Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g21 № 2 4—6 бет.
  • Электронды техниканың достыққа әсері

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Электронды техниканың достыққа әсері
  • Ояныңдар! 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БІЛГЕН ЖӨН
  • НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
  • Нағыз достарды қалай табуға болады?
    Ояныңдар! 2016
  • Желі және жеткіншек. 1-бөлім: Балама әлеуметтік желіге рұқсат берейін бе?
    Отбасыңыз берекелі болсын
  • Ата-анаң әлеуметтік желіге рұқсат бермесе...
    Жастардың сауалдары
  • Желі және жеткіншек. 2-бөлім: Балаңызға әлеуметтік желіні ақылмен қолдануды үйретіңіз
    Отбасыңыз берекелі болсын
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2021
g21 № 2 4—6 бет.
Дүниенің әр жерінде тұратын достар бір-бірімен видеоконференция арқылы сөйлесіп жатыр.

Электронды техниканың достыққа әсері

Техника қарыштап дамыған заманда адамдардың бір-бірімен араласуы айтарлықтай жеңілдеді. Тіпті мұхиттың арғы жағында тұрса да, олар бір-бірімен хат-хабар алысып, видео арқылы көрісіп, әлеуметтік желіде пікірлесіп жатады. Құлтемір адамға қызмет етеді деген осы болар.

Бірақ абай болмасақ, құлтемір адамға емес, адам құлтемірге қызмет қыла бастауы мүмкін. Ал бұдан мынадай қиындықтар туындап жатады:

  • достарын түсінуден қалады;

  • жалғызсырап, жабырқайды;

  • өзгені емес, өз басын көп ойлайды.

БІЛГЕН ЖӨН

Жасөспірім қыз түнде әлеуметтік желіні қарап отыр. Ол қарап жатқан посттың қаралымы — 723 000

ЖАНАШЫРЛЫҚ

Біреудің жанын бірден түсініп кете алмайсың. Бұл үшін уақыт тауып, ол адам жайлы ойлану керек. Ал егер бар уақытымыз хабарлама жазуға, әлеуметтік желіде отыруға кетіп жатса, басқаның сезімін қайдан түсінеміз?!

Электронды құрылғының құлы болып кетсеңіз, достарыңыздың хабарламаларына жеңіл-желпі қарап кетуіңіз әбден мүмкін. Онда бар ойыңыз мұқтаж досыңызға көмектесу емес, келген хабарламаларға жауап беріп, тез-тез құтылу болады.

ОЙТАРАЗЫ: Достарыңызға хабарлама жібергенде, оларды шын ойлайтыныңызды қалай көрсете аласыз? (ПЕТІРДІҢ 1-ХАТЫ 3:8).

ЖАБЫРҚАУШЫЛЫҚ

Бір зерттеудің нәтижесі бойынша, әлеуметтік желіде отырғаннан кейін көп адамның көңіл-күйі түсіп кететіні байқалған. Зерттеушілердің айтуынша, олар жұрттың парақшасынан суреттерін, немен айналысып жатқандарын көргенде, өз өмірлері текке өтіп жатқандай сезімде қалады.

Одан қалса, басқалардың күшті суреттерін көріп алып, өздерін олармен салыстыра бастайды. Бұлай салыстырғаннан олар ұтылмаса, ештеңе ұтпайды. Қайта, “олардың өмірі — өмір, ал менікі қара көмір екен ғой” деген жағымсыз ойда қалады.

ОЙТАРАЗЫ: Әлеуметтік желіде отырғанда, өзіңізді өзгелермен салыстырмауға не көмектеседі? (ҒАЛАТТЫҚТАРҒА 6:4).

ТЕК ӨЗІН ОЙЛАУШЫЛЫҚ

Бір мұғалиманың байқауынша, шәкірттерінің кейбірі өз пайдасы үшін ғана дос болады екен. Олар бірінші кезекте “досымнан қандай пайда көрсем екен?” деп ойлайды. Олар үшін достары мобильді қосымшалар сияқты, керек кезде пайдаланады, керек емес кезде өшіріп тастайды.

ОЙТАРАЗЫ: Әлеуметтік желілерге суретіңізді қандай ниетпен саласыз: біреумен бақталасу үшін бе, әлде өзіңізді көрсету үшін бе? (ҒАЛАТТЫҚТАРҒА 5:26).

НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

ӨЗІҢІЗДІ ТЕКСЕРІҢІЗ

Сіз электронды құрылғыларға емес, олар сізге қызмет ететін болса, жора-жолдастарыңызбен араласып, олармен достығыңыз беки түседі.

КИЕЛІ КІТАП ҚАҒИДАСЫ: “Сүйіспеншілік өзімшіл емес” (ҚОРЫНТТЫҚТАРҒА 1-ХАТ 13:4, 5).

Орындағыңыз келетін кеңесті белгілеңіз немесе өз ұсынысыңызды жазыңыз.

  • Адамдармен тек хабарлама арқылы емес, жүзбе-жүз сөйлесу.

  • Біреумен сөйлесіп жатқанда, телефоныңызды басқа жерге алып қою не дауысын өшіріп қою.

  • Әлеуметтік желіде суреттер көруге, посттарды оқуға жұмсайтын уақытты азайту.

  • Адамдарды зейінмен тыңдауды үйрену.

  • Қиындықта жүрген досыңызбен хабарласу.

ОЙТАМЫЗЫҚ

  • Мен оларды, олар мені ойлайтын шын достарым бар ма?

  • Досыммен сөйлесіп отырғанда, біреудің қоңырауына я хабарламасына алаңдай беремін бе?

  • Салған суреттерім, жазған посттарым мені өзінше адам етіп көрсетпей ме?

  • Әлеуметтік желіде біраз отырғаннан кейін қандай көңіл-күймен тұрамын?

  • Нағыз достарды табуға технология кедергі жасамас үшін қандай өзгеріс жасасам болады?

    КИЕЛІ КІТАП ҚАҒИДАСЫ: “Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” (ФІЛІПІЛІКТЕРГЕ 2:4).

Эмили.

“Достық өздігінен бола қоймайды. Оған уақыт пен күш керек. Сондықтан бірден көп адаммен дос бола алмайсыз. Оған шамаңыз да жетпейді. Ең бастысы, достардың қанша емес, қандай болғаны ғой. Досың сені ойласа, сен оны ойласаң, міне, нағыз достық осы емес пе?!” ЭМИЛИ

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу