Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bh 199-б.—201-б., 4-абз.
  • Иса — уәде етілген Мәсіх

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса — уәде етілген Мәсіх
  • Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіх жайлы пайғамбарлықтар Исаның Мәсіх болғанын дәлелдей ме?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Мәсіх жайлы алдын ала айтылған
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Олар Мәсіхті күтті
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иса Мәсіх — Құдай туралы білімнің кілті
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
Көбірек мәлімет
Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
bh 199-б.—201-б., 4-абз.

ҚОСЫМША

Иса — уәде етілген Мәсіх

МӘСІХТІҢ кім екенін анықтай алуымыз үшін Ехоба Құдай рухының жетелеуімен өзінің пайғамбарларына сол уәде етілген Құтқарушының туылуы, қызметі және өлімі жайлы жайттарды жаздыртқан. Киелі кітаптағы осы пайғамбарлықтардың барлығы Иса Мәсіхтің өмірінде орындалды. Олардың тура әрі бүге-шігесіне дейін орындалғаны таң қалдырады. Бұған мысал ретінде Мәсіхтің туылуы мен балалық шағына қатысты пайғамбарлықтардың кейбірін қарастырып көрейік.

Ишая пайғамбар Мәсіхтің Дәуіт патшаның ұрпағынан шығатынын алдын ала айтты (Ишая 9:7). Расында да, Иса Дәуіттің әулетінен шықты (Матай 1:1, 6—17).

Миха деген пайғамбар бұл баланың Бетлехем-Ефратада дүниеге келіп, ақыр соңында билеуші болатынын алдын ала айтты (Миха 5:2). Иса туылған заманда Исраилде Бетлехем атты екі қала болған. Оның бірі елдің солтүстігіндегі Назарет қаласының жанында, ал екіншісі Иерусалимге жақын жерде, Яһудеяда, орналасқан еді. Иерусалимнің жанындағы Бетлехем бір кездері Ефрата деп аталған. Пайғамбарлықта айтылғандай, Иса дәл сол қалада туылды (Матай 2:1).

Киелі кітаптағы басқа бір пайғамбарлықта Құдай Ұлының “Мысырдан” шақырып алынатыны айтылған. Исаны нәресте кезінде Мысырға әкеткен болатын. Ирод патшаның өлімінен кейін ол қайта әкелінеді, осылайша пайғамбарлық орындалды (Ошия 11:1; Матай 2:15).

“Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтар” деп аталатын кестедегі “Пайғамбарлық” деген сөздің астында Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтар жазылған тармақтар көрсетілген. Оларды “Орындалуы” деген сөздің астындағы Жазба орындарымен салыстырып көрші. Осылайша Құдай Сөзінің шынайылығына сеніміңді нығайтасың.

Келтірілген Жазба орындарын салыстырғанда, мынаны есіңде ұста: бұл пайғамбарлықтар Исаның туылуынан жүздеген жыл бұрын жазылған. Иса былай деді: “Мұса Заңында пайғамбарлар жазбалары және Зәбүрде мен жайлы жазылғандар түгел орындалуы тиіс” (Лұқа 24:44). Иә, Киелі кітаптан көрініп тұрғандай, олардың бәрі бүге-шігесіне дейін орындалды!

МӘСІХКЕ ҚАТЫСТЫ ПАЙҒАМБАРЛЫҚТАР

ОҚИҒА

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ

ОРЫНДАЛУЫ

Яһуда руынан шыққан

Мұсаның 1-жазбасы 49:10

Лұқа 3:23—33

Пәк қыздан туылған

Ишая 7:14

Матай 1:18—25

Дәуіт патшаның ұрпағы

Ишая 9:7

Матай 1:1, 6—17

Ехобаның өзі Ұлы екенін жариялаған

Зәбүр 2:7

Матай 3:17

Көп адам оған сенбеді

Ишая 53:1

Жохан 12:37, 38

Иерусалимге тайқарға мініп кірді

Зәкәрия 9:9

Матай 21:1—9

Шәкірттерінің бірі опасыздық жасады

Зәбүр 41:9

Жохан 13:18, 21—30

Отыз күміс теңгеге сатылды

Зәкәрия 11:12

Матай 26:14—16

Айыптаушыларына үн қатпады

Ишая 53:7

Матай 27:11—14

Киімдері үшін жеребе салынды

Зәбүр 22:18

Матай 27:35

Бағанада ілініп тұрғанда, оны келеке етеді

Зәбүр 22:7, 8

Матай 27:39—43

Оның ешбір сүйегі сындырылмады

Зәбүр 34:20

Жохан 19:33, 36

Мәйіті бай адамның қабіріне қойылды

Ишая 53:9

Матай 27:57—60

Тәні шірімес бұрын тірілтілді

Зәбүр 16:10

Елшілердің істері 2:24, 27

Құдайдың оң жағына отырды

Зәбүр 110:1

Елшілердің істері 7:56

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу