Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 3 12—13 бет.
  • Сенім

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сенім
  • Ояныңдар! 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Сенім деген не?
  • Сенімге ие болу неліктен маңызды?
  • Сенімге қалай ие бола аламыз?
  • Ехобаның уәделеріне деген сенімімізді көрсетейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Сенім — бізді мықты ететін қасиет
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Сен ізгі хабарға сенесің бе?
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жаратушыға деген сеніміңізді нығайтыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Ояныңдар! 2016
g16 № 3 12—13 бет.

ҚҰДАЙ СӨЗІНЕ ҮҢІЛЕЙІК

Сенім

“Сенім деген не?” деген сұраққа діндар адамдардың өздері тосылып, жауап бере алмай жатады. Осы бір сөздің мағынасына үңіліп, сенімге ие болудың неліктен маңызды екенін білейік.

Сенім деген не?

КЕЙБІР АДАМДАР НЕ ДЕЙДІ?

Көп адамның ойынша, сенімі бар адам деп растығын дәлелдейтін айғақ болмаса да, қандай да бір діни нанымды қабылдауға әзір адамды айтады. Мысалы, “мен Құдайға сенемін” дейтін кісіден: “Сіз Құдайға неліктен сенесіз?”— деп сұраса, ол: “Кішкентайымнан құлағыма құйғаны — осы”,— дейтін шығар. Осындай кездері сенімі бар адам мен нанғыш адамның арасында аса айырмашылық жоқтай көрінуі мүмкін.

КИЕЛІ КІТАП НЕ ДЕЙДІ?

“Сенім дегеніміз — негіз бар болғандықтан, үміттенгеннің жүзеге асатынына берік сену және көрінбейтін нәрселердің шын мәнінде бар екенінің айқын дәлелін көру” (Еврейлерге 11:1). “Негіз бар” деген сөз сенуге келелі себептер бар дегенді білдіреді. Демек, сенімге сезімнен я қалаудан әлдеқайда көп нәрсе кіреді. Сенім деген дәлелдерге негізделген сенімділікті білдіреді.

“Оның [Құдайдың] көзге көрінбейтін қасиеттері — мәңгілік күші мен құдайлық болмысы — дүние жаратылғаннан бері айқын. Бұларды оның жаратылыстарынан көріп, түсінуге болады, сондықтан олар Құдайды біле алмадық деп еш ақтала алмайды” (Римдіктерге 1:20).

Сенімге ие болу неліктен маңызды?

КИЕЛІ КІТАП НЕ ДЕЙДІ?

“Сенім болмаса, Құдайға ұнау мүмкін емес. Өйткені Құдайға жақындайтын әркім оның бар екеніне және өзін шын жүректен іздейтіндерге сый беретініне сену керек” (Еврейлерге 11:6).

Жоғарыда айтылғандай, көп адамға Құдайға сенуге алған тәрбиесі әсер еткен. Олар: “Бала кезімнен құлағыма құйғаны — осы”,— дейтін шығар. Алайда Құдай өзіне құлшылық ететіндерден одан да көп нәрсе күтеді. Ол өзінің тірі тұлға екеніне әрі адамзатты сүйетініне кәміл сенгенімізді қалайды. Сол үшін де Киелі жазбалар Құдайды шын жүректен іздеп, жақыннан танып-білуге шақырады.

“Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды” (Жақып 4:8).

Сенімге қалай ие бола аламыз?

КИЕЛІ КІТАП НЕ ДЕЙДІ?

Киелі жазбаларда: “Сенім сөзді естуден туады”,— деп жазылған (Римдіктерге 10:17). Демек, Құдайға сену үшін ең алдымен Киелі кітапта ол жайында не айтылғанын естіп-білуіміз қажет (Тімөтеге 2-хат 3:16). Киелі кітаптан білім алсаңыз көптеген маңызды сұрақтарға тиянақты жауап таба аласыз. Сұрақтардың кейбірі мыналар: Құдай деген кім? Оның тірі тұлға екеніне қандай дәлел бар? Құдай шынымен менің қамымды ойлай ма? Жаратушы Иеміз болашаққа қатысты нендей нәрселерді ойластырды?

A man looks closely at a butterfly

Жаратушының бар екеніне табиғат әлемінде дәлел жетіп-артылады

Ехоба куәгерлері сізге Киелі жазбалардан тәлім алуға көмектесе алады. Біздің jw.org/kk деген сайтта былай деп жазылған: “Ехоба куәгерлеріне Киелі кітаптан тәлім беру ұнайды, бірақ біз ешкімді өз дінімізді қабылдауға мәжбүрлемейміз. Қайта, әрбір адамның сенімге қатысты таңдау құқығын сыйлай отырып, Киелі кітап ілімдерімен таныстырамыз”.

Соңында айтарымыз, Киелі жазбалардағы сөздерді саралап-салмақтап, олардың ақиқат екеніне өзіңіз көз жеткізгенде ғана нағыз сенімге ие бола аласыз. І ғасырдағы Құдайдың қызметшілері де осылай еткен. “Олар естіген нәрселерінің растығына көздерін жеткізу үшін Жазбаларды күн сайын мұқият зерттеп, Құдай сөзін зор ықыласпен қабыл алған” (Елшілердің істері 17:11).

“Мәңгілік өмірге ие болу үшін сені, жалғыз шынайы Құдайды, және өзің жіберген Иса Мәсіхті танып-білу керек” (Жохан 17:3).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу