Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 49-саб., 255-б.—257-б., 3-абз.
  • Салмақты дәлелдер келтір

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Салмақты дәлелдер келтір
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап тармақтарына алғы сөз айту
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Киелі кітап тармақтарын дұрыс түсіндір
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Баяндамаңда тыңдаушыларың үшін пайдалы мәлімет болсын
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Тыңдаушыларды Киелі кітаптарын ашып отыруға талпындыр
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 49-саб., 255-б.—257-б., 3-абз.

49-САБАҚ

Салмақты дәлелдер келтір

Не істеуің керек?

Сөзіңді көз жеткізетін айғақтармен раста.

Бұл неге маңызды?

Тыңдаушыларың шындығына көздері жетпейінше, айтқандарыңа сенбейді, не оған сай әрекет етуге талпынбайды.

ҚАНДАЙ да бір тұжырымды сөз айтсаң, тыңдаушыларың: “Неге бұл осылай? Айтқандарға қосылуыма қандай негіз бар?”— деп сұрауға толық құқылы. Тәлім беруші ретінде тыңдаушыларға осындай сұрақтарға жауап беру не жауаптарды өздерінің табуына көмектесу міндетің бар. Егер ең негізгі ойлардың бірін айтатын болсаң, онда міндетті түрде оны растайтын салмақты дәлелдер келтір. Бұл сөздеріңнің нанымды болуына ықпал етеді.

Елші Пауыл тыңдаушыларын сендіруге тырысқан. Ол салмақты дәлелдердің, қисынды ой түзу мен салмақтап айтылған өтініш пен шақырулар арқылы адамдардың пікірі мен көзқарастарын өзгертуге талпынған. Бұл — біз үшін керемет үлгі (Ел. іс. 18:4; 19:8). Кейбір сөзге шешен адамдар сендірудің әр түрлі жолдарын қолданып, адамдарды алдап, адастырады (Мат. 27:20; Ел. іс. 14:19; Қол. 2:4). Олар біле тұра, жалған, әділ деуге келмейтін мәлімет көздеріне жүгінеді, әрі негізсіз дәлелдер келтіріп, өз көзқарастарын жоққа шығаратын деректерден қашқақтайды да, ақылға жүгіндірместен, сезімдеріне әсер еткісі келеді. Осындай тәсілдердің бәрінен біз аулақ болуымыз керек.

Құдай Сөзіне берік негізделген дәлелдер. Біз өз ойымыздан шыққан нәрселерді үйретпеуіміз керек. Адамдарға Киелі кітаптан өзіміз білген нәрселерді айтамыз. Бұл жерде Жазбаларды мұқият зерттеуге талпындыратын адал да ақылды құлдың беріп отырған әдебиеттерінің көмегі өте зор. Біз де, өз кезегінде, адамдардың назарын Киелі кітапқа аударамыз. Мұны істеуде өзіміздің дұрыстығымызды дәлелдеуге тырыспай, кішіпейілділікпен оларға Киелі кітапта не жазылғанын өз көздерімен көруге мүмкіндік береміз. Біз Иса Мәсіхтің: “Сенің сөзің — шындық”,— деп әкесіне айтқан дұғасына қосыламыз (Жох. 17:17). Ехоба Құдай — көк пен жердің Жаратушысы, ең жоғары беделге ие. Сондықтан келтірген дәлелдеріміздің дұрыстығы оның Сөзіне негізделген бе, жоқ па, соған байланысты.

Кейде Киелі кітаппен таныс емес не оны Құдай Сөзі деп есептемейтіндермен сөйлесуге тура келеді. Сондықтан Киелі кітаптың тармағын қашан және қалай қолдануды білу үшін қырағылық қажет. Дегенмен де, адамның көңілін сол беделді мәлімет көзіне мүмкіндігінше ертерек аударуға тырыс.

Бірақ орынды болатын Киелі кітаптың тармағының өзі бұлтартпастай дәлел бола алады деп айтуға бола ма? Барлық уақытта емес. Кейде тармақтың айтқандарыңды растайтынына көз жеткізу үшін мәнмәтінге назар аудару керек болады. Егер тармақтағы принципті ғана алып, ал мәнмәтінде басқа нәрсе айтылған болса, онда көбірек дәлел келтіруің қажет болады. Айтып жатқандарың Киелі кітапқа толық негізделгеніне тыңдаушыларың сену үшін, бәлкім, сол тақырыпқа қатысты өзге бір Жазба орындарын көрсеткенің жөн болар.

Жазба орны бір нәрсені дәлелдемесе де, оны дәлелдеп жатқандай етіп сөйлеуден аулақ бол. Тармақтарды мұқият оқып шық. Бәлкім, жалпы тақырыбыңа тармақтың қандай да бір қатысы бар шығар, бірақ келтіріп жатқан дәлеліңе пікірлесушің сену үшін, айтып жатқандарыңды тармақтың дәлелдеп тұрғаны оған нақты көріну керек.

Қосымша дәлелдер. Кейбір жағдайларда адамдарға Киелі кітапта айтылғандардың ақылға қонымды екенін көрсету үшін өзге мәлімет көздерін қолдануға болады.

Мысалы, Әлемнің көзге көрінетін бөлігі Жаратушының бар екеніне дәлел бола алады. Табиғат заңдарына, мысалы тартылыс заңына, назар аударып, ой жүгіртіп көр: егер табиғат заңдары бар болса, онда Заң шығарушының да болуы қисынды емес пе? Егер қисынды ой түзуің Құдай Сөзіне сай келсе, олардың дұрыстығына күмәнданбасаң да болады (Әйүп 38:31—33; Заб. 18:2; 103:24; Рим. 1:20). Мұндай дәлелдер өте пайдалы, өйткені Киелі кітапта айтылғандардың көрер көзге айқын айғақтармен сай келетінін көрсетеді.

Ал егер адамға Киелі кітаптың шынымен Құдай Сөзі екеніне көз жеткізуге көмектесу керек болса ше? Киелі кітапты зерттеуші ғалымдардың айтқан сөздерін келтірсең болады, бірақ бұл айтарлықтай дәлел бола ма? Ғалымдардың сөздері оларды бедел тұтатындарға ғана көмек бола алады. Киелі кітапта жазылғандардың шындық екенін ғылымның көмегімен дәлелдеуге бола ма? Ғалымдардың, яғни кемелсіз адамдардың пікірлерін дәлел ретінде келтіру — нашар негізге қалағанмен пара-пар. Ал егер сөзіңді Құдай Сөзінде айтылғаннан бастап, кейін Киелі кітаптың дәлдігін растайтын ғылыми жаңалықтарға жүгінсең, дәлелдерің берік негізге қаланған болады.

Не нәрсені дәлелдемекші болсаң да, келтірген дәлелдерің жеткілікті болу керек. Олардың саны тыңдаушыларыңа байланысты. Мысалы, соңғы күндер жайлы айтылған Тімотеге 2-хат 3:1—5 дейінгі тармақтарды талқылап жатырсың делік. Тыңдаушыларыңа адамдардың ‘ешкімді сүймейтіндігін’ көрсететін бәріне мәлім жаңалықтардан мәліметтер айтсаң болады. Біздің күнімізде соңғы күндердің белгісінің осы бөлігінің орындалып жатқанын дәлелдеу үшін осындай бір мысал жеткілікті болады.

Кейде аналогияны, яғни ортақ ұқсастығы бар екі затты не құбылысты салыстыруды, қолдану да пайдалы. Аналогия өздігінен дәлел бола алмайды және оның дұрыстығын Киелі кітаптың көмегімен тексеріп көру қажет. Әйтсе де, ол адамға қандай да бір ойдың ақылға қонымды екенін көруге көмектеседі. Мысалы, Құдай Патшалығының үкімет екенін түсіндіргенде, оны адамдардың үкіметтерімен салыстыруға болады: Құдай Патшалығының да адамзат үкіметтері сияқты басқарушылары, қол астындағы азаматтары, заңдары, сот және білім беру жүйесі бар.

Киелі кітап кеңестерін ұстанудың даналыққа жататынын өмірден алынған мысалдармен көрсетуге болады. Кейде өз тәжірибеңнен алынған мысал да дәлел бола алады. Мысалы, Киелі кітапты оқу мен зерттеудің қаншалықты маңызды екенін айтқанда, мұның өз өміріңді қалай жақсартқанын айтып берсең болады. Бір сенімдегілерді жігерлендіргенде, елші Петір өзі куә болған Исаның түрінің өзгерісі туралы айтып өткен (Пет. 2-х. 1:16—18). Пауыл да өзімен болған жайттарды айтып берген (Қор. 2-х. 1:8—10; 12:7—9). Бірақ өзіңе тым көп назар аудармас үшін өміріңнен алынған мысалдарды анда-санда ғана айт.

Адамдардың ойлау қалпы да, шыққан орталары да әр түрлі болғандықтан, бірінің көзін жеткізген нәрсе екіншісіне нанымды болмауы мүмкін. Сондықтан қандай дәлелдерді келтіріп, оларды қалай жеткізуді ойластырғанда, тыңдаушыларыңның көзқарасын ескер. Нақыл сөздер 16:23-те (ЖД): “Дана адамның жүрегі сөздерін ақылға қонымды етіп, айтқандарына сенімділік қосар”,— делінген.

АЙТҚАНДАРЫҢ СЕНІМДІ БОЛУ ҮШІН

  • Жай ғана айтып қоя салмай, сөзіңді, әсіресе, маңызды ой болса, салмақты дәлелдермен раста.

  • Дәлелдерің Жазбаларға берік негізделген болу керек.

  • Мақсатыңды және тыңдаушыларыңды ескеріп, қосымша дәлелдер келтір.

ЖАТТЫҒУЛАР: 1) Егер өз тіліңде бар болса, “Жазбалар туралы пікір алысу” кітабындағы “Иса Мәсіх” деген тақырыпты аш. Келтірілген жауаптарда Киелі кітапқа қалай баса назар аударылғанына мән бер. 2) “Күзет мұнарасы” не “Ояныңдар!” журналының бір санындағы кіріспе мақалаларын зерттеп шық. Онда талқыланған бірнеше негізгі ойды таңдап ал. Негізгі Жазба орындарының астын сызып, қосымша дәлелдерді белгіле.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу