Қиындықтар дауылдай буырқанғанда, адалдық некеңізді сақтайтын зәкір болмақ
ЖҰБАЙЛАР ҮШІН
1 Адалдық
НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
Некеге адал болуды шешкен ерлі-зайыптылар оған мәңгілік одақ деп қарайды. Сондықтан да олар өздерін берік қорғанның артында тұрғандай қауіпсіз сезінеді. Мұндай жұбайлар тіпті қиын шақтарда да қосағы ақ некені ардақтайтынына сенімді.
Кейбір жұбайлар туған-туыстарының яки таныстарының көңіліне бола некелерін сақтауға мәжбүр. Алайда бұған некелеріне деген адалдықтары қозғау салса игі болар еді. Мұндай адалдық, әрине, махаббат пен сый-құрметтен туындайды.
КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Күйеу әйелінен кетпеу керек” (Қорынттықтарға 1-хат 7:11).
“Некеңізге адал болуға нық бекінсеңіз, ренжуге асықпайсыз. Қайта, кешіре салуға да, кешірім сұрауға да дайын боласыз. Отбасында туындаған қиындықтарға алынбас қамал деп емес, айналып өтуге болатын бөгет деп қарайсыз” (Михайлa).
НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
Некелерін сақтап қалуға іштей бекінбеген ерлі-зайыптылар қиындықтарға кезіккенде, әдетте “мінезіміз жараспады” деп пайымдап, айырылысудың жолын іздей бастайды.
“Көп адам “ештеңе шықпаса ажыраса саламын” деген оймен неке құрып жатады. Осындай оймен үйленгендер алғашқы күннен-ақ неке адалдығын шайқалтады” (Жанна).
НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
ӨЗІҢІЗДІ ТЕКСЕРІП КӨРІҢІЗ
Ұрыс-керіс үстінде...
“Осы адамға қайдан ғана жолықтым” деп өкінесіз бе?
Басқа біреуге кетіп қалуды армандайсыз ба?
“Сенен кетем!” немесе “Менің қадірімді білетін адамды тауып аламын” деген сияқты сөздер айтасыз ба?
Осы сұрақтардың, кем дегенде, біреуіне “иә” деп жауап берсеңіз, онда некеге деген адалдығыңыздың тұғырын бекітетін кезі келді.
БІРГЕ ТАЛҚЫЛАҢЫЗДАР
Некеге деген адалдығымыз шайқалған жоқ па? Егер шайқалса, бұған не себеп болды?
Адалдығымызды нығайту үшін не істесек болады?
КӘДЕГЕ ЖАРАР
Жарыңызға оны сүйетініңізді жазып тұрыңыз.
Жұмыс орныңызға жарыңыздың суретін қойып, некеңізге адал екеніңізді көрсетіңіз.
Жұмыста я басқа кезде болсын, жарыңызға күнде қоңырау шалып тұрыңыз.
КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!” (Матай 19:6).
a Кейбір есімдер өзгертілген.