“Ехоба куәгерлері. Іс-әрекеттен көрінетін сенім, 2-бөлім: Жарық нұр шаша берсін”
1919 жылы Рутерфорд бауырлас пен оның серіктестері түрмеден босатылғаннан кейін, Киелі кітап зерттеушілерін алда үлкен жұмыс күтіп тұрған еді. “Ехоба куәгерлері. Іс-әрекеттен көрінетін сенім, 2-бөлім: Жарық нұр шаша берсін” бейнефильмінде көрсетілгендей, олар көптеген қарсылықтарға кезікті, Жазбаларды түсінуі тереңдей әрі сенімдері тазара түсті (Нақ. с. 4:18; Малх. 3:1—3; Жох. 15:20). Бейнефильмді көріп болған соң, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:
1) Киелі кітап зерттеушілері ізгі хабарды тарату үшін қандай тәсілдерді қолданды? 2) 1931 және 1935 жылдары өткен тарихи конгрестерде қандай хабарландырулар айтылды? 3) 1939 жылдың 1 қараша айындағы “Күзет мұнарасында” қандай маңызды мәлімет талқыланды? 4) Рутерфорд бауырлас Мэдисон-скуэр-гарденде “Үкімет пен тыныштық” деп аталатын баяндама айтып жатқанда, қандай жағдай орын алғанын баяндап бер. 5) Норр бауырластың “Тыныштық. Ол ұзаққа созыла ма?” атты баяндамасы несімен ерекше болды? 6) 1942 жылы уағыз ісін кеңейту үшін Ехоба куәгерлері қандай шаралар ұйымдастырды? 7) АҚШ-тағы, Канададағы және Грекиядағы кейбір сот істері туралы айтып бер. 8) Ғалақад мектебі уағыз ісінің өсіміне қалай септігін тигізді? 9) 1946 жылы қандай маңызды іске бастау берілді және неге? 10) Жүріс-тұрыстары Киелі кітаптағы талаптарға сай келетінін-келмейтініне көз жеткізу үшін Ехоба куәгерлері қандай қадамдар жасады? 11) Ұйымның құрылымы Киелі кітаптағы үлгіге барынша сай болуы үшін 1970 жылдары қандай өзгерістер енгізілгенін айтып бер. 12) Бұл бейнефильм Ехоба жағдайды толық қадағалайтынын және бұл шын мәнінде оның ұйымы екенін тереңірек түсінуіңе қалай көмектесті? 13) Бұл бейнефильм кедергілерге қарамастан әрі қарай да құлшына уағыздай беруге деген шешіміңді қалайша нығайта түсті? 14) Туыстарымыз бен зерттеушілерге және тағы басқаларға көмектесу үшін бұл бейнефильмді қалай қолдана аламыз?
Әрбір өткен күн Ехоба куәгерлерінің тарихына жаңа тарау болып енуде. Онда жазылған нәрселер біздің қызметке қосқан үлесіміз жайлы не айтпақ? Олай болса, бізге дейінгі бауырластарымызға еліктеп, әрі қарай да құлшына “жарық нұрын шаша” берейік (Қор. 2-х. 4:6).