Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g17 № 2 4—6 бет.
  • Құдай Сөзінен спиритизм жайлы бірер сөз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Сөзінен спиритизм жайлы бірер сөз
  • Ояныңдар! 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚҰДАЙДАН КЕЛГЕН КҮШ ЕМЕС
  • Ехобаның көмегімен зұлым рухтарға қарсы тұрыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Зұлым рухани күштерге қарсы тұр
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Рухани жаратылыстар бізге қалай әсер етеді?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Шайтанға және оның залым әрекеттеріне қарсы тұрыңдар
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2017
g17 № 2 4—6 бет.
Теледидардан сиқырлық жайлы фильмдердің жарнамасын көріп отырған жұп

Көңіл көтеру индустриясы тылсым күштер тақырыбын да, кейіпкерлерін де назарды еріксіз жаулап алатындай етіп ұсынады. Сондықтан бізге абай болған жөн

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ТЫЛСЫМ КҮШ КІМНІҢ КҮШІ?

Құдай Сөзінен спиритизм жайлы бірер сөз

КӨПШІЛІК тылсым дүние, табиғаттан тыс күштер мен сиқыршылыққа секемшілдікпен қарап, я оларды кино өнеріндегі сценаристердің қиялынан туған дүние деп санайды. Алайда Киелі кітаптың бұл орайда айтары басқа. Ол жерде әрбірімізді спиритизмнен аулақ жүруді нықтап ескертеді. Соның бір мысалы Мұсаның 5-жазбасы 18:10—13 тармақтарында жазылған: “Араларыңда ешкім... сәуегейлік, сиқырлық, бал ашу, бақсы-балгерлік, дуалау, тәуіпке жүгіну, көріпкелдік, аруақтарды шақыру дегендермен айналыспасын”. Неліктен? “Мұндаймен айналысатындар Ехобағаa жеркенішті... Ал сендер Ехоба Құдайларыңның алдында кінәратсыз болыңдар”,— делінген.

Киелі кітап спиритизмнің барлық түрін не себепті қатаң айыптайды?

ҚҰДАЙДАН КЕЛГЕН КҮШ ЕМЕС

Киелі кітапта жер жаратылмас бұрын Құдайдың миллиондаған періштені жаратқаны айтылады (Әйүп 38:4, 7; Аян 5:11). Әр періштеге дұрыс не бұрыс әрекет етуге ерік берілген еді. Олардың кейбірі Құдайға қарсы шығуды шешті де, жерге қасірет әкелу үшін көктегі мекендерін тастап кетті. Содан жер беті зұлымдыққа толды (Мұсаның 1-жазбасы 6:2—5, 11; Яһуда 6).

Киелі кітап әлгі зұлым періштелердің миллиондаған адамды адастырып жіберуге шамасы келгенін айтады (Аян 12:9). Олар тіпті болашақты білу сияқты адамдарға тән қалауды бұрыс жолмен қанағаттандыруға итермеледі (Самуилдің 1-жазбасы 28:5, 7; Тімөтеге 1-хат 4:1).

Табиғаттан тысқары кей күштердің расында біреуге көмегі тиіп жатқандай көрінер (Қорынттықтарға 2-хат 11:14). Алайда мұның артында тұрған зұлым періштелердің көксеп отырғаны — адамдардың саналарын соқыр етіп, Құдай туралы шындықты жасыру (Қорынттықтарға 2-хат 4:4).

Құдай Сөзі зұлым рухтармен байланыс жасаудың ойыншық емес екенін ескертеді. Кезінде Иса пайғамбардың шәкірті болғалы жатқан кісілер осыны түсініп, қымбат тұрғанына қарамай, “сиқырлықпен айналысқан кітаптарын әкеліп, жұрттың көзінше өртеп жіберген” (Елшілердің істері 19:19).

Тылсым дүние жайлы оқып отырған әйел

“Жас қыздардың сиқыршылыққа сенуіне теледидардағы, фильмдер мен кітаптардағы қас сұлу әрі үйіріп әкететін жалмауыздар түрткі болып отырса керек” (Жастардан алынған сауалнама нәтижесі. “Гэлап”, 2014).

Бүгінде де спиритизммен байланысты кез келген іске, көңіл көтеруге мүлдем жоламауды шешкен адамдар көп. Марияb есімді қыздың 12 жасында болашақты, төнгелі тұрған бір қауіпті болжай алатындай қабілеті болған. Сыныптастарына таро картасын ашып беріп, болжамдары шындыққа ұласқанда, ол балгерлікке бас ұрады.

Мария бұл қабілетін адамдарға жақсылық жасасын деп берген Құдайдың сыйы деп жүрді. Бірақ ол былай дейді: “Мен бір жайтқа дал болдым. Басқаларға бал ашып бергеніммен, мен оны өзім үшін аша алмадым. Қанша қаласам да, өз болашағымды болжай алмадым”.

Көкірегін тескен сұрақтарға жауап таба алмаған Мария Құдайға дұға етеді. Көп ұзамай Ехоба куәгерлерін жолықтырып, Киелі кітапты зерттей бастайды. Ол көріпкелдік қабілетінің Құдайдан келмегенін біледі. Жаратушымен дос болғысы келсе, спиритизмге қатысы бар кез келген заттардан құтылу керектігін де түсінеді (Қорынттықтарға 1-хат 10:21). Сөйтіп, Мария бақсы-балгерлікпен байланысты кітаптары мен заттарының бәрін лақтырып тастайды. Бүгінде ол Киелі кітаптан білген шындық сөздерін басқаларға айтып жүр.

Даниел болса жасөспірім кезінде айрықша күштері бар кейіпкерлер жайлы фантастикалық шығармаларды сүйіп оқыған. “Мен қиял-ғажайып әлеміне сүңгітіп жіберетін өзім қатарлы кейіпкерлер жайлы оқығанды ұнататынмын”,— дейді ол. Уақыт өте келе Даниел сиқыршылық пен Шайтанға арналған рәсімдер жайлы кітап оқудан бас алмайтын болды. Ол: “Сол жайында оқып, сол жайында фильм көруге деген әуестігім күшті болды”,— дейді.

Киелі кітапты зерттегенінің арқасында Даниел енді не оқып, не көретініне аса мән беретін болды. “Мен сиқыршылықпен байланысы бар нәрселерімнің тізімін жасап, бәрін жойып жібердім. Ал өзіме маңызды бір сабақ алдым: Қорынттықтарға 1-хат 10:31-де “Бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!” деген сөздер бар. Енді өзімді мына сұрақ бойынша тексеріп отырамын: “Осы мәліметті оқысам, Құдайдың ұлылығына кереғар нәрсе істеп қоймаймын ба?” Жауабы “иә” болса, одан бас тартамын”.

jw.org сайтын оқып отырған әйел

Киелі кітаптың нұр шашатын шырағданмен теңестірілетіні бекер емес. Ол — спиритизмнің шын келбетін ашатын ерекше жарық көзі (Зәбүр 119:105). Бірақ онда басқа да жайттар ашылады. Мысалы, Киелі кітап зұлым рухтардан ада заманның келетінін уәде етеді. Сонда адамзат кең тыныс алып, өркендей түспек. Зәбүр 37:10, 11-де былай деп жазылған: “Көп ұзамай зұлымдар жоқ болады, тұрған жерлеріне қарайсың, бірақ оларды еш таппайсың. Ал момындар жерді мұра етеді, керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі”.

a Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдай есімі.

b Бұл мақаладағы есімдер өзгертілген.

Спиритизм деген не?

Спиритизм жұлдызнамамен, дуа жасау және сиқыршылықпен байланысты. Көптеген елде адамдар бақсы не “арқасы бар” адам арқылы жындармен байланысқа түседі. Басқалары жұлдыздарға қарайды, бір жайтты ырым етеді, сиқырлы кристалды қолданады, біреудің алақанына қарап жориды я өздерінікін жорытады. Осылай болашақтарын тылсым дүниеден іздейді.

Кітап-журнал мен фильмдер спиритизмді еш жамандығы жоқ қызықты нәрсе етіп көрсетеді. Байланыс саласындағы мамандардың байқауынша, телебағдарламалар мен фильмдердің тылсым дүниені қалай суреттейтіні адамдардың көзқарастарына қатты әсер ететін тәрізді.

Киелі кітап не нәрсеге үйретеді?

Сізді “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының 10-тарауынан осы тақырып жайлы көбірек білуге шақырамыз. Ехоба куәгерлері басып шығарған бұл кітапты jw.org/kk сайтынан тегін жүктеуге болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу