Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bh 3—7 бет.
  • Құдайдың еркі осы ма еді?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайдың еркі осы ма еді?
  • Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Тақырыпшалар
  • КИЕЛІ КІТАП ҚҰДАЙ КЕЛЕСІ НӘРСЕЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ ДЕП ҮЙРЕТЕДІ
  • КИЕЛІ КІТАП ІЛІМДЕРІНІҢ ПАЙДАСЫ
Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
bh 3—7 бет.

Құдайдың еркі осы ма еді?

КЕЗ КЕЛГЕН газетті оқы, мейлі, теледидар қара немесе радио тыңда — негізінен естіп-көретінің қылмыс, соғыс, терроризм жөніндегі мәлімет. Ал өз қиыншылықтарың турасында ойлап көрші. Бәлкім, жақын адамыңның науқасы немесе өлімі жаныңа батып жүрген болар. Сен өзіңді: “Әбден жер болып, азап шегудемін”,— деп айтқан адал кісі Әйүп сияқты сезінетін шығарсың (Әйүп 10:15).

Өзіңнен былай деп сұрашы:

  • Құдайдың маған және бүкіл адам баласына қатысты еркі осы ма еді?

  • Қиыншылықтармен күресуге кім көмектеседі?

  • Бір кездері жер бетінде бейбітшілік орнайды деп күтуге бола ма?

Киелі кітаптан осы сұрақтарға қанағаттандырарлық жауап табуға болады.

КИЕЛІ КІТАП ҚҰДАЙ КЕЛЕСІ НӘРСЕЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ ДЕП ҮЙРЕТЕДІ

“Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).

“Ақсақ адам еліктей секіреді” (Ишая 35:6).

“Зағиптардың көздері ашылады” (Ишая 35:5).

“Қабірдегілердің бәрі... шығады” (Жохан 5:28, 29).

“Ешкім: Мен науқаспын демейтін болады” (Ишая 33:24).

“Жер бетіне астық мол шығады” (Зәбүр 72:16).

Жер беті Құдайдың ниетіне сай өзгерді. Кәрілер жасаруда, аурулар мен соқырлар сауығуда, марқұмдар қайта тірілуде, аста-төк молшылық

КИЕЛІ КІТАП ІЛІМДЕРІНІҢ ПАЙДАСЫ

Осының алдындағы беттерде келтірілген жайттарды орындалмайтын арман деп қарастыруға асықпа. Құдай соның бәрін жүзеге асыруды уәде етеді, әрі Киелі кітапта Құдайдың мұны қалай істейтіні түсіндіріледі.

Екі ер кісі “Киелі кітап үйретеді” кітабының көмегімен Құдай Сөзін зерттеп отыр

Бірақ Киелі кітаптан алар пайдамыз бұл ғана емес. Онда шынымен қанағаттандырарлық өмірдің кілті бар, әрі оны тіпті қазірдің өзінде қолдануыңа болады. Өзіңнің уайым-қайғың мен қиындықтарың туралы ойлап көрші. Олар әртүрлі болуы мүмкін: қаржы тапшылығы, отбасындағы қиындықтар, ауыр науқас немесе жақын адамыңның өмірден өтуі. Киелі кітап қиыншылықтарға төтеп беруіңе көмектеседі, сондай-ақ одан төменде келтірілген сұрақтардың жауабын табасың, әрі сол арқылы жеңілдік сезінесің.

  • Неге біз жапа шегеміз?

  • Қалай уайымға салынбауға болады?

  • Отбасы өмірін қалай бақытты етуге болады?

  • Өлген соң адаммен не болады?

  • Өмірден өткен сүйікті адамдарымызды қайта көреміз бе?

  • Құдайдың болашаққа қатысты берген уәделерін орындайтынына қалай сенімді бола аламыз?

Осы кітапты оқып отырғаныңнан Киелі кітаптың неге үйрететінін білгің келетіні көрінеді. Бұл кітап саған зор көмек болады. Байқасаң, әр беттің төменгі жағында абзацтарға сұрақтар берілген. Миллиондаған адам Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты сұрақ-жауап ретінде талқылайды. Мұндай тәсіл саған да ұнайды деп үміттенеміз. Киелі кітаптың шын мәнінде неге үйрететінін зерттеуің қызықты әрі қанағаттандырарлық болу үшін Құдай батасын бергей.

КИЕЛІ КІТАППЕН ЖАҚСЫРАҚ ТАНЫС

КИЕЛІ КІТАП 66 кітапша мен хаттан тұрады. Қолдану оңай болу үшін олар тараулар мен тармақтарға бөлінген. Осы кітапта келтірілген жазба орындарындағы кітапшаның не хаттың атауынан кейінгі бірінші сан тарауды, ал екіншісі тармақты көрсетеді. Мысалы, “Тімөтеге 2-хат 3:16” деген Тімөтеге арналған екінші хат, 3-тарау, 16-тармақ дегенді білдіреді.

Келтірілген тармақтарды ашып отыратын болсаң, Киелі кітапты қолдануды тез-ақ үйреніп аласың. Киелі кітапты күнделікті оқығанның да көмегі зор. Неге солай етіп көрмеске? Егер күніне 3—5 тараудан оқитын болсаң, Киелі кітапты бір жылдың ішінде оқып бітіруге болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу