«Патшалық туралы хабар» №36
Жаңа мыңжылдық. Келешектен не күтесіз?
Жаңа мыңжылдық жаңа дәуірдің басы ма?
1999 жылғы желтоқсанның 31 жұлдызының түн жарымында XX ғасыр аяқталдыa. Ол ғасырда көптеген қайғылы оқиғалар болды. Сонымен қатар ол ғасырда жаңа технология өркендеді, медицина керемет жетістіктерге жетті, ақпарат тасқындай атқылады, бүкіл дүниежүзілік экономика күшті қарқынмен өсті. Сондықтан көптеген адамдар жаңа мыңжылдықты үміт пен өзгерістің белгісі ретінде қарсы алды. Бұл мыңжылдықта соғыс, қоршаған ортаны ластау, кедейлік және ауру жойылар ма екен?
Көпшілігі жойылады деп үміттенеді. Бірақ жаңа мыңжылдықта сіз және сіздің отбасыңыз қауіпсіздікте өмір сүретіндей жақсы өзгерістер болуы қаншалықты мүмкін? Күнделікті көріп жүрген қиыншылықтардың кейбіреулерін ғана алып, олардың қаншалықты кең тарағаны жайлы ойланып көрейікші.
Қоршаған ортаның ластануы
Өнеркәсібі дамыған елдер “қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіріп, барлық жерді ластап, экологиялық жүйеге нұқсан келтіруде”. Егер осылай кете беретін болса, “қоршаған орта бүлінген үстіне бүліне түседі”. (Global Environment Outlook—2000, БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы.)
Ауру
“Дамушы елдерде бүгінгі күні жұқпайтын аурулар әр он өлімнің жартысынан азына ғана себеп болып жатса, 2020 жылы осы аурулар әр он өлімнің жетеуіне себеп болады деп күтілуде” (The Global Burden of Disease, Гарвард университетінің басылымы, 1996).
Кейбір мамандардың айтуы бойынша, ‘2010 жылы [ЖҚТБ/СПИД] індеті кең жайылған 23 елдің халқы 66 миллионға кемиді (Confronting AIDS: Evidence From the Developing World, Еуропалық кеңес комиссиясының және Әлемдік банктің мәлімдемесі).
Кедейлік
“Шамамен 1,3 миллиард адам күніне 1 доллардан да кем ақшаға күнелтеді. Ал 1 миллиардқа жуық адамның өзін ең қажетті нәрселермен қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ” (Human Development Report 1999, БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы).
Соғыс
“[Әр түрлі елдердегі] зорлық-зомбылық бұрын-соңды болмаған деңгейге жетуі мүмкін. Ұлттық, тайпалық және діни [ерекшеліктерден] туған зорлық-зомбылық... келесі ғасырдың алғашқы 25 жылында басқа қақтығыстарға қарағанда көп болып, жылына жүздеген мың адамдардың өмірін әкетеді” (New World Coming: American Security in the 21st Century, АҚШ-тың ұлт қауіпсіздігі комиссиясы, XXI ғасыр).
Сонымен, жаңа мыңжылдыққа байланысты дүрлігудің әсерінен қоршаған ортаның ластануы, ауру, кедейлік және соғыс сияқты қиыншылықтардың кең өріс алып бара жатқаны көзден таса қалып отыр. Бұл қиыншылықтарды тек ғылыми-зерттеудің, технологияның немесе саясаттың арқасында жою мүмкін емес, өйткені бұл қиыншылықтардың себепкері — ашкөздік, күдікшілдік және өзімшілдік сияқты қасиеттер.
Адамзатқа игілік әкелетін мыңжылдық
Ежелгі уақытта бір жазушы былай деген болатын: “Адамның жолы өз еркінде емес... өзінің қадамына бағыт беру жүрушінің билігінде емес” (Еремия 10:23). Адамның жерді билеуге мүмкіндігі ғана емес, құқығы да жоқ. Бұған Жаратушымыз Ехоба Құдай ғана құқылы, әрі Ол адамзаттың қиыншылықтарын шеше алады (Римдіктерге 11:33—36; Аян 4:11).
Алайда ол қиыншылықтарды қашан және қалай шешер екен? Біздің соңғы дәуірдің аяғында өмір сүріп отырғанымыздың көптеген дәлелдері бар. Киелі кітабыңызды ашып, 2 Тімотеге 3:1—5 тармақтарын оқыңызшы. Мұнда осы “қиын-қыстау күндері” адамдарға тән қасиеттер тура суреттелген. Матай 24:3—14 тармақтар мен Лұқа 21:10, 11 тармақтарда да “заманның ақыры” суреттелген. Бұл тармақтарда 1914 жылдан бері болып жатқан дүниежүзілік соғыс, індет және көп жерлердегі азық-түлік жетіспеушілігі сияқты жағдайларға назар аударылады.
Жақында “соңғы дәуір” немесе “заманның ақыры” делінген кезең аяқталады. Даниел 2:44-те былай делінген: “Көктің Құдайы мәңгілік құламайтын патшалық орнатады... ол барлық [жер бетіндегі адам орнатқан] патшалықтарды қиратып, талқандайды да, өзі мәңгі тұратын болады”. Осылайша, Құдайдың жерді басқаратын Патшалық, немесе үкімет, орнататындығы алдын ала айтылған. Аян 20:4-ке байланысты бұл үкімет жерді мың жыл бойы басқаратын болады, яғни Мың жылдық патшалық орнайды! Осы даңқты Мың жылдық патшалықтың кезінде адамзаттың өмірінің жақсаруына себеп болатын кейбір жағдайларды қарастырып көрейікші:
Экономика. “Үйлер соғып, онда тұратын болады; жүзім отырғызып, оның жемісін жейтін болады. Басқа біреу тұрсын деп соқпайды, басқа біреу жесін деп екпейді” (Ишая 65:21, 22).
Денсаулық. “Сол кезде зағиптардың көзі ашылып, саңыраулардың құлақтары естиді. Сол кезде ақсақ еліктей секіреді және мылқаудың тілі ән салады”. “Ешбір тұрғын: “мен аурумын”,— деп айтпайды” (Ишая 33:24; 35:5, 6).
Қоршаған орта. Құдай “жерді құртқандарды құртады” (Аян 11:18).
Адамдардың өзара қарым-қатынасы. “Бүкіл Менің киелі тауымда зұлымдық жасап зиян келтірмейді, өйткені... жер беті Тәңірдің біліміне толады” (Ишая 11:9).
Киелі кітаптың осы уәделеріне сенгендіктен, миллиондаған адамдар болашаққа сеніммен және үмітпен қарайды. Осының арқасында олар өмірдегі түрлі қиыншылықтарды жеңе алады. Киелі кітаптың өміріңізге әсер етуі үшін не істеуіңізге болады?
Өмірге бастайтын білім!
Ғылым мен техника жетістіктері кейде бізді таң қалдырады! Бірақ, адамзаттың білімі көпшіліктің өмірін тыныш және бақытты ете алмады. Бұл мақсатты орындай алатын жалғыз ғана білім. Ол жайында Киелі кітапта Жохан 17:3-те айтылған: “Мәңгілік өмір бұл — жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жерге жіберген Иса Мәсіхті тану”.
Бұндай білімді Киелі кітаптан табуға болады. Көптеген адамдардың бұл киелі кітап жайында белгілі бір пікірі болғанымен, жеке өзі зерттеп көрген адам кемде-кем. Сіз жайлы не айтуға болады? Әрине, Киелі кітапты оқу үшін көп күш салу керек. Бірақ бұл — күш салуға тұрарлық кітап. Өйткені Киелі кітап “Құдай Рухының жетелеуімен жазылып, тәлім беру, әшкерелеу, түзету, әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді” жалғыз ғана кітап (2 Тімотеге 3:16).
Киелі кітаппен танысуды қалай бастауға болады? Неге Ехоба Куәгерлерінің көмегіне жүгінбеске? Олар миллиондаған адамдармен үй жағдайында Киелі кітапты зерттеуді тегін жүргізуде. Бұл үшін олар көптеген Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді қолданады. Солардың бірі “Құдай бізден нені талап етеді?” деп аталатын брошюра. Бұл брошюрада көптеген Киелі кітапқа қатысты сұрақтарға қысқаша жауаптар жазылған. Ол сұрақтардың кейбіреулері мыналар: Құдай деген кім? Құдай жер үшін нендей нәрселерді ойластырып қойды? Құдай Патшалығы деген не? Киелі кітап сенің отбасыңның өмірін қалай жақсарта алады?
Егер Ехоба Куәгерлерінің бірі үйіңізге келгенін қаласаңыз, төмендегі купонды толтыруыңызды өтінеміз. Ехоба Куәгерлері сізге Құдай Патшалығының даңқты мыңжылдық басшылығы жайында қосымша мәлімет бергендеріне қуанышты болады!
□ “Құдай бізден нені талап етеді?” атты брошюраны алғым келеді. Қай тілде
□ Тегін, үй жағдайында Киелі кітапты оқып білгім келеді.
[Силтеме]
a Біз бұны батыстағы кең тараған көзқарасқа сүйеніп айтып отырмыз. Ресми түрде жаңа мыңжылдық 2001 жылы қаңтардың бірінші жұлдызынан басталады.