Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g21 № 1 8—9 бет.
  • Қанағатшыл болудың сыры

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қанағатшыл болудың сыры
  • Ояныңдар! 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Еңбекқор болыңыз
  • Адал болыңыз
  • Ақшаға құл болмаңыз
  • Ең жақсы білімді алыңыз
  • Ақша жамандықтың түптамыры ма?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Ақшаны ұқсата біліңіз
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Киелі кітапта ақша мен жұмыс туралы не айтылған?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Еңбек түбі — қуаныш
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2021
g21 № 1 8—9 бет.
Барға қанағат ететін анасы мен ұлы Үндістандағы сауда қыз-қыз қайнаған дүкендердің қасынан өтіп жатыр. Ал ығы-жығы болған адамдардың бар ойы сол қымбат заттарда.

Қанағатшыл болудың сыры

Отбасын құрғанбыз ба, жоқ па, жаспыз ба, әлде қартпыз ба — барлығымыз өмірден қанағат алып, бақытты болғымыз келеді. Жаратушымыздың да бізге тілері — осы. Сол үшін ол бізге тамаша ақыл-кеңестер беріп отыр.

Еңбекқор болыңыз

“Мұқтаждармен бөлісетін нәрсесі болу үшін өз қолымен адал еңбек етсін” (ЕФЕСТІКТЕРГЕ 4:28).

Жаратушымыз бізді жұмыс істеп, еңбектенуден қашпауға шақырады. Неге? Өйткені маңдай терін төгіп еңбек еткен адам өзін де, отбасын да асырай алады. Ол тіпті мұқтаж жандарға да қол ұшын бере алады. Жұмысындағы бастығы да оны бағалайды. Жақсы жұмыс істейтіндіктен, ол жұмысынан айырылып қалмайды. Ауыр еңбектің осындай жемісі Киелі жазбаларда “Құдайдың сыйы” деп аталған (Уағыздаушы 3:13).

Адал болыңыз

“Барлық жағдайда адал жүріп-тұрғымыз келетіндіктен, ар-ұжданымыз таза екеніне сенімдіміз” (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 13:18).

Адал да шыншыл болсақ, өз-өзімізді сыйлаймыз. Көңіліміз тыныш, ал ұйқымыз тәтті болады. Сондай-ақ өзгелердің сеніміне кіріп, сый-құрметіне бөленеміз. Ал адалдықтан аттап, арамзалық жасайтындар осының бәрінен құрқол қалады. Одан қала берсе, ар-ұяттары жандарын жегідей жеп, істеген арамдығым бүгін-ертең ашылып қала ма деп қорқып жүреді.

Ақшаға құл болмаңыз

“Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолда барды қанағат тұтыңдар” (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 13:5).

Тамақ пен басқа да керек-жарақтарды алу үшін бізге ақша қажет-ақ. Бірақ “ақшақұмар болудан” сақтану керек. Өйткені ондай адам бар уақыты мен күшін көп ақша табуға кетіреді. Бұның кесірінен жарымен арақатынасы суиды, балаларына көңіл бөлмейді. Ол тіпті денсаулығын құртып алуы мүмкін (Тімөтеге 1-хат 6:9, 10). Бұның үстіне, ақшаға құныққан адам қулық-сұмдыққа барудан да тайынбайды. Бір данышпан кісі былай деген екен: “Адал жан мол батаға кенеледі, Баюға асыққан кінәсіз қалмайды” (Нақыл сөздер 28:20).

Ең жақсы білімді алыңыз

“Даналық пен саналылықты сақта” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 3:21).

Жақсы білім алсақ, біз жауапты адам, жақсы ата-ана боламыз. Бірақ мына дүниедегі білім қанша жерден жақсы болмасын, ол білімнен адамның төрт құбыласы тең, өмірі бақытты болады дей алмайсың. Ал өмірдің барлық саласында жетістікке жетіп, жемісті болғымыз келсе, бізге Құдай беретін білімді алу қажет. Өйткені оның ақыл-кеңесіне құлақ асатын адамның “әрбір ісі сәтті болады” (Зәбүр 1:1—3).

“Барыма ризамын әрі бақыттымын”

“Біз жақта жұрт жоғарғы білім алу үшін, байлық пен атақ-даңққа жету үшін барын салады. Бірақ сол мақсатқа қол жеткізген күнде де, бақыттары алысқа бармайды. Ал мен Құдай Сөзін оқығанның арқасында өмірде ненің маңызды екенін жақсы түсіндім. Ақшаның маңызы жоқ емес, бірақ оған бақыт пен шынайы сүйіспеншілікті сатып ала алмайсың. Құдай Сөзіндегі ақыл-кеңестер маған ақша мен жұмыстың орнын білуге көмектесті. Қазір барыма ризамын әрі бақыттымын” (Кишоре).

Кишоре.

Қосымша ақпарат

Жұмыс, ақша мен білімге қатысты кеңестерді табу үшін jw.org сайтына кіріп, КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/ БАҚЫТ ПЕН ТЫНЫШТЫҚ деген жерді қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу