Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g17 № 2 8—9 бет.
  • Ата-анаң өмірден өткенде...

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ата-анаң өмірден өткенде...
  • Ояныңдар! 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚИЫНДЫҚ
  • МҰНЫ БІЛГЕН ЖӨН
  • СЕН НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫҢ?
  • Жастар қайғы жұтқанда
    Ояныңдар! 2017
  • Қайғыны жеңілдету: пайдалы кеңестер
    Ояныңдар! 2018
  • “Қайғырғандардың қайғысына ортақ болыңдар”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Ехобаның киелі рухын ренжітпеңдер!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2017
g17 № 2 8—9 бет.
Мола басында ересек адамның қолын ұстаған бала

ОТБАСЫҢЫЗ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН | ЖАСТАР

Ата-анаң өмірден өткенде...

ҚИЫНДЫҚ

Дэми деген қыз алты жасында әкесінен айырылды. Әкесі ми қан тамырының қалталанып кеңіп кетуінен (медицинада аневризма) көз жұмған еді. Дериктің әкесі жүрек ақауынан қайтыс болғанда, ол тоғыз жаста болған. Дженнидің анасы аналық без қатерлі ісігіне шалдығып, бір жыл ауырған соң дүниеден өттіa.

Бұл жастардың үшеуі де аяулы адамдарынан ерте айырылды. Сенің де басыңнан осындай жағдай өткен бе? Олай болса, бұл мақаладағы ойлар жаныңа жұбаныш болады деп үміттенемізb. Алдымен, қайғыру, құса болуға қатысты бірнеше жайтты анықтап алайық.

МҰНЫ БІЛГЕН ЖӨН

Қайғырудың жолдары бөлек. Әркім әртүрлі қайғыруы мүмкін. Жасөспірімдер жайлы бір еңбекте: “Жақын адам қайтыс болғанда қайғырудың белгілі бір үлгісі не ережесі жоқ”,— делінген (“Helping Teens Cope With Death”). Мұндай жағдайда ескеретін басты жайт — іштегі қасіретті тежемеу керек. Неге? Өйткені...

Қайғыны іште сақтау — зиян. Жоғарыда аты аталған Дженни былай дейді: “Кішкентай сіңлім үшін мен мықты болуым керек деп, сезімдерімді үнемі басып отырдым. Тіпті қазір де жаным ауырғанда, еш білдіртпей жүремін. Ал бұның зияны болмаса, келер пайдасы жоқ”.

Бұнымен мамандар да толықтай келіседі. Қайғы басқан жасөспірімдер жайлы бір кітапта: “Іштен шықпай, көміле берген сезім күндердің күнінде күтпеген жерден атылып шығады: адам я эмоциялық күйзеліске түседі я денсаулығы сыр береді”,— делінген (“The Grieving Teen”). Алқымына тығылған өксік пен қайғыны басамын деп, адам тіпті ішімдікке, есірткіге әуестеніп кетуі әбден мүмкін.

Қайғы түрлі сезімдер тудырады. Біреулері дүниеден өткен адамға “тастап кетті” деп ашуланса, басқалары Құдайды жазғырып жатады. Тағы басқалары кезінде марқұмға айтқан ағат сөздері, істеген істері үшін өкініп, өздерін жей бастайды.

Не керек, қайғының жолы — оңай жол емес. Соған қарамастан, жанымызды жұбатып, әрі қарай өмір сүруге болады екен. Қалай?

СЕН НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫҢ?

Біреумен сөйлес. Қабырғаң қайысқан бұл шақта адамдардан оқшаулануға бейім боларсың. Алайда туысыңа не досыңа шер тарқатып алсаң, жеңілдеп қалып, қайғының еңсеңді басып тастауына жол бермейсің (Киелі кітаптың кеңесі: Нақыл сөздер 18:24).

Күнделік арна. Дүниеден озған ата-анаң жайлы жаз: Онымен өткізген қандай сәттер сен үшін аса бағалы? Оның қандай ерекше қасиеттері болған? Солардың қайсысын сен де танытқың келеді?

Сені жағымсыз ойлар мазалап жүрсе ше? Марқұм ата-анаңа айтқан дөрекі сөздерің үшін қиналып жүрсең, не сезінетініңді және не үшін бұлай сезінетініңді дәптеріңе түсір. Мысалы, “әкемнің өлерінен бір күн бұрын онымен ұрсысып қалғаныма өзімді кінәлі сезінемін” деп жазып қойсаң болады.

Ал енді қателігіңді салмақтап көр. Жоғарыда аталған еңбекте былай делінген: “Сен жасаған ағаттығың үшін кешірім сұрайтын мүмкіндіктің болмайтынын білмедің ғой. Сондықтан бұл үшін өзіңді кінәлай алмайсың. Ертеңгі күні ешкімнің алдына кешірім сұрап бармайтындай мінсіз жүру — мүмкін емес нәрсе” (Киелі кітаптың кеңесі: Әйүп 10:1).

Өзіңді күт. Жеткілікті тынығып, жаттығу жасап, нәрлі тамақтан. Асқа тәбетің болмаса, тәбетің қалпына келгенше, күніне бірнеше рет пайдалы, жеңіл тамақтан жесең болады. Ішкі дертіңді пайдасыз тағаммен не ішімдікпен жеңемін деп ойлама. Бұлар жағдайды өршітпесе, еш түзетпейді.

Құдайға дұға ет. Киелі жазбаларда: “Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт, ол сені демейді”,— делінген (Зәбүр 55:22). Дұға айту — ішіңді ақтарып, жеңілдеу үшін табылған жай ғана амал емес. Ол — “қиындық көрген кездің бәрінде жұбататын” тірі Құдаймен тілдесу (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4).

Құдай қайғы жұтқан жандарды өзінің Сөзі Киелі кітап арқылы да жұбатады. Сол кітаптан марқұмдардың шын мәнінде қайда баратыны, қандай күйде екені және олардың қайта тірілетіні жайлы білгің келе ме?c (Киелі кітаптың кеңесі: Зәбүр 94:19).

a Дэми, Дерик пен Дженни жайлы келесі мақаладан толығырақ оқи аласың.

b Бұл мақалада ата-анадан айырылуға баса назар аударылғанмен, берілген кеңестердің бауыр не досың қайтыс болған жағдайда да көмегі тиеді.

c Бұл үшін “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” (орысша) кітабының 1-томындағы 16-тарауды қара. Оны www.jw.org/ru сайтында БАСЫЛЫМДАР деген жерден тегін жүктеп алуға болады.

НЕГІЗГІ ТАРМАҚТАР

  • “Туған бауырдан да жақын дос бар” (Нақыл сөздер 18:24).

  • “Ашына сөйлеп, назымды айтамын!” (Әйүп 10:1).

  • “Сарыуайымға салынғанымда, сен (Құдай) мені жұбатып, жаныма жай бердің” (Зәбүр 94:19).

ЖАҚСЫЛЫҚ ЕТЕ ЖҮР

“Менің отбасым да, өзім де Ехоба куәгеріміз. Біраз жыл бұрын біз танитын бір әйел қатерлі ісіктен көз жұмып, артында 3 және 6 жасар екі ұлы қалды. 17 жылдай бұрын әкем қайтыс болғанда, сіңлім екеуміз де осы жас шамасында едік.

Содан анам, сіңлім, інім төртеуміз әлгі отбасына көңіл бөле бастадық. Қонаққа шақырдық, сөйлескілері келгенде, әңгімелесіп жүрдік. Бірге уақыт өткізіп, біз жақтан не қажет болса, соны бердік: ойнау керек болса ойнап, тыңдау керек болса тыңдадық, ақыл-кеңесімізді де айтып отырдық.

Ата-анаңнан айырылу — жазылмас жара. Адам өз-өзіне келер, бірақ марқұмның орны әрдайым ойсырап тұрады. Әлгі отбасының қандай ауыр жағдайда екенін білемін. Сондықтан оларға көмектесіп жатқанымызға өте қуаныштымын. Біз сол отбасымен жақын болып кеттік және бір-бірімізге де жақындай түстік” (Дэми).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу