10-ән
“Мен бармын, Ием, мені жібер”
(Ишая 6:8)
1. Қазір жұрт айтып шешімін,
Қорлайды Құдай есімін.
Деп бірі: “Зұлым, ол әлсіз”,
“Құдай жоқ”,— дейді санасыз.
Кім оны батыл жақтайды,
Жұртқа айтып мадақтайды?
“Мен бармын, Ием, мені жібер,
Мадақтаймын жетіп жігер.
Қайырмасы:
Асқан құрмет жоқ, аңғардым,
Мен бармын, Ием, мені жібер”.
2. “Асықпайды Құдай”,— дейді,
Қорқу дегенді білмейді.
Табынады бірі тасқа,
Құдай дейді бірі патша.
Зұлымдар нені байқасын?!
Кім айтар Құдай шайқасын?
“Мен бармын, Ием, мені жібер,
Айтсам батыл, бәрі білер.
Қайырмасы:
Асқан құрмет жоқ, аңғардым,
Мен бармын, Ием, мені жібер”.
3. Аһ ұрды қазір момындар,
Зұлымдықтың көп жолы бар.
Шындықты іздеп сусаған,
Жандар көп өте аңсаған.
Момынды шындықта шыңдар,
Қане, жұбататын кім бар?
“Мен бармын, Ием, мені жібер,
Шын жаным ашып, үйретер.
Қайырмасы:
Асқан құрмет жоқ, аңғардым,
Мен бармын, Ием, мені жібер”.
(Зәб. 10:4; Езек. 9:4 қараңыз.)