға әр күн қызмет етіп,
Тыңдаймыз оны,
Жетегіне біз еріп.
Сені, сәулем, сүйіп өтем,
Шаттығы мол келсін күн ертең.
Ехобаға алғысым зор
Серік етіп сені берген.
(Мұс. 1-ж. 29:18; Уағ. 4:9, 10; Қор. 1-х. 13:8 қараңыз.)