Ақылыңызға ақыл қосар даналық
“Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған” (Тімөтеге 2-хат 3:16). Бұл сөздер Құдіретті Құдай өзінің ойларын пайғамбарлардың ойына салған дегенді білдіреді.
Құдайдың ақыл-кеңестері кәдеңізге жарасын
“Мен Құдайларың Ехобамын. Мен сендерге пайдалыны үйретемін, Жүрулерің тиіс жолмен жетелеймін. Өсиеттеріме ден қойсаңдар ғой, шіркін! Сендердегі тыныштық өзендей, әділдіктерің теңіз толқындарындай болар еді” (ИШАЯ 48:17, 18).
Бұл сөздерді жеке сізге арналған шақыру деп біліңіз. Өйткені Құдай сіздің жаныңыздың тыныш, бақытыңыздың баянды болғанын қалайды. Осыған қол жеткізуіңіз үшін ол көмегін де аямайды.
Құдайдың ақыл-кеңестері қол жетпестей алыс емес
“Барлық халықтарға ізгі хабар уағыздалу керек” (МАРҚА 13:10).
Мұндағы “ізгі хабар” деген Ехоба Құдайдың қайғы-қасіретті тоқтатамын, жерде жұмақ жасаймын, марқұмдарға қайта өмір сыйлаймын деген уәделерін білдіреді. Ехоба куәгерлері осы хабарды төрткіл дүниеде жариялап жүр.