Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • dg 11-бөл., 28—32 бет.
  • Қазір жаңа дүниенің негізі қалануда

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қазір жаңа дүниенің негізі қалануда
  • Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Нағыз халықаралық бауырластық
  • Құдайдың халқын танып білу
  • Тағы бір айрықша белгісі
  • Екінші маңызды даулы сұрақтың жауабы
  • Сен нені таңдайсың?
  • Бірлігі жарасқан бауырластық
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
dg 11-бөл., 28—32 бет.

11-бөлім

Қазір жаңа дүниенің негізі қалануда

1, 2. Көз алдымызда Киелі кітаптың қандай пайғамбарлығы орындалып жатыр?

ТАҢДАНДЫРАТЫН тағы да бір жай, Шайтанның ескі дүниесі жойылуға бет алған дәл қазіргі уақытта, Құдайдың жаңа дүниесінің негізі қалануда. Құдай көз алдымызда барлық ұлттан адамдар жинап, жақында осы бірлігі жоқ дүниенің орнына келетін жаңа жерде өмір сүретін қауымның негізін қалауда. Бұл жаңа қауым Киелі кітаптың 2 Петір 3:13-де «жаңа жер» деп аталған.

2 Сондай-ақ, Киелі кітаптың пайғамбарлығы былай дейді: «Соңғы күндері [біз өмір сүріп жатқан уақытта]... көптеген халық былай дейді: келіңдер, Тәңірдің тауына [оның ақиқат мінажат ету жолына]... шығайық, Ол бізді Өз жолына үйретеді; Ол көрсеткен жолмен жүретін боламыз» (Ишая 2:2, 3).

3. а) Ишаяның пайғамбарлығы кімдердің арасында орындалып жатыр? ә) Бұл туралы Киелі кітаптың соңғы кітабы не дейді?

3 Қазір бұл пайғамбарлық «Құдайдың жолына» бағынып, «Ол көрсеткен жолмен жүретін» адамдарың арасында орындалып жатыр. Киелі кітаптың соңғы кітабы осы бейбітсүйгіш халықаралық қоғамды, Құдайға ұйымдасып қызмет етіп жатқан дүние жүзілік бауырластық, «барлық ұрпақ пен рулардан, халықтар мен тілдерден ешкім санай алмайтын ұлы жамағат адамдар»дейді. Сонымен қатар Киелі кітап: «Бұлар үлкен апаттан келді»,— дейді. Бұл олардың осы зұлым дүниенің ақырынан аман қалатындығын білдіреді (Аян 7:9, 14; Матай 24:3).

Нағыз халықаралық бауырластық

4, 5. Ехоба Куәгерлері қалайша дүние жүзілік бауырластық болып отыр?

4 Миллиондаған Ехоба Куәгерлері Құдайдың нұсқауы мен жолын ұстанып өмір сүруге шын жүректен тырысып бағуда. Олардың мәңгілік өмірге деген сенімді үміті — Құдайдың жаңа дүниесі. Күнделікті іс-әреткеттерін Құдайдың заңына сәйкес келтірулерімен, олар Құдайдың басқару әдісіне қазір де, жаңа дүниеде де бағынуға дайын екендіктерін көрсетуде. Олар жердің қай түпкірінде тұрмасын, қай ұлтқа немесе нәсілге жатпасын, бәрі бірдей Құдайдың өз Сөзінде бекітілген талаптарына бағынуда. Міне сондықтан да олар, нағыз халықаралық бауырластық, Құдай орнатқан дүние жүзілік жаңа қауым болып отыр (Ишая 54:13; Матай 22:37, 38; Жохан 15:9, 14).

5 Бұндай дүние жүзілік керемет бауырластық үшін лайықты сый-құрметті Ехоба Куәгерлері өздеріне иемденіп отырған жоқ. Бұл, Құдай заңына бағынған адамдарға әсер еткен Құдайдың құдіретті киелі рухының арқасында болғанын мойындайды (Елшілердің істері 5:29, 32; Ғалаттықтарға 5:22, 23). Бұл — Құдайдың ісі. Иса айтқандай, «адамның қолынан келмеген нәрсе Құдайдың қолынан келеді» (Лұқа 18:27). Сондықтан, Құдай негізі берік әлем кеңістігін жаратқандай, жаңа дүниеде өмір сүретін берік қауым жаратуға да қабілетті.

6. Ехоба Куәгерлерінің бауырластығын неге қазіргі кездегі таңғажайып нәрсе деуге болады?

6 Сонымен, жаңа дүниенің негізін қалаудағы Құдайдың іс-әрекетінен, оның жаңа дүниеде қалай басшылық жүргізетінін көруге болады. Оның өз Куәгерлеріне істеген істері, шын мәнінде, қазіргі кезде болған таңғажайып нәрсе. Неге? Өйткені Ол ұлттық, нәсілдік және діни мақсатты көздеген ұрыс-жанжалдар бірліктерін ешқашан жоя алмайтын Ехоба Куәгерлері деген нағыз дүние жүзілік бауырластық құрды. Миллиондаған Куәгерлер 200-ден астам елдерде өмір сүрсе де, олар бір-бірімен тығыз байланысқан бүтін бір халықтай. Тарихта бұрын-соңды болмаған осындай бірегей бауырластық, шын мәнінде Құдайдың біздің уақытымызда көрсеткен таңғажайып нәрсесі (Ишая 43:10, 11, 21; Елшілердің істері 10:34, 35; Ғалаттықтарға 3:28).

Құдайдың халқын танып білу

7. Исаның сөзі бойынша, оның нағыз ізбасарларын қалай айырып тануға болады?

7 Құдай қандай адамдарды жаңа дүниенің негізі ретінде қолданатынын тағы қалай анықтауға болады? Мысалы, Жохан 13:34, 35 жазылған Исаның сөздерін кім орындап жатыр? Ол былай деді: «Сендерге бір жаңа өсиет беремін: біріңді бірің жақсы көріңдер! Мен сендерді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер! Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады». Ехоба Куәгерлері Исаның сөзіне сенеді әрі соған лайықты іс-әрекет жасайды. Құдай Сөзі үйрететіндей, олар «бір-бірін бар ынта-жігерлерімен сүйеді» (1 Петір 4:8). Олар «барлық қасиеттердің бастысы ретінде сүйіспеншілікке бөленген» (Қолостықтарға 3:14). Сонымен, бауырластық сүйіспеншілігі оларды бүкіл жер бетінде біріктіріп ұстап, «желім» болып тұр.

8. 1 Жохан 3:10—12 сәйкес Құдайдың халқын тағы қалай айырып тануға болады?

8 Сондай-ақ 1 Жохан 3:10—12 де былай делінген: «Құдайдың рухани балаларын шайтанның адамдарынан мынадан ажыратуға болады: әділ өмір сүрмейтін, әсіресе, бауырласын сүймейтін әркім Құдайың рухани баласы емес. Сендер бастапқыда естіген хабар мынау: бір-бірімізді сүюіміз керек! Інісін ұрып өлтірген шайтанның адамы Қабылға ұқсамаңдар!». Олай болса, Құдайдың халқы — зорлық-зомбылыққа қатыспайтын дүние жүзілік бауырластық.

Тағы бір айрықша белгісі

9, 10. а) Соңғы күндері Құдайдың қызметшілерін қандай әрекетінен тануға болады? ә) Ехоба Куәгерлері Матай 24:14 жазылған сөздерді қалай орындап жатыр?

9 Құдайдың қызметкерлерін анықтаудың тағы да бір мүмкіндігі бар. Иса заманның ақырына байланысты пайғамбарлығында, осы уақытты соңғы күндер ретінде білдіретін көптеген жағдайларды айтып шықты. (9-бөлімді қара.) Аталмыш пайғамбарлықтың біреуі Матай 24:14-те жазылған: «Патшалық туралы осы Ізгі хабар бүкіл жер бетінде жарияланып, барлық халықтарға куәлік болады; содан кейін [осы заманның] ақыры болады».

10 Осы пайғамбарлықтың орындалуын көріп жүрміз бе? Иә. 1914 жылы соңғы күндер басталғаннан бері, Ехоба Куәгерлері бүкіл дүние жүзіне Патшалық туралы ізгі хабарды Иса үйреткендей, үйден үйге жүріп уағыздауда (Матай 10:7, 12; Елшілердің істері 20:20). Барлық елдерде өмір сүріп жатқан миллиондаған Куәгерлер адамдармен жаңа дүние туралы сөйлеседі. Соның арқасында сен осы кітапшаны алып отырсың, өйткені Құдай Патшалығы туралы әдебиеттер басып шығарып, оларды тарату Ехоба Куәгерлерінің қызметі. Дүние жүзі бойынша үйден үйге уағыз айтып жүрген бұл адамдардан басқа кімді білесің? Ал Марқа 13:10-да айтылғандай, заманның ақыры келмес «бұрын» уағыздау мен білім беру жұмысы өткізілуі керек.

Екінші маңызды даулы сұрақтың жауабы

11. Құдайдың басшылығына бағыну арқылы Ехоба Куәгерлері тағы не нәрсеге қол жеткізуде?

11 Ехоба Куәгерлері, Құдайдың заңдары мен қағидаларына бағынуларымен тағы да бір нәрсеге қол жеткізіп отыр. Олар, адамдар сынаққа салынса, Құдайға адал болып қала алмайды деген Шайтанның сөзі өтірік екенін көрсетіп, адамдардың адал болуына байланысты маңызды екінші даулы сұраққа жауап беруде (Аюп 2:1—5). Барлық ұлттан құрылған миллиондаған адамдардан тұратын Куәгерлер қауымы, бір бүтіндей Құдайдың басшылығына шексіз берілгендігін көрсетуде. Шайтанның қысымына қарамай, кемелсіз адамдар бола тұра, олар бүкіл әлемдік билікке байланысты көтерілген даулы сұрақта Құдайдың жағына шығуда.

12. Куәгерелер өз сенімдерімен кімдерге еліктеуде?

12 Қазіргі кездегі миллиондаған Ехоба Куәгерлері, ежелгі уақыттағы Құдайға шексіз берілгендігін көрсеткен басқа да куәгерлердің ісін жалғастырып, куәлік етуде. Олардың ішінде, кейбіреулерін ғана атай кетсек: Әбіл, Нұх, Аюп, Ыбырайым, Сара, Ысқақ, Жақып, Дебора, Рут, Дәуіт пен Даниел деген адамдар болған (Еврейлерге 11-тарау). Киелі кітап айтпақшы, олар — «бұлттай куәгерлер» (Еврейлерге 12:1). Бұлардан басқа көптеген адамдар, оның ішінде Исаның шәкірттері де Құдайға адал болған. Исаның өзі де кемелді адалдық сақтап, тамаша үлгі көрсеткен.

13. Шайтан туралы айтқан Исаның қандай сөздері дәлелденуде?

13 Бұл Исаның Шайтанға байланысты дін басыларына айтқан сөздерінің растығын дәлелдейді: «Құдайдан естіген ақиқатты сендерге жеткізген Мені өлтіргілерің келеді... Сендердің рухани аталарың — әзәзіл, соның құмарлықтарын орындағыларың келеді. Ол әуел бастан кісі өлтіруші болып келеді, ақиқат жағында тұрған да емес, өйткені онда ақиқат жоқ. Ол өтірікті өз болмысына сай айта береді; себебі ол — өтірікші, өтіріктің бастауы» (Жохан 8:40, 44).

Сен нені таңдайсың?

14. Жаңа дүниенің негізі қалануына байланысты қазір қандай жағдайлар болуда?

14 Жаңа дүниенің негізі болып табылатын Құдайдың Ехоба Куәгерлері деген халықаралық қоғамы күннен күнге нығая түсуде. Тура білімге негізделген өздерінің қалау еркіндігін қолданып, жыл сайын жүздеген мың адамдар Құдайдың басшылығын мойындауда. Олар жаңа дүниеде өмір сүретін қауымның құрамына кіріп, бүкіл әлемдік билікке байланысты даулы сұрақта Құдайдың жағына шығып, Шайтанның өтірікші екенін дәлелдеуде.

15. Болашақта қандай айыру жұмысы жүргізіледі?

15 «Қойлар» мен «серкелерді» бөлген уақытта, Құдайдың басшылығын таңдағандар Мәсіхтің «оң жағына» тұруға лайық болады. Соңғы күндер туралы пайғамбарлығында Иса былай деген: «Сонда барлық халықтар Оның алдына жиналады да, Ол оларды бақташының қойларды серкелерден айырғаны сияқты, айырып бөледі. Қойларды оң жағына, серкелерді сол жағына қояды». Қойлар — кезінде Мәсіхтің бауырларына бірігіп, оларды қолдап әрі Құдайдың басшылығына бағынған кішіпейілді адамдар. Серкелер — Мәсіхтің бауырларын мойындамай, Құдайдың басшылығын қолдамаған бір беткей адамдар. Бұның нәтижесі қандай болады? Иса былай деп мәлімдейді: «Олар [серкелер] мәңгілік азап тартып [«келмеске», ЖД] кетеді, ал әділдер мәңгілік өмірге кіреді» (Матай 25:31—46).

16. Алда күтіп тұрған жұмақта өмір сүргің келсе не істеуің керек?

16 Шынында Құдай біздің қамымызды ойлайды! Жақында ол жер жүзін ғажап жұмаққа айналдырады. Осы жұмақта өмір сүргің келе ме? Өмір сүргің келсе, Құдайдың жасап жатқан шараларына ризашылығыңды, ол туралы білім алу арқылы және оқып білгеніңе лайықты іс-әрекет жасау арқылы көрсет. «Табуға мүмкіндік барда, Тәңірді іздеңдер; Ол жақын тұрғанда, шақырыңдар. Күнәкар жолынан, бұзақы пиғылынан қайтсын да, Тәңірге бет бұрсын, сонда Оның оған рақымы түседі» (Ишая 55:6, 7).

17. Кімге қызмет етуді неге ұзаққа созбай шешу керек?

17 Босқа уақыт жоғалтуға болмайды. Осы ескі дүниенің бітуіне өте аз уақыт қалды. Құдай Сөзі: «Осы күнәкар дүниені және ондағы ешнәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің Әкеге сүйіспеншілігі жоқ... Ал осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді»,— деп кеңес беріп отыр (Жохан 2:15—17).

18. Қандай іс-әрекеттің арқасында сен Құдайдың ғажайып жаңа дүниесіндегі өмірді сеніммен күте аласың?

18 Қазіргі уақытта Құдайдың халқы жаңа дүниедегі мәңгілік өмірге дайындалуда. Олар жұмақ орнату үшін қажетті рухани және басқа да нәрселерге үйреніп жатыр. Біз саған Құдайды Басшы ретінде қабылдап, қазіргі уақытта жүріп жатқан құтқару жұмысын қолдауға табандылықпен кеңес береміз. Ехоба Куәгерлерімен Киелі кітапты оқып білу арқылы, біздің қамымызды шынымен ойлайтын әрі қайғы-қасіретті жоятын Құдай туралы білім ал. Осылайша сен қаланып жатқан жаңа дүниенің негізінің бөлігі боласың. Сонда сен Құдайың қолдауына ие болып, осы ғажайып жаңа дүниедегі өмірді сеніммен күте аласың.

[31-беттегі сурет]

Ехоба Куәгерлері нағыз халықаралық бауырластық.

[32-беттегі сурет]

Қазіргі кезде Құдайдың жаңа дүниесінің негізі қаланып жатыр.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу