Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g17 № 6 8—9 бет.
  • Балаға өзін кіші тұтуды үйрету

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Балаға өзін кіші тұтуды үйрету
  • Ояныңдар! 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚИЫНДЫҚ
  • МҰНЫ БІЛГЕН ЖӨН
  • СІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
  • Кішіпейілділік — кісілік белгісі
    Ояныңдар! 2019
  • Шынайы кішіпейілділік дамытыңдар
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қиындыққа мойымауды үйрету
    Ояныңдар! 2019
  • Иса кішіпейілділіктің үлгісін көрсетті
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2017
g17 № 6 8—9 бет.
Анасы күтіп тұра береді деп ойлап отырған бала

ОТБАСЫҢЫЗ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН | АТА-АНА

Балаға өзін кіші тұтуды үйрету

ҚИЫНДЫҚ

  • Балаңыз тәкаппар мінез танытып жүр. Ол небәрі он жаста!

  • Ол өзін бәрінен артық санайды.

Сіз: “Балам неге мұндай болып кетті? Ол өзінің қадір-қасиетін біліп өссін деп едім. Бірақ ол өзін бәрінен артық санай бастапты”,— деп уайымдарсыз.

Балаға қадір-қасиетін түсірмей кішіпейіл болуды үйрету мүмкін бе?

Ата-анасы ханшайымдай отырған кішкентай қыздарына тағзым етіп жатыр

МҰНЫ БІЛГЕН ЖӨН

Соңғы ондаған жыл бойы ата-аналарға “Баланың бетінен қақпай, кез келген тілегін орындау керек”, “Бала айтарлықтай ештеңе істемесе де, мақтау сөздерді аямаған жөн”, “Баланы жазалау дұрыс емес” деген сияқты кеңестер беріліп келеді. Сондағы мақсаты — баланың қадір-қасиетін арттырып, өзінің ерекше екеніне сендіру. Бірақ мұндай тәрбие қандай нәтиже әкелуде? Бір кітапқа сай, ата-аналар осылайша балаларының өзімшіл әрі тәкаппар болып кетуіне жағдай жасап отыр (“Generation Me”).

Көп бала орынсыз мақтау естіп өскендіктен, есейген шақтарында көңіл қалдыратын жайттар мен қиындықтарға төтеп беруге және біреудің айтқан сынын көтеруге дәрмені жетпей жатады. Тек өз қалауларын іске асырып үйреніп қалған олар адамдармен баянды қарым-қатынас түзе алмайды. Осының салдарынан олардың көбісі уайым мен күйзелістен азап шегеді.

Баланың қадір-қасиеті күн сайын мақтау сөз естіген кезде емес, өзі қандай да бір жетістікке жеткен кезде артады. Демек, баланың өзіне деген сенімділігін арттыру жеткіліксіз. Ол қандай да бір істі таңдап, сол істе шыңдала түсуі қажет (Нақыл сөздер 22:29). Сондай-ақ ол өзгелердің қамын ойлауды үйренуі керек (Қорынттықтарға 1-хат 10:24). Ал мұның бәріне қол жеткізу үшін кішіпейілділік қажет.

СІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

Мақтауға тұрарлық ісін мақтаңыз. Мысалы, балаңыз емтиханнан жақсы өтсе, бұл үшін оны мақтап қойыңыз. Ал егер өте алмай қалса, бірден мұғалімді кінәлап шығудан аулақ болыңыз. Сонда балаңызға кішіпейіл болудың не екенін түсінуге көмектесесіз. Оған келесі емтиханды жақсылап тапсыру үшін не істеу керек екенін түсіндіріңіз. Балаңызды нақты бір жетістіктері үшін ғана мақтаңыз.

Қажет болса, жөнге салып отырыңыз. Әрине, бұл — балаға қателескен сайын ескерту жасап отыру керек деген сөз емес (Қолостықтарға 3:21). Бірақ айтарлықтай қателік жіберіп жатса, көз жұмып қарамаңыз. Балаңыз бұрыс көзқарас танытқан кезде де солай еткеніңіз жөн. Әйтпесе, бұл нәрселер оның бойына әбден сіңіп кетуі мүмкін.

Мысалы, балаңыздың мақтаншақ болып бара жатқанын байқадыңыз делік. Дер кезінде жөнге салмасаңыз, ол көкірек керіп, өзгелерді шеттете бастауы мүмкін. Сондықтан оған мақтаншақ адамды өзгелер жақтырмайтынын және соның кесірінен ұятқа қалуы мүмкін екенін айтып түсіндіріңіз (Нақыл сөздер 27:2). Өзі туралы байыпты көзқарастағы адам қабілеттерін бүкіл әлемге жар салуға тырыспайтынын да айтып өтіңіз. Осылай балаңызды сүйіспеншілікпен жөнге салып отырсаңыз, қадір-қасиетін түсірместен кішіпейіл болуға үйретесіз (Киелі кітаптың кеңесі: Матай 23:12).

Өмірдің шындығына дайындаңыз. Баланың асты-үстіне түсіп, әрбір сұрағанын орындай берсеңіз, ол маңғазданып кетуі мүмкін. Мысалы, балаңыз қалтаңыз көтермейтін нәрсе әперуді сұраса, оған қолда бар қаражатқа сай өмір сүрудің неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз. Немесе жоспарланған демалыстан бас тартуға тура келсе, оған өмірде мұндай келеңсіз сәттер болып тұратынын айтыңыз. Бәлкім, мұндай жағдайларда өзіңіз қалай әрекет ететініңізді айтып берерсіз. Балаңызды кез келген жағымсыз жағдайдан қорғаштай берудің орнына оны ересек кезінде кезігуі мүмкін өмірдің қиындықтарына дайындаңыз (Киелі кітаптың кеңесі: Нақыл сөздер 29:21).

Береген адам болуға талпындырыңыз. Оған “алғаннан гөрі берген бақытты” екеніне көз жеткізуге көмектесіңіз (Елшілердің істері 20:35). Мысалы, балаңызбен бірге базарға бару, көлікпен жеткізіп салу не үйдегі жөндеу жұмыстары сияқты көмекті мұқтаж ететін кісілердің тізімін жасаңыз. Кейін солардың біріне көмектесуге барар кезде балаңызды қасыңызға ертіп алыңыз. Сонда ол өзгелерге көмектесу сізді қуаныш пен қанағатқа бөлейтінін көре алады. Осылайша сіз балаңызға кішіпейіл болуды ең керемет жолмен — өз үлгіңізбен — үйретесіз (Киелі кітаптың кеңесі: Лұқа 6:38).

НЕГІЗГІ ТАРМАҚТАР

  • “Өзін жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен тұтқан әркім жоғарылатылады” (Матай 23:12).

  • “Қызметшіні жастайынан еркелетсең, ақырында алғысты білмей жүрер” (Нақыл сөздер 29:21).

  • “Беріңдер, сонда жұрт сендерге де береді” (Лұқа 6:38).

БАСҚАЛАРДЫ ӨЗІМІЗДЕН ЖОҒАРЫ ҚОЮ

Киелі кітапта былай делінген: “Күншіл не атаққұмар болмай, қайта, кішіпейілділікпен басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар. Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” (Філіпіліктерге 2:3, 4).

Осы кеңесті құлағына құйып өскен бала басқалардың қандай да бір салада өзінен жоғары болуы мүмкін екенін түсінеді. Қорытындыласақ, кішіпейілділік қасиеті балаға осы дүниеде кең етек алған өзімшілдік рухын жұқтырып алмауға көмектеседі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу