Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g21 № 1 12—13 бет.
  • Нұрлы үміт сыйлайтын білім

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Нұрлы үміт сыйлайтын білім
  • Ояныңдар! 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай жаман адамдарды жояды
  • Құдай Шайтанды жояды
  • Құдай ауру мен өлімді жоқ қылады
  • Жаратушымыз жер бетін жұмаққа айналдырады
  • Құдай марқұмдарға қайта өмір сыйлайды
  • Құдай жер үшін нендей нәрселерді ойластырып қойды?
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Сені бақытты болашақ күтіп тұр
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Құдайдың достары Жұмақта өмір сүретін болады
    Сен Құдаймен дос бола аласың!
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2021
g21 № 1 12—13 бет.
Адамдар жан-жануралармен тату тұрып, аста-төк молшылық пен әсем табиғаттың рақатын көруде.

Нұрлы үміт сыйлайтын білім

Құдай Тағала жақында жер бетінде керемет өзгерістер жасаймын дейді. Ол қайғы-қасіретті түптамырымен жояды. Сонда адамдар жер бетінде рақаттанып өмір кешеді (Зәбүр 37:11). Оның осы уәдесіне неге сенуге болады? Өйткені “Құдай — өтірік айтатын пенде емес” (Мұсаның 4-жазбасы 23:19). Алда бізді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын бір шолып өтейік.

Құдай жаман адамдарды жояды

“Зұлымдар шөптей қаулайды, Күнәкарлар өркендейді, Ақырында олар мәңгіге құриды” (ЗӘБҮР 92:7).

Алдыңғы мақаладан білгеніміздей, қазір жер бетін зұлымдық пен жамандық жайлап барады. Бірақ біз бұған таңғалмаймыз, себебі Киелі жазбаларда “соңғы күндері” адамдардың мінезі қатты бұзылып кететіні айтылған (Тімөтеге 2-хат 3:1—5). “Соңғы күндер” дегеніміз — Құдайдан безгендердің дәурені бітетін кез. Сонда Құдай теріс жолдан қайтпай қойғандарды жойып, ал оның жолын ұстанатын жақсы адамдарды аман алып қалады. Оның Сөзінде: “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді”,— деп жазылған (Зәбүр 37:29).

Құдай Шайтанды жояды

“Тыныштық сыйлайтын Құдай... Шайтанды жаныштайды” (РИМДІКТЕРГЕ 16:20).

Құдай жақында Шайтанды, жын-перілерді және зұлым адамдардың бәрін жояды. Содан кейін жер бетінде көптен аңсаған тыныш та бейбіт өмір орнайды. Жаратушымыз: “Ешкім де сендерді қорқытпайды”,— деп уәде етеді (Миха 4:4).

Құдай ауру мен өлімді жоқ қылады

“Құдайдың тұрағы адамдар арасында... Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (АЯН 21:3, 4).

Құдай жақын арада қайғы-азапты, ауру-сырқауды толығымен жояды. Сонда Шайтанның, Адам ата мен Хауа ананың және бойымыздағы күнәнің тигізген бүкіл зардабынан құтыламыз. Бұл — “өлім де болмайды” деген сөз. Жаратқанды жақсы көретін, оны тыңдайтын адамдар мәңгі ғұмыр кешеді. Сонда олар қай жерде өмір сүреді?

Жаратушымыз жер бетін жұмаққа айналдырады

“Шөл мен құла түз шаттыққа кенеледі, Шөл дала қуанып, бәйшешектей жайнайды” (ИШАЯ 35:1).

Жамандық атаулы келмеске кеткен соң, Жер бесігіміз құлпырған жұмаққа айналады. Әсем саябақтар мен бау-бақшалар көздің жауын алады. Жер аста-төк мол өнім береді (Зәбүр 72:16). Мұхиттар, көлдер мен өзендер тазарып, су асты құжынаған жәндіктерге толады. “Қоршаған ортаның ластануы” деген ұғым сөздік қорымыздан біржола кетеді! Сол кезде адамдар өз қолымен салған үйлерде тұрады. Үйсіз-күйсіз, аш-жалаңаш жүретіндер болмайды (Ишая 65:21, 22).

Құдай марқұмдарға қайта өмір сыйлайды

Өлгендер тіріледі (ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 24:15).

Өмірден өткен қымбат адамдарыңызбен қайта қауышқыңыз келе ме? Құдіреті шексіз Жаратушымыз жұмақ орнаған жерде өмір сүру үшін оларды қайта тірілтеді. Сіз оларды, олар сізді жазбай танитын болады. Сол кезде көзден қуаныш жасы төгіледі! Бұның бәрін ертегі деп ойламаңыз. Себебі Киелі жазбаларда Иса пайғамбар қайтыс болған адамдарды тірілткені жайлы жазылған. Олардың арасында үлкендер де, балалар да болған. Бұл кереметке көп адам куә болған еді (Лұқа 8:49—56; Жохан 11:11—14, 38—44).

“Қазір мен шын бақыттымын”

“Жер беті жұмаққа айналады, сонда қасірет, ауру, өлім болмайды дегенді алғаш естігенде, “мынауың бір ертегі ғой” деп іштей күлгенмін. Бірақ Киелі кітапты зерттей келе, оның шынымен Құдайдан келген ерекше кітап екенін түсіндім. Сондықтан ішіндегі уәделерге сенуге болатынына көзім жетті. Бұрын жүзім мұңлы, уайымшыл едім. Ал қазір шын бақыттымын. Тіпті туыстарым да, достарым да менің жадырап, көңілді жүретінімді байқады” (Рави).

Рави.

Қосымша ақпарат

Жердегі жайқалған жұмақта өмір қандай болатыны жайлы толығырақ білу үшін jw.org сайтына кіріп, КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР/ӨМІР МЕН ӨЛІМ деген жерді қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу