Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • kn37 1—4 бет.
  • Жалған діннің ақыры таяп келеді!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жалған діннің ақыры таяп келеді!
  • Жалған діннің ақыры таяп келеді
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Жалған дін...
  • Шынайы дін...
  • Дін атаулымен не болмақ? Киелі кітаптың айтары бар
    Сан түрлі тақырыптар
  • Жалған діндер қалай Құдайды қорлайды?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Жалған діннен бас тарт!
    Сен Құдаймен дос бола аласың!
  • Жалған ғибадаттан аулақ бол!
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Жалған діннің ақыры таяп келеді
kn37 1—4 бет.

«Патшалық туралы хабар» №37

Дүниежүзілік хабар

Жалған діннің ақыры таяп келеді!

▪ Жалған дін деген не?

▪ Ол қалай жойылады?

▪ Жалған дін жойылғанда, сіз аман қаласыз ба?

Жалған дін деген не?

Діннің атынан жасалып жатқан қылмыстарды көргенде мазаланасыз ба? Құдайға қызмет етеміз дейтін адамдардың соғыс пен террорлық әрекеттерге қатысатыны және жемқорлықпен айналысатыны сізге әділетсіздік болып көрінбей ме?

Көбінесе проблемалардың түп тамыры дінде жататын сияқты. Мұның себебі неде? Бұның бәріне кінәлі — дін, атап айтқанда жалған дін. Көпшіліктің құрметіне ие болған тұлға Иса Мәсіх ‘жаман ағаштың жаман жеміс беретіні’ сияқты жалған діннің істері де жаман болатынын айтқан (Матай 7:15—17). Жалған дін қандай жеміс беруде?

Жалған дін...

◼ СОҒЫС ПЕН САЯСАТҚА АРАЛАСАДЫ. Бір журналда: “Азияда және одан басқа жерлерде де билікке тоймайтын дінбасылар халықтың діни көзқарастарын өз мүдделері үшін арсыздықпен пайдалануда”,— деп жазылған болатын. Мұның нәтижесін айта келе, онда: “Көп ұзамай әлемнің астан-кестені шығатын сияқты”,— деп айтылады (Asiaweek). Құрама Штаттарындағы белгілі діни қызметкер: “Терроршылар адам өлтіруін доғарсын десеңдер, оларды өлтіріңдер”,— деген. Оның тапқан шешімі қандай? “Құдайдың атынан олардың бірін қалдырмай қырып салыңдар”,— дейді діни қызметкер. Ал Киелі кітапта, керісінше: “Біреу: — Құдайды сүйемін,— дей тұра, бауырласын жек көрсе, оның өтірікші болғаны”,— деп жазылған (Жоханның 1-хаты 4:20). Иса тіпті: “Жауларыңды жақсы көріңдер!”— деген болатын (Матай 5:44). Сіздіңше, қанша діннің өкілдері соғысқа қатысудан бас тартар еді?

◼ ЖАЛҒАН ІЛІМДІ ТАРАТАДЫ. Діндердің көбісі адам өлгенде, оның көзге көрінбейтін жаны немесе рухы денесінен шығып, әрі қарай өмір сүре береді деп үйретеді. Осылай үйрету арқылы көп дінбасылар аруақтарға арнап дұға айту үшін олардың туыстарынан ақша алады. Алайда Киелі кітапта өлген адамдарға қатысты басқа нәрсе жазылған. “Күнә жасаушы жан өледі” (Езекиел 18:4, ЖД). Иса өлген адамдардың қайта тірілетінін айтқан, ал адамның жаны өлмейтін болса, мұның қажеті болмас еді (Жохан 11:11—25). Сіздің дініңіз адамның жаны өлмейді деп үйрете ме?

◼ АЗҒЫНДЫҚҚА КӨЗ ЖҰМАДЫ. Батыс елдерінде кейбір діни топтар гомосексуалистер мен өзара жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерді дінбасы етіп тағайындайды және үкіметті бір жынысты адамдардың некесін мойындауға шақырады. Тіпті азғындықты айыптайтын шіркеулердің өзі балалармен азғындық жасаған дінбасылардың істеріне көз жұмып отыр. Алайда Киелі кітапта бұған қатысты не айтылады? Онда: “Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер... үшін Құдай Патшалығында орын жоқ!”— деп анық айтылған (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10). Сіз азғындыққа көз жұмып отыра беретін діндерді білесіз бе?

Жаман жеміс беретін діннің болашағы қандай болмақ? Иса: “Жақсы жеміс бермейтін әр ағашты кесіп тастап, отқа жағады”,— деген (Матай 7:19). Иә, жалған діннің кесіліп, жойылатыны шүбәсіз! Бірақ ол қашан және қалай жойылады? Аян кітабының 17 және 18-тарауларында суреттелген пайғамбарлық көріністен осы сұрақтың жауабын білуге болады.

Жалған дін қалай жойылады?

Жеті басы, он мүйізі бар қорқынышты хайуанның үстінде отырған жезөкше әйелді көз алдыңызға елестетіңізші (Аян 17:1—4). Бұл әйел нені бейнелейді? Ол “дүниедегі патшаларға” ықпал етеді. Бұл бай әйел қою күлгін түсті киім киген, әрі хош иісті мүр түтеткен. Бұған қоса ол “сиқырлығымен күллі халықтарды алдап” отыр (Аян 17:18; 18:12, 13, 23). Киелі кітапта оның дүниежүзілік діни ұйымды бейнелейтіні көрсетілген, яғни ол бір дінді ғана емес, жаман жеміс беретін барлық діндерді бейнелейді.

Жезөкше әйел мінген айуан осы дүниедегі саяси күштерді бейнелейдіa (Аян 17:10—13). Осы саяси айуанның үстінде отырған жалған дін оның шешімдері мен билігіне барынша ықпал етуге тырысады.

Алайда жақында таңғаларлық өзгерістер болмақ. “Он мүйіз де, айуан да опасыз әйелді жек көреді. Сондықтан оны елсіз дара, тыр жалаңаш қалдырып, талан-таражға салып, тәнін жалмап, отпен тып-типыл етпек” (Аян 17:16). Саяси күштер күтпеген жерден басқаларды таңғалдырып, жалған дінге тап береді де, оны түп тамырымен жойып жібереді. Олардың бұлай етуіне не түрткі болады? Аян кітабында мұның себебі түсіндіріледі: “Құдай олардың жүректеріне әсер етіп, өз мақсатын жүзеге асыртқызады” (Аян 17:17). Иә, Құдай жалған дінді оның атынан жасалған барлық жиіркенішті істері үшін жауапқа тартады. Ол өзінің мүлтіксіз әділдігімен жалған діннің саяси көңілдесін оны жазалайтын құрал ретінде қолданбақ.

Жалған дін жойылғанда аман қалу үшін, сіз не істеуіңіз керек? Құдайдың хабаршысы: “Одан шық, халқым Менің, одан шық!”— дейді (Аян 18:4). Иә, қазір жалған діннен қашып шығатын уақыт! Алайда одан қашып қайда баруға болады? Атеизмге ме? Жоқ, себебі оның да болашағы жоқ (Салониқалықтарға 2-хат 1:6—9). Нағыз пананы шынайы дін ғана бере алады. Бірақ шынайы дінді қалай анықтауға болады?

Шынайы дінді қалай анықтауға болады

Шынайы дін қандай жақсы жеміс беруі керек (Матай 7:17)

Шынайы дін...

◼ СҮЙІСПЕНШІЛІГІМЕН ТАНЫМАЛ. Құдайға шынайы ғибадат етушілер — “осы күнәкар дүниенің адамдары емес”, олар нәсілге не мәдениетке қарап бөлінбейді, әрі ‘өзара сүйіспеншілік’ танытады (Жохан 13:35; 17:16; Елшілердің істері 10:34, 35). Олар бір-біріне қару көтермейді, керісінше бірі үшін бірі өлуге дайын (Жоханның 1-хаты 3:16).

◼ ҚҰДАЙ СӨЗІНЕ СЕНІМ АРТАДЫ. Шынайы дін ‘дәстүрлер’ мен “адам баласы шығарған ережелерді” емес, Құдай Сөзіндегі, яғни Киелі кітаптағы ілімдерді үйретеді (Матай 15:6—9). Неге? Себебі “Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылып, тәлім беру, әшкерелеу, түзету... үшін тиімді” (Тімотеге 2-хат 3:16).

◼ ОТБАСЫН НЫҒАЙТАДЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ҚҰЛЫҚТЫЛЫҚ НОРМАЛАРЫН ҰСТАНУҒА ШАҚЫРАДЫ. Шынайы дін күйеулерге ‘жұбайларын өз тәніндей жақсы көруді’ үйретеді, әйелдерге ‘күйеулерін құрметтеуге’ көмектеседі, ал балаларды ‘әке-шешелерінің тілін алуға’ шақырады (Ефестіктерге 5:28, 33; 6:1). Оның үстіне, жауапкершілігі бар адамдар басқаларға құлықтылық жағынан үлгі көрсетулері керек (Тімотеге 1-хат 3:1—10).

Осы талаптарға сай келетін дін бар ма? 2001 жылы жарияланған бір кітапта былай жазылған: “Егер Ехоба Куәгерлерінің айтқандарын орындап, үлгісіне еретін адамдар көбейсе, холокост деген болмас еді, ал геноцид бұдан былай жер бетін қан қақсатпас еді” (Holocaust Politics).

Иә, Ехоба Куәгерлері 235 елде Киелі кітаптың құлықтылық нормалары туралы уағыздап қана қоймай, өздері де осы нормалар бойынша өмір сүреді. Құдайға ғибадат етудің дұрыс жолын білу үшін, сізді Ехоба Куәгерлерінің көмегіне жүгінуге шақырамыз. Кідірмеңіз. Қазір әрекет ететін уақыт! Жалған дін жойылатын кез жақын! (Софония 2:2, 3)

Ехоба Куәгерлері уағыздап жүрген Киелі кітаптағы хабар туралы көбірек білгіңіз келсе, олармен төмендегі мекен-жай бойынша байланысыңыз.

□ Маған “Сергек болыңдар!” кітапшасын

□ Маған үй жағдайында Киелі кітап зерттеуге көмектесулеріңізді өтінемін.

[Сілтемелер]

a Бұл жайында Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Аян. Оның салтанатты шарықтау шегі жақын!” (ор.) деп аталатын кітаптан көбірек біле аласыз.

[3-беттегі сөздер]

Жалған дін “дүниедегі патшаларға” ықпал етеді

[3-беттегі сөздер]

“Одан шық, халқым Менің, одан шық!”

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу