Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g19 № 3 12—13 бет.
  • Құдайға жақындау

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайға жақындау
  • Ояныңдар! 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҮМІТ
  • ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫ
  • КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ҚОСЫМША КЕҢЕСТЕР
  • Маңызды сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады?
    Маңызды сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады?
  • Жанұяларға жәрдем
    Ояныңдар! 2018
  • Ата-аналар үшін көмек
    Ояныңдар! 2019
  • Киелі жазбалар өміріңізді көркейте алады
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2019
g19 № 3 12—13 бет.
Саябақтағы орындықта отырып, ойға батқан әйел

Құдайға жақындау

Осы журналдың алғашқы мақаласында айтылып кеткендей, көпшілік Киелі кітапты қасиетті санайды. Адамдар оны оқып, өсиеттері бойынша өмір сүргенде өздерін Құдайға бір табан жақын сезініп, өмірдің мән-мағынасын ұғына бастайды.

Киелі кітапта айтылғандай, “рухани” адамдар, яғни Құдайға жақын болғысы келетін адамдар оның нұсқауларымен өмір сүріп, Құдайдың көзқарасын құрметтейді. Ал өз құлқынын ойлайтын адамдар, керісінше, өздерінің ақыл-саналарына ғана сүйеніп, өз қалауларымен жүреді (Яһуда 18, 19; Ефестіктерге 5:1). Құдайдың көзқарасын ұстанып өмір сүретіндер өмірлерінде мұның көп пайдасын көреді.

ҮМІТ

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Қиын шақта сағың сынса, Күш-жігерің таусылар” (Нақыл сөздер 24:10).

БҰЛ СӨЗДЕРДІҢ МӘНІ: Қиыншылыққа мойып қалсақ, өмірдің тауқыметін көтеруге күшіміз қалмай қалады. Ал үміт бізге күш беріп, алға жетелейді. Үмітіміз болса, біз қиыншылықтарымыздың көбісі уақытша екенін түсінеміз. Олардың арты тіпті жақсылыққа ұласуы мүмкін.

НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ? Келер күннен жақсылықты күтуге тырысыңыз. Ертең не болар екен деп уайымдай берудің не қолайлы сәтті күтіп отыра берудің орнына, қойған мақсаттарыңызға жетуге әрекеттеніңіз. Бірақ сонда да кейде “кездейсоқ жағдайлар” болып жатады (Уағыздаушы 9:11). Дегенмен жиі жағдайлар біз күткеннен жақсы болып шығады. Осыған байланысты Киелі кітапта егістікті мысалға алып былай делінген: “Тұқымыңды таңертең сеп, кешке дейін де қолың тыным таппасын. Өйткені қайсысының өніп шығатынын: анауы ма, мынауы ма, әлде екеуі де ме — мұны білмейсің” (Уағыздаушы 11:6).

ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫ

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Маған түсінік сыйлашы... Сенің сөзің — түптамырымен шындық” (Зәбүр 119:144, 160).

БҰЛ СӨЗДЕРДІҢ МӘНІ: Киелі кітапта әр адамның көкейіндегі сұрақтарына жауап табылады. Мысалы, мынандай сұрақтар:

  • Өмірге не үшін келдік?

  • Неге біз қасірет шегеміз?

  • Өлген соң адаммен не болады?

  • Болашақтан не күтеміз?

Осы және басқа да сұрақтарына Киелі кітаптан жауап алып, миллиондаған адамның өмірі жақсара түскен.

НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ? Киелі кітаптың не нәрсеге үйрететінін өзіңіз үшін біліп алыңыз. Кез келген Ехоба куәгерінен Киелі кітапты түсіндіріп беруін сұрасаңыз болады. Біздің ресми jw.org сайтымызға кіріңіз немесе көпшілікке арналған жиындарымызға келіңіз. Кіру тегін.

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ҚОСЫМША КЕҢЕСТЕР

Бір әйел jw.org сайтынан “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” бейнеролигін қарап отыр

jw.org сайтынан “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” деген бейнероликті көріңіз. Оны 880-нен астам тілде көруге болады.

ҚҰДАЙ ТУРАЛЫ БІЛІМ АЛЫП, ОНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫМЕН ӨМІР СҮРІҢІЗ

“Құдайды танып-білгісі келетіндер бақытты” (МАТАЙ 5:3).

КИЕЛІ КІТАПТА ҚҰДАЙ ЖАЙЛЫ НЕ АЙТЫЛҒАНЫН ТОЛЫҒЫРАҚ БІЛІҢІЗ

“[Құдайды] іздесін әрі... тауып алсын... Ол әрқайсысымыздан алыс емес” (ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 17:27).

КИЕЛІ КІТАПТА ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫ ОҚЫП, МӘНІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛАҢЫЗ

“Ол Ехобаныңa заңынан қуаныш табады, Оның заңы жөнінде күні-түні ой жүгіртеді... Оның әрбір ісі сәтті болады” (ЗӘБҮР 1:2, 3 сілтеме).

a Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу