21-ән
Мейірімділер бақытты!
1. Қандай бақытты мейірбан!
Құдай нұрында жайнаған.
Ойлап күллі шыншыл қамын,
Айтып жүр Құдай рақымын.
Құдай шапағатын төгіп,
Ұлын қиды құрбан етіп.
Мейірбан ол момындарға,
Осалдығы бар болса да.
2. Құдай сияқты қайырымды
Пенденің міні шайылды.
Құдай рақымы бұл, әсте,
Иса құнын берді көкте.
Ехобаның мейірімін
Айтып, уағыздайық Сөзін.
Білсін бәрі Патшалықтың
Жуырда нық орнайтынын.
3. Құдай сүйіспеншілігі
Көрсетіледі сот күні.
Өзі де қайырымды болған
Қуанар сонда мейірбан.
Ендеше лайым болайық,
Мейірімді, уа, халайық.
Құдай мен Мәсіх жол салды,
Сол жолдан ауытқымайық.
(Лұқа 6:36; Рим. 12:8; Жақ. 2:13 қараңыз.)