Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 7.12. 2—3 бет.
  • Адамдарға Құдайды тыңдауға көмектес

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адамдарға Құдайды тыңдауға көмектес
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Ұқсас мәлімет
  • “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” басылымын қолдану
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
  • “Құдайдан келген қуанышты хабар” кітапшасын қалай қолданамыз?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • “Әртүрлі адамдарға” уағызда
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Мына кітапшаларды қолданып жүрсің бе?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
km 7.12. 2—3 бет.

Адамдарға Құдайды тыңдауға көмектес

1. “Құдай патшалығы келсін!” деп аталған облыстық конгресте қандай кітапшалар жарық көрді және бұл құралдардың тиімділігі неде?

1 “Құдай патшалығы келсін!” деп аталған облыстық конгресте “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” және осы басылымның жеңілдетілген түрі “Құдайды тыңдаңыз” деп аталатын екі кітапша жарық көрді. Бұл басылымдардың мәтіні аз болғандықтан, олардың аударылуы тез және оңай. Сонымен “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшасының 431 тілге аударылуы мақұлданды.

2. Бұл кітапшалар әсіресе кімдерге пайдалы?

2 Бұл кітапшалар әсіресе кімдерге пайдалы болады? Дүниежүзі бойынша жиі туындайтын мына жағдайларды қарастырайық:

• Жариялаушы үй иесіне алғаш рет немесе қайта барғанда, оның сауаты жоқ екенін не нашар оқитынын байқайды.

• Жариялаушы әдебиеттеріміздің бірнешеуі ғана аударылған не бірде-біреуі аударылмаған тілде сөйлейтін адаммен әңгімелеседі. Я болмаса уағыздау аумағындағы адамдардың басым бөлігі өздері жақсы сөйлейтін тілде оқи алмайды.

• Жариялаушы өз аумағындағы құлағы естімейтін адамдарға ым тілінде уағыздайды.

• Ата-ана әлі оқи алмайтын кішкентай баласына шындықты үйретуді қалайды.

3. “Құдайды тыңдаңыз” кітапшасының беттерінен не көруге болады?

3 Бұл кітапшалар қалай көркемделген? “Құдайды тыңдаңыз” кітапшасында мәтін өте аз. Оның әр бетінің төменгі жағында басты ойларға нұсқайтын бір ғана жай сөйлем мен жазба орны келтірілген. Не үшін? Келесідей жағдайды елестетіп көрші: Әлдекім саған сен оқи алмайтын тілде кітапша ұсынды делік, ондағы әріптер де саған таныс емес шығар. Бұл кітапшаның ішінде әдемі суреттер болса да, мұндай мәтіні көп кітапша сен үшін қызықты болар ма еді? Сірә, қызықты болмас. Сол сияқты, сауаты жоқ адамдардың да мәтіні бар басылымдардан тартынуы ғажап емес. Сондықтан да бұл кітапшаның әр бетінде мұқият дайындалған суреттер бар. Бұл суреттер өз кезегімен талқылануы үшін тиісті бағыт белгілерімен бөлінген.

4. “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшасының беттерінен не көруге болады?

4 “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшасы мен “Құдайды тыңдаңыз” кітапшасының суреттері бірдей. Бұл кітапша нашар оқитын немесе оқуды үйреніп жүрген адамдармен зерттеу сабағын өткізуге арналған. Адаммен “Құдайды тыңдаңыз” кітапшасы бойынша зерттеу сабағын жүргізетін жариялаушы зерттеу барысында осы кітапшаны да қолдана алады. Екі беттен тұратын әр сабақтың жоғарғы сол жақ бұрышында сұрақ бар, ал ол сұрақтың жауабын сол беттерден табуға болады. Сондай-ақ суреттердің тұсында түсініктемелер мен жазба орындары келтірілген. Кітапшаның көп беттерінің төменгі жағында талқылауға арналған қосымша ойлар мен Киелі кітап сілтемелері бар. Бұны зерттеушінің қабілетіне қарай талқылауға болады.

5. Бұл кітапшаларды қашан және қалай қолдана аламыз?

5 Қолдану жолы. Үйден үйге жүріп уағыздағанда осы кітапшадағы ойлармен бөліссең болады. Бұл үшін үй иесін не қызықтыруы мүмкін екенін ойлану қажет. Жеке кітапшаңды қолданып, бір-екі суретті талқыласаң болады. Мүмкіндік болса, Киелі кітаптан тармақтар оқып бер (“Осы кітапшаны қолданып, қалай әңгіме бастауға болады?” деген қоршауды қара).

6. Осы кітапшаларды қолдана отырып Киелі кітап зерттеу сабағын қалай жүргізуге болады?

6 “Құдайды тыңдаңыз” кітапшасында сұрақтар жоқ болғандықтан, талқылау “Киелі кітап үйретеді” кітабын зерттегендей сұрақ-жауап ретінде өтілмейді. Кез келген мәдениеттің адамдары оқиғалар тыңдағанды ұнатады. Сондықтан кітапшадағы суреттерді қолданып, рухтың жетелеуімен жазылған Киелі кітап оқиғаларын баяндап бер. Не суреттелгенін түсіндір. Шабытпен сөйле. Зерттеушіден суретте не көрсетілгенін сұрап, бұған қатысты өз ойын айтуға талпындыр. Кітапшаның төменгі жағында келтірілген жазба орындарын оқы және сол тармақтардағы сөздер туралы онымен пікір алыс. Әңгімеге тарту үшін және мәліметті түсінгеніне көз жеткізу үшін сұрақтар қой. Егер ол “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшасы бойынша зерттеп жүрсе, әр суретті талқылағанда, тұсында келтірілген мәтін мен жазба орындарын бірге оқыңдар.

7. Киелі кітап зерттеушінің алға басуына қалай көмектесе аламыз?

7 Зерттеушіге алға басуға көмектес. Осындай талқылаудың арқасында зерттеушінің бойында Ехобаны өз бетінше танып-білу үшін оқуды үйренуге ықыласы оянады деп үміттенеміз (Мат. 5:3; Жох. 17:3). Сондықтан адаммен “Құдайды тыңдаңыз” кітапшасы бойынша зерттеп жүрсең, уақыт өте келе оған оқуды үйрете алатыныңды айтып, зерттеуді “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшасымен жалғастыруыңа болады. Зерттеуші осы кітапшалардың қайсысын зерттеп бітпесін, ол шомылдыру рәсімінен өтуге дайын болмайды. Киелі кітапты толығырақ түсінуі үшін, зерттеуді “Киелі кітап үйретеді” кітабы не басқа бір басылым бойынша жалғастыруың қажет.

8. Неліктен қызметте қолданатын жаңа құралдар үшін ризамыз?

8 Адамдар мәңгі өмірге ие болу үшін Әлемнің Әміршісін тыңдаулары қажет (Ишая 55:3). Ехоба “әртүрлі адамдардың”, соның ішінде оқи алмайтын адамдардың да, оған қалай мойынсұну керектігін білгенін қалайды (Тім. 1-х. 2:3, 4). Олай болса, адамдарға Құдайды тыңдауға үйретуде осындай жаңа құралдардың болғанына қаншалықты ризамыз десеңші!

[3-беттегі сурет]

Осы кітапшаны қолданып, қалай әңгіме бастауға болады?

Үй иесіне кітапшаның 2, 3-беттерін көрсетіп, былай деуіңе болады: “Осындай жерде өмір сүргіңіз келер ме еді? [Жауабын күт.] Киелі жазбаларда Құдай жақын арада жер бетін әдемі де тыныш мекенге айналдыратыны уәде етілген. Онда ауру мен кедейшілік болмайды. Ендеше мұндай жерде өмір сүру үшін не істеуіміз керектігіне назар аударыңызшы. [3-беттің жоғарғы жағында келтірілген Ишая 55:3 оқы.] Бұл жерде Құдайға “жақындап”, айтқандарына “құлақ түру” немесе тыңдау керектігі жазылған. Бірақ Құдайды қалай тыңдай аламыз?” 4, 5-беттерді ашып, осы сұрақтың жауабын талқыла. Ал егер уақыты болмаса, қайта кездесуге келісіп ал.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу