Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g17 № 4 10—11 бет.
  • Балалар есейіп, үйден кеткенде

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Балалар есейіп, үйден кеткенде
  • Ояныңдар! 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚИЫНДЫҚ
  • МҰНЫ БІЛГЕН ЖӨН
  • СІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
  • Ата-аналар, балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіздер
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Мәсіхшілік некеңіз баянды болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • ‘Некеге құрметпен қараңдар’
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ойларыңыз бір жерден шықпағанда
    Отбасыңыз берекелі болсын
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2017
g17 № 4 10—11 бет.
Үйдің бір бұрышында күйеуі теледидар қарап отыр, ал басқа бұрышында әйелі тоқып отыр

ОТБАСЫҢЫЗ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН | НЕКЕ

Балалар есейіп, үйден кеткенде

ҚИЫНДЫҚ

Ата-аналардың өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі — балалары есейіп, үйден кеткен кез. Балаларсыз қаңырап қалған ұяда ерлі-зайыптылар бір-бірін жатсынуы мүмкін. Гари Ньюман деген отбасы сарапшысы былай дейді: “Араларын қалай жақындатарын білмей жүрген ерлі-зайыптылар маған көп келеді. Өйткені балалары үйден кеткен соң, олардың ортақ әңгімелері де, ортақ істері де сарқылады” (“Emotional Infidelity”).

Бұл жағдай сізге таныс па? Олай болса, жұбайыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға әлі де кеш емес. Ол үшін, алдымен, бір-біріңізді бөтенсіп кетуге түрткі болған кейбір жайттарды қарастырып көрейік.

МҰНЫ БІЛГЕН ЖӨН

Жылдар бойы “барлығы тек балалар үшін” болып келді. Балалардың қамын жейтін көп ата-ана олардың қажеттіліктерін жұбайлық өмірлерінен жоғары қояды. Өздерінің ата-аналық міндеттеріне кірісіп кететіндері сонша — бір-біріне күйеу мен әйел болудан қалады. Мұндай жағдай балалар үйден кеткенде бірден-ақ көрініп қалады. Алпыс шамасындағы бір әйел былай дейді: “Балаларымызбен бірге тұрғанда, күйеуім екеуміздің істейтін әйтеуір бір тірлігіміз болушы еді. Қазір ол да жоқ. Тіпті бір-біріміздің қитығымызға тиіп жатамыз”.

Өмірдің осы бір жаңа кезеңіне дайын болмау. “Бұл кез көп ерлі-зайыпты үшін некеге жаңа тұрғанмен бірдей”,— дейді бір кітап (“Empty Nesting”). Өздерін байланыстыратын ортақ нәрселердің аз екенін байқаған жұбайлар әрқайсысы өз көңіліне жаққанды істеп, ерлі-зайыптылар емес, бөлмелес көршілер сияқты өмір сүріп кетеді.

Бірақ бір қуантатыны, сіз осы кезеңнен сүрінбей өте аласыз, тіпті өмір кітабыңыздағы осы жаңа тараудың игілігін де көре аласыз. Бұл орайда Киелі кітап сізге демеу болады. Қазір бұған көбірек тоқталайық.

СІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

Бейімделіңіз. Киелі кітапта есейген балалар туралы былай делінген: “Еркек әке-шешесін қалдырады” (Мұсаның 1-жазбасы 2:24). Сіз жарыңызбен бірге балаңызды бағып-қағып, ертеңгі ересек өміріне қажет барлық қасиетті бойына құйып келдіңіз. Осы тұрғыдан қарағанда, балаңыздың үйден кетіп, ересек өмірге аяқ басқаны — сіз үшін мақтанатын жайт (Киелі кітаптың кеңесі: Марқа 10:7).

Әрине, сіз балаларыңыз үшін әрдайым әке-шеше болып қала бересіз. Бірақ енді олар сіздің басқаруыңызға емес, көбінесе, кеңес беруіңізге мұқтаж. Осы жаңа рөліңіздің арқасында жұбайыңызға көбірек көңіл бөліп, балаларыңызбен де жақын болып қала аласызa (Киелі кітаптың кеңесі: Матай 19:6).

Жарыңызға шер тарқатыңыз. Өмірдің осы өткелінен қалай өтіп жатқаныңызды айтып, жарыңызбен сөйлесіңіз. Оның да айтар мұң-шері болса, мұқият тыңдаңыз. Сабырмен ден қойып, оны түсінуге тырысыңыз. Арадан қыл өтпестей тату болып кету үшін бірталай уақыт қажет шығар. Алайда бұл соған тұрарлық (Киелі кітаптың кеңесі: Қорынттықтарға 1-хат 13:4).

Иықтаса атқаратын жаңа іс табыңыз. Екеуіңіз бірге қандай мақсатқа жетіп, қандай жаңа іспен шұғылданып көргілеріңіз келетінін талқылаңыздар. Ұлыңызды ұяға, қызыңызды қияға қондырамын деп біраз тәжірибе жинаған боларсыз. Осы жағынан басқа отбасыларға көмектесіп көрсеңіз қайтеді?! (Киелі кітаптың кеңесі: Әйүп 12:12).

Алғашқы сезімді қайта оятыңыз. Сізді жарыңызға ғашық еткен асыл қасиеттері жайында ойланыңыз. Қосағыңызбен бірге отырып, өткен өміріңізге, ащы-тұщыны бірге тартқан жылдарға көз тастаңыз. Біле білсеңіз, өмірдің бұл жаңа парағы некелеріңізге жақсылық әкелуі мүмкін. Екеуіңіздің жұмыла күш салғандарыңыз некелеріңізді берік етіп, алғаш жанған сезім алауын қайта жалындатуы мүмкін.

a Егер әлі де бала тәрбиелеп отырған болсаңыз, жұбайыңызбен “біртұтас” екеніңізді ұмытпаңыз (Марқа 10:8). Әке-шешесінің берік қарым-қатынасын көрген бала өзін қауіпсіз сезінеді.

НЕГІЗГІ ТАРМАҚТАР

  • “Еркек әке-шешесін қалдырады” (Марқа 10:7).

  • “Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!” (Матай 19:6).

  • “Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді” (Қорынттықтарға 1-хат 13:4).

  • “Даналық қарияларда” (Әйүп 12:12).

Сальвадор мен Аврора

САЛЬВАДОР МЕН АВРОРА

“Қазір уақытымыз әлдеқайда көп болғандықтан, оны пайдалы өткізгіміз келді. Сөйтіп, балалы отбасыларға, жас жұбайларға көңіл бөлуді шештік. Біз басқаларға қол ұшын беруге әрі өмірден тоқығанымызды айтуға қуаныштымыз”.

Карло мен Катерина

КАРЛО МЕН КАТЕРИНА

“Өміріміздің қалпы өзгергенін ұғынуға біраз уақыт қажет болды. Жылдар бойы негізінен балаларымыз жайлы сөйлесіп келдік. Бірақ бірте-бірте өзіміз жайлы, өзіміз қызығатын нәрселер жайлы сөйлесуге көштік”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу