Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 41-саб., 226-б.—229-б., 1-абз.
  • Түсінікті етіп сөйле

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Түсінікті етіп сөйле
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Түсінікті сөйлеу
    Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
  • Баяндамаңда тыңдаушыларың үшін пайдалы мәлімет болсын
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Көпшілікке арналған баяндаманы дайындау
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Шындықты қарапайым етіп жеткіз
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 41-саб., 226-б.—229-б., 1-абз.

41-САБАҚ

Түсінікті етіп сөйле

Не істеуің керек?

Өзгелер айтып жатқандарыңның мағынасын тез әрі жеңіл түсінетіндей етіп сөйле.

Бұл неге маңызды?

Сөзің түсінуге неғұрлым жеңіл болса, тыңдаушыларың үшін де пайдасы соғұрлым көп болады.

СӨЙЛЕГЕНДЕ жай ғана мәліметті айтып қоя салумен шектелме. Тыңдаушыларыңа түсінікті болатындай етіп сөйлеуге тырыс. Сонда кездесуде сөйлегенде де, Куәгер емес адамдармен әңгімелескенде де, айтқандарыңды дұрыс түсінетін болады.

Түсінікті сөйлеу дегеннің қыры көп. Оның кейбірі “Материалды қисынды етіп реттеу” деп аталатын 26-сабақта, ал басқасы “Өзгелерге көңіл бөл” деп аталатын 30-сабақта қарастырылады. Бұл сабақта да бірнеше жайтты талқылаймыз.

Қарапайым сөздерді қолдану, қарапайым етіп баяндау. Қарапайым сөздер мен қарапайым құрастырылған сөйлемдер ойды күштірек жеткізеді. Исаның Таудағы уағызы — дүниенің төрт бұрышындағы адамдардың бәріне де түсінікті баяндаманың ең ғажайып үлгісі. Ондағы ойлар олар үшін жаңа болуы мүмкін, бірақ мағынасы түп-түсінікті, өйткені Иса бәрін де қызықтыратын нәрселерді: бақытты болудың жолы, өзгелермен қарым-қатынасты қалай жақсартуға, уайымға қалай салынбау мен өмірдің мағынасын қалай табуға болатыны жайлы айтқан. Оның үстіне, ол өте қарапайым тілмен сөйлеген (Мат. 5—7 тар.). Әрине, Киелі кітапта ұзақтығы да, құрылымы да әр түрлі сөйлемдер кездеседі. Сенің ең басты мақсатың — ойды анық, түсінікті етіп айту.

Тіпті материалың ауыр болса да, оны қарапайым етіп баяндай отырып, тыңдаушыларыңа түсінуге көмектесесің. Материалды қалайша қарапайым етіп баяндауға болады? Тыңдаушыларыңа қажетсіз ұсақ-түйек нәрселерді көп келтіре берме. Материалыңды негізгі ойларды толықтыратындай етіп ретте. Негізгі Жазба орындарын мұқият ірікте. Бір тармақтан екіншісіне өтуге асықпа: әрқайсысын оқып, талқыла. Көп сөзділіктен қаш, әйтпесе, жақсы ойдың өзі көмескіленіп қалады.

Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізгенде де, осы принциптерді қолдануға болады. Киелі кітапты зерттеп жатқан адамға бәрін түгелімен түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Оған ең негізгі ойды түсінуге көмектес, ал кейінірек жеке зерттеу жүргізгенде не кездесулерде білімін толықтырып алады.

Материалды қарапайым баяндау үшін жақсы дайындық қажет. Талқылайтын сұрақты өзгелерге түсінікті еткің келсе, алдымен оны өзің жете түсініп алуың керек. Адам бірдеңені өзі жақсы түсініп тұрса, оның басқаша емес, неге дәл солай екенін өз сөзімен түсіндіре алады.

Таныс емес терминдерді түсіндір. Кейде айтқандарың түсінікті болу үшін таныс емес терминдерді түсіндіру керек болады. Тыңдаушыларыңды тым білімді деп есептеме, бірақ жаңа мәліметтерді ұғуға деген қабілеттерін де бағаламай жүрме. Киелі кітапты зерттеп жүргендіктен, кейде өзгелерге таныс емес терминдерді қолдануың мүмкін. Ехоба Куәгерлерімен араласып жүрмегендерге “тамтық”, “адал да ақылды құл”, “басқа қойлар” және “өте үлкен тобыр” деген сөздер мен тіркестердің белгілі бір адамдар тобын білдіретінін айтпайынша түсінбейді (Рим. 9:27; Мат. 24:45, ЖД; Жох. 10:16; Аян 7:9). Сол сияқты Ехоба Куәгерлерінің ұйымымен таныс емес адам “жариялаушы”, “ізашар”, “аудандық бақылаушы” және “Еске алу кеші” дегендердің мағынасын түсінбеуі мүмкін.

Бірақ Куәгерлерден басқа адамдар да кеңінен қолданатын Киелі кітаптағы сөздерді түсіндіру қажет болатын жағдайлар да аз емес. Мысалы, көпшілігі “Һар-Магедон” дегенді ядролық соғыс деп түсінеді. Ал “Құдай Патшалығы” дегенді олар үкімет деп емес, өлгеннен кейінгі көктегі өмір немесе жүректің күйі деп біледі. “Жан” деген сөзді айтқанда, көбісі адам өлгенде денеден ұшып шығатын қандай да бір рухты айтып тур деп ойлайды. Ал миллиондаған адамдарды “киелі рухты” Үштіктің бір бөлігі болып табылатын тұлға деп үйреткен. Сонымен қатар көпшілігі Киелі кітаптағы құлықтылық нормаларын ұстанбайтындықтан, ондағы “азғындықтан аулақ болыңдар” деген сөздердің де мағынасын біреу түсіндірмейінше, түсінбеуі әбден мүмкін (Қор. 1-х. 6:18).

Егер адам Құдай Сөзін үнемі оқып жүрмеген болса, “Мұса жазған” не “Жүніс айтқан” деген сөздердің төркінін түсінбей, досының не көршісінің есімі сондай шығар деп қалуы ықтимал. Сондықтан олардың Киелі кітапты жазуға қатысқан адамдар екенін қосымша айта кету керек болады.

Тыңдаушыларға ертедегі әдет-ғұрыптар не өлшем бірліктер жайлы айтылған Жазба орындарын түсінуге көмектесу қажет болып жататын кездер де болып тұрады. Мысалы, Нұхтың кемесінің ұзындығы 300 шынтақ, ені 50 шынтақ, ал биіктігі 30 шынтақ болған деп айтып қоя салғаннан қазіргі адамдар көлемінің қандай болғанын түсіне қоймас (Жар. 6:15). Ал егер жергілікті жердегі қандай да бір үлкен ғимаратпен салыстырсаң, тыңдаушыларың кеменің қандай болғанын бірден елестете алады.

Тағы нені түсіндіру керек? Кейде қандай да бір сұрақты түсіндіру үшін кейбір терминдерге анықтама беріп қоя салған жеткіліксіз болады. Езраның күндерінде Иерусалимде Заңды оқумен қатар оны түсіндіріп отырған. Заңның мәнісі халыққа түсінікті болу үшін, леуіліктер оқығандарын түсіндірген және сол кездегі тұрмыс-жағдайға қалай қолдануға болатынын көрсеткен (Нех. 8:8, 12). Дәл сол сияқты сен де оқыған тармақтарыңды түсіндіруге, олардың қолданылуын көрсетуге уақыт бөл.

Қайта тірілгеннен кейін Иса шәкірттеріне болған жайттың бәрі Жазбалардағы пайғамбарлықтардың орындалуы екенін түсіндірген. Сонымен қатар осылардың куәсі ретінде олардың не істеу керектігіне де баса назар аударған (Лұқа 24:44—48). Егер үйреткендерің өмірлеріне қалай әсер ету керектігін көрсетсең, адамдар оның мәнісін жақсырақ түсінеді.

Түсінік пен жүректің қандай байланысы бар? Айтылғанды түсіну материалдың жақсы баяндалғанына ғана байланысты емес. Егер адамның жүрегі ашық болмаса, айтылғандардың мәнісін ұғуы қиын болады (Мат. 13:13—15). Әр нәрсеге тек пенденің көзімен қарайтындар үшін рухани түсініктер ақымақтық болып табылады (Қор. 1-х. 2:14). Сөйлесіп тұрған адамыңнан осындай рух байқасаң, бәлкім, әңгімені осы жолы доғара тұрғаның абзал болар.

Кейде тұрмыс тауқыметінен де адам жүрегі шындықты қабылдамайтын кездер болады. Егер мұндай адамға шындықты біраз уақыт бойы естуге мүмкіндік берілсе, бірде болмаса, бірде шындықты қабылдауы мүмкін. Иса өзін қамшымен сабалайтынын және өлтіретінін елшілеріне айтқанда, олар мұны түсінген жоқ. Неліктен? Өйткені олар мұны күткен де, тіпті қалаған да жоқ еді! (Лұқа 18:31—34). Бірақ уақыт өте, елшілердің он бірі Исаның айтқандарын түсінді, әрі мұнысын оның үйреткендеріне сай әрекет етулерімен көрсетті.

Жақсы үлгі маңызды. Адамдардың бір нәрсені түсінуіне сөздер ғана емес, істер де көмектеседі. Көп адамдар Патшалық Сарайына алғаш келгенде, кездесулерде айтылғандар емес, сол жерде көрсетілген сүйіспеншіліктің естерінде қалғанын айтқан. Сол сияқты көпшілігі Киелі кітаптағы шындықты біздің көңілді, қуанышты жүргенімізді көріп қабыл алған. Кейбіреулер Ехоба Куәгерлерінің діні шынайы екеніне олардың бір-біріне деген мейірімділіктері мен бақытсыздыққа ұшырағанда өзгелерге де қамқорлық көрсеткендерін көріп көз жеткізген. Олай болса, адамдарға Киелі кітаптағы шындықты түсінуге көмектесуге талпынғаныңда, қалай түсіндіретінің мен қандай үлгі көрсететінің жайлы да ойлан.

ТҮСІНІКТІ ЕТІП СӨЙЛЕУ ҮШІН

  • Қарапайым тілмен сөйле; негізгі ойларды қысқа, қарапайым сөйлемдермен айт.

  • Айрықшалап көрсететін негізгі ойлар көп болмау керек.

  • Тыңдаушыларыңа таныс емес терминдерді түсіндір.

  • Жазба орындарын түсіндіру мен қалай қолданылатынын көрсетуге уақыт бөл.

  • Жүріс-тұрысың тыңдаушыларыңа қалай әсер ететіні жайлы ойлан.

ЖАТТЫҒУ: Осы аптада қауым кездесуінде өзіңе ұнаған ойларды Куәгер емес біреуге, мысалы туысқаныңа, қызметтесің не сыныптасыңа, айтып беруге тырыс. Адамға таныс емес барлық терминдерді түсіндіруді естен шығарма.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу