Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g24 № 1 4—6 бет.
  • Өзгелерге деген сый-құрмет қайда қалды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өзгелерге деген сый-құрмет қайда қалды?
  • Ояныңдар! 2024
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ӨЗГЕЛЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
  • БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ
  • БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ
  • Өзгелерді құрметтей біліңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Сый-құрмет қайда қалды?
    Ояныңдар! 2024
  • Киелі кітап толерантты болуға тәрбиелейді
    Сан түрлі тақырыптар
  • Билігі барларды құрметтеңіз
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2024
g24 № 1 4—6 бет.
Мейрамханада тамақтанып отырған ер адам даяшыға айқайлап жатыр. Ал даяшы болса кешірім сұрап тұр. Дастарқан басындағы басқа кісілер ыңғайсызданып отыр.

Өзгелерге деген сый-құрмет қайда қалды?

ӨЗГЕЛЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Өзгелерді құрметтеу ашуды басады және жағдайды одан әрі ушықтырып жіберуден сақтайды.

  • Киелі кітапта мынадай нақыл бар: “Биязы жауап ашуды басар, Ауыр сөз ыза тудырар” (Нақыл сөздер 15:1). Құрметсіздік отқа май құяды, мұның соңы жақсылыққа апармайды.

  • Иса пайғамбар: “Адамның жүрегі неге толы болса, аузы соны айтар”,— деген (Матай 12:34). Сый-құрмет танытпау біздің өзгелерге деген көзқарасымызды айқын етеді. Бұл адамды нәсіліне, ұлтына, руына немесе әлеуметтік жағдайына бола менсінбейтінімізді көрсетуі мүмкін.

    Жақында 28 елде жүргізілген сауалнамаға сай, 32 000 қатысушының 65 пайызы адамдар арасындағы құрметсіздік бұрын-соңды болмағандай деңгейге жеткенін айтты.

БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ

Көзқарастарымен келіспесеңіз де, мектепте болсын, жұмыста болсын, барлық адамды құрметтеңіз. Біреумен сөйлескенде, оның ойымен келісе алатын тұстарыңызды байқауға тырысыңыз. Сонда сынап-мінеуден, айыптаудан аулақ боласыз.

“Өздерің айыпталмас үшін, өзгелерді айыптауды доғарыңдар” (Матай 7:1).

Сыйласаңыз — сыйлы боласыз. Басқаларға жақсы қарап, бәрін тең санасаңыз, олар да сізге солай қарауға ықыласты болуы мүмкін.

“Басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер” (Лұқа 6:31).

Кешірімді болыңыз. Өзгелердің сөздері мен іс-әрекеттеріне тым қатты мән бермеңіз, “мені әдейі ренжітті” деген ойдан аулақ болыңыз.

“Терең түсінік адамды ашуға баяу етер, Кінәні кешіргені оны тартымды етер” (Нақыл сөздер 19:11).

Ехоба куәгерлері Патшалық сарайының ішінде бір-бірімен араласып жатыр. Олардың жастары мен шыққан орталары әр түрлі.
Ехоба куәгерлері Патшалық сарайының ішінде бір-бірімен араласып жатыр. Олардың жастары мен шыққан орталары әр түрлі.

БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ

Ехоба куәгерлері тұратын жерлерінде және жұмыс орындарында сый-құрметті өздері де танытады, өзгелерді де танытуға талпындырады.

Біз тегін Киелі кітап курсын ұсынамыз. Бұл курс барлық адамға арналған, бірақ біз ешкімді көзқарасымызды ұстануға күштемейміз. Киелі кітаптан білгендерімізді өзгелерге айтқанда, мұны мүмкіндігінше “жұмсақтықпен әрі зор құрметпен” істейміз (Петірдің 1-хаты 3:15; Тімөтеге 2-хат 2:24).

Ешкімді бөліп-жармаймыз. Қауым кездесулерімізге Киелі кітапты білсем деп келген барлық адамды жылы қарсы аламыз. Біз толерантты болуға, яғни өзгелердің ерекшелігін сыйлауға және “әркімге тиісті құрмет көрсетуге” ұмтыламыз (Петірдің 1-хаты 2:17).

Үкіметке құрмет көрсетеміз. Қай елде тұрсақ та, біз жергілікті заңға мойынсұнамыз және салық төлейміз (Римдіктерге 13:1). Саяси мәселелерге араласпай, бейтарап болсақ та, өзгелердің бұл мәселеде қабылдайтын шешімдері мен таңдауларын құрметтейміз.

Коллаж: “Айнымас сүйіспеншілік жеккөрушілікті қашан жеңеді?” видеосынан көрініс. 1. Араб кісі. 2. Еврей кісі.

КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ

Егер адамға кішкентайынан қандай да бір ұлтты жек көруді үйретсе, оған сол ұлттың адамын құрметтеу қиын болады. Жауласып жүрген екі халықтан шыққан екі ер кісі құрмет танытуды қалай үйренгенін білгіңіз келсе, jw.org сайтындағы “Айнымас сүйіспеншілік жеккөрушілікті қашан жеңеді?” деген видеоны көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу