Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g19 № 2 6—7 бет.
  • Кішіпейілділік — кісілік белгісі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кішіпейілділік — кісілік белгісі
  • Ояныңдар! 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КІШІПЕЙІЛДІЛІК ДЕГЕН НЕ?
  • КІШІПЕЙІЛ БОЛУ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?
  • КІШІПЕЙІЛДІЛІККЕ БАУЛУ
  • Шынайы кішіпейілділік дамытыңдар
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Кішіпейілділік — Құдай қадірлейтін көркем мінез
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Балаға өзін кіші тұтуды үйрету
    Ояныңдар! 2017
  • “Өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2019
g19 № 2 6—7 бет.
Бала қоқыс шығарып жатыр

2-КЕҢЕС

Кішіпейілділік — кісілік белгісі

КІШІПЕЙІЛДІЛІК ДЕГЕН НЕ?

Кішіпейіл адамдар құрметшіл келеді. Олар менменсініп, кеуде кермейді, өзгелерден ерекше құрмет күтпейді. Қайта, өздері басқаларға шын ықылас білдіреді, әрі олардан үйренуге асық келеді.

Кейде кішік болуды әлсіз болумен шатастырып жатады. Бірақ шын мәнінде кішіпейілділік — әлсіздік емес, күштілік. Өйткені бұл қасиет адамға қателігін түсінуге, шама-шарқын мойындай білуге көмектеседі.

КІШІПЕЙІЛ БОЛУ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

  • Кішілік достыққа бастайды. “Нарциссизм дерті” атты кітапта: “Негізі, кішіпейіл адамдар достарды тез табады. Ондай адамдар қайда жүрсе де, басқалармен тіл табысып жүреді”,— делінген.

  • Кішіпейілдің келешегі бар. Балаңызды бүгіннен кішіпейілділікке баулысаңыз, ертеңгі күні оған жұмыс табу қиынға соқпайды. Дәрігер-психолог Леонард Сакс былай деп жазады: “Өзі жайында тым жоғары ойлап, кемші тұстарым жоқ дейтін жастар жұмысқа тұру үшін сұхбатқа барғанда, өзі жайында жағымсыз пікір қалдырады. Ал, керісінше, жұмыс берушінің не талап ететінін шынымен білгісі келетін жастар әдетте жұмысқа оңай тұрып жатады”a.

КІШІПЕЙІЛДІЛІККЕ БАУЛУ

Өзі жайлы артық ойламауды үйретіңіз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Кім шын мәнінде ешкім емес бола тұра, өзі туралы жоғары ойда болса, өз-өзін алдайды” (Ғалаттықтарға 6:3).

  • Шындықтан алыс сөздерді айтпаңыз. “Сен аңсаған арманыңа міндетті түрде жетесің”, “кім болғың келсе, сол бола аласың” деген сияқты сөздер балаға серпін беретіндей көрінер, алайда бұл шындыққа жанаса бермейді. Балаңыз ақылға қонымды мақсаттар қойып, соларға барынша ұмтылса, әлдеқайда көп жетістікке жетеді.

  • Нақты бір ісі үшін мақтаңыз. “Сен жақсысың, сен күштісің” деген жалпылама сөздер баланы кішіпейілділікке бастамайды. Сондықтан баланың өзін емес, нақты бір ісін мақтаңыз.

  • Әлеуметтік желіден аластатыңыз. Әдетте әлеуметтік желіде адамдар өз бастарын жарнамалап, дарындарын, атқарған бар істерін көрмеге қойғандай болады. Алайда бұл кішіпейілділікке қарама-қайшы.

  • Бірден кешірім сұрауға үйретіңіз. Балаңызға өз қателігін көре біліп, оны мойындауға көмектесіңіз.

Жүрегіне алғысты ұялатыңыз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Әрдайым алғыс білдіріңдер” (Қолостықтарға 3:15).

  • Жаратылыс әлемі үшін алғыс. Балалар табиғат ғажайыптары үшін ризашылық сезініп, адам оларға қаншалықты тәуелді екенін түсіну керек. Бізге тыныстайтын ауа, ішетін су, жейтін тамақ қажет. Осы мысалдар арқылы табиғат таңғажайыптары үшін бойларында ризашылық оятып, таңданыс туғызыңыз.

  • Адамдарды бағалау. Балаңызға әр адамның бойында қандай да бір мықты жағы бар екенін есіне салып тұрыңыз. “Ол неге менен мықты?” деп қабілеттеріне қызғана қараудың орнына, олардан үйренуге дағдыландырыңыз.

  • Алғыс білдіру. Балаңызға рақметті құр ауызбен емес, жүрекпен түсініп айтуды үйретіңіз. Әдетте алғысты білетін бала кішіпейілділіктен аттап кетпейді.

Жақсылық жасау игілікті екенін үйретіңіз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Кішіпейілділікпен басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар. Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” (Філіпіліктерге 2:3, 4).

  • Балаңызды үй шаруаларынан шеттетпеңіз. Балаңызға “үй шаруасына көмектеспей-ақ қой” деп айтатын болсаңыз, оның санасында “үй шаруасынан гөрі менің ісім маңыздырақ екен ғой” деген ой қалыптасады. Бала әуелі үйдегі жұмыстарға қолғабыс етсін, сосын барып ойнасын. Оның еңбегінің пайдасы өзгелерге тиетінін айтыңыз. Үйдегілер сол үшін оған рақметін жаудырып, оны мақтан тұтатынын да айтыңыз.

  • Жақсылық жасау қайырлы іс екенін айтыңыз. Бұл баланың есейіп, толысуына көмектеседі. Сондықтан көмекке мұқтаж жандарды байқай білуге үйретіңіз. Оларға қалай қол ұшын бере алатынын балаңызбен бірге талқылаңыз. Ол біреуге көмектескенде, оны мақтаңыз әрі оған қолдау көрсетіңіз.

a “The Collapse of Parenting” деген кітаптан алынған.

Бала қоқыс шығарып жатыр

БҮГІННЕН БАСТАҢЫЗ

Үйінде кез келген қарапайым жұмысты істеуге дағдыланған бала өскен кезде өзгелермен жақсы істесетін болады

Үлгіңіз сөйлесін

  • Мен де кей кездері көмекке мұқтаж екенімді балаларыма айтамын ба?

  • Өзгелердің жақсылығын асырып айтамын ба, әлде кемітіп пе?

  • Басқаларға жақсылық жасауға асық екенімді балаларым байқай ма?

Ата-аналардың айтары...

“Қызымыз мектептегі бір сыныптасы туралы айтып берді. Оның айтуынша, ол қыздың қылықтары ешкімге ұнамайды екен. Мен қызыма оның үйінде қандай да бір қиындықтары бар шығар деп айттым. Барлық отбасында жағдай бірдей бола бермейді ғой. Бұл қызымызға өзін ешкімнен артық санамауға, өзі емес, тек жағдайы жақсырақ екенін түсінуге көмектесті” (Карен).

“Қыздарымызға жұрттың балаларымен өздерін салыстырмай, сабақтарын шамалары келгенше оқып, мектепте алып жатқан білімнің қызығын көруге талпындырамыз. Біз оларды ешкіммен салыстырмайтынымызды айтып отырамыз” (Марианна).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу