27-ән
Ехобаның жағына шық
1. Жалған діннің тостағынан ішіп,
Мұң меңдеді бізді адастырып.
Бірақ Патшалық хабарын естіп,
Біз бақыттымыз дестік.
Қайырмасы:
Ехоба жағында
Жүр ақ нұрында.
Еш тастамайды ол
Сені шынында.
Шаттан айтып бейбіт,
Еркіндік хабар.
Мәсіх билігі де
Көп өсім табар.
2. Қуана шаттанамыз бүгінде,
Құдай хабарын айтып бәріне.
Бауырларға медет боп бұл істе,
Мадақ айтамыз күнде.
Қайырмасы:
Ехоба жағында
Жүр ақ нұрында.
Еш тастамайды ол
Сені шынында.
Шаттан айтып бейбіт,
Еркіндік хабар.
Мәсіх билігі де
Көп өсім табар.
3. Шайтаннан біз қорықпаймыз мүлде,
Өйткені Ехоба бізбен бірге.
Жаулар көп, бәрі түсер әуреге,
Жақтасар Құдай бізге.
Қайырмасы:
Ехоба жағында
Жүр ақ нұрында.
Еш тастамайды ол
Сені шынында.
Шаттан айтып бейбіт,
Еркіндік хабар.
Мәсіх билігі де
Көп өсім табар.
(Зәб. 94:14; Нақ. с. 3:5, 6; Евр. 13:5 қараңыз.)