Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • my 3-оқиға
  • Алғашқы еркек пен әйел

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алғашқы еркек пен әйел
  • Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратты
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Жойылатын соңғы жау — өлім
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Адам ата кемелді болған болса, қалайша күнә жасады?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иса пайғамбардың өлімі мен қайта тірілуі. Мұның сіз үшін қандай мәні бар?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
my 3-оқиға
3-оқиғадағы сурет

3-ОҚИҒА

Алғашқы еркек пен әйел

МЫНА суреттің осының алдындағы суреттен қандай айырмашылығы бар? Иә, бұл суретте адамдар бар. Бұл — алғашқы еркек пен әйел. Бірақ оларды кім жаратты? Құдай. Сен оның есімін білесің бе? Оның есімі Ехоба. Ал еркек пен әйел Адам және Хауа деген есімге ие болды.

Ехоба Құдай Адамды былай жаратты: жерден топырақ алып, одан кемелді адам денесін жасады. Бұдан кейін оның мұрнына тіршіліктің лебін үрледі, сосын, Адам тірі жан болып шыға келді.

Ехоба Құдай Адамға барлық жануарларға ат қоюды тапсырды. Адам жан-жануарлардың әрқайсысына жарасымды ат қою үшін олардың сыртынан ұзақ уақыт бойы бақылап жүрсе керек. Бірақ жан-жануарларға ат қойып жүргенде, ол бір нәрсені байқай бастады. Не байқағанын білесің бе?

Барлық жануарлар жұп-жұбымен өмір сүретін. Ол жерде әке-пілдер мен ана-пілдер, әке-арыстандар мен ана-арыстандар болды. Тек Адамның ғана серігі болмады. Сондықтан Ехоба Адамды терең ұйқыға батырды да, оның қабырғаларының бірін алды. Ехоба бұл қабырғадан әйел жаратты. Ол Адамның әйелі болды.

Адам қандай қуанышқа кенелді десеңші! Осындай тамаша бақта өмір сүре алатындығына Хауаның қалай қуанғандығын көз алдыңа елестетіп көрші! Енді олар балалы болып, барлығы бірге бақытты өмір сүре алар еді.

Ехоба Адам мен Хауаның мәңгі өмір сүріп, бүкіл жер бетін Едем сияқты баққа айналдырғанын қалады. Адам мен Хауа осы істі атқарып жатқандарын елестеткенде, өздерін бақытты сезінсе керек. Жер бетін тамаша баққа айналдыру ісіне сенің де қатысқың келер ме еді? Бірақ Адам мен Хауаның бақыты ұзаққа созылған жоқ. Неге бұлай болғанын көрейік.

Мысырдан шығу 33:19; Жаратылыс 1:26—31; 2:7—25.

Зерттеуге арналған сұрақтар

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу