Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 15.12. 16-б.
  • Есіңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Есіңде ме?
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Тимгад. Құмға көмілген қала өз құпияларын ашуда
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Сирия Пешиттасы Киелі кітаптың ертедегі аудармаларына жарық түсіреді
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Бір түс көрдім, тыңдаңыздаршы”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Есіңде ме?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 15.12. 16-б.

Есіңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандарын мұқият оқып шықтың ба? Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:

Мәсіхшілерге кремация жасауға бола ма?

Кремация жасай ма, жоқ па — әр адамның жеке шешімі. Киелі кітапта бұған қатысты нақты ештеңе айтылмаған, бірақ онда Саул патша мен оның ұлы Жонатанның мәйіттері өртеліп, кейін жерленгені баяндалған (Пат. 1-ж. 31:2, 8—13) (15.6. 7-бет).

Қайғылы жағдайлардың орын алып жатқанына Құдай кінәлі емес екеніне неге сенімді бола аламыз?

Құдай барлық әрекетінде әділ. Ол адал, шыншыл әрі әділетті. Сондай-ақ Ехоба жанашыр әрі мейірімді (Заң. қ. 32:4; Заб. 144:17; Жақ. 5:11) (1.7. 4-бет).

Қызмет аясын кеңейтіп, шетелге кеткендер қандай қиындықтарға кезігуі мүмкін?

1) Оларға жаңа өмір салтына бейімделу керек, 2) олар үйлерін сағынады, 3) оларға жергілікті бауырластармен достасу керек. Осындай қиындықтарды жеңе білген бауырластар мол батаға кенелген (15.7. 4, 5-беттер).

Неге Жүсіптің бауырлары оған қастандық жасады?

Бұған себеп болған жайттардың бірі — Жақыптың Жүсіпке ерекше көңіл бөліп, әдемі шапан сыйлауы. Бауырлары Жүсіпті көре алмай құлдыққа сатып жібереді (1.8. 11—13 беттер).

Неге жаңадан шыққан трактаттар тиімді әрі қолдануға оңай деуге болады?

Олардың бәрі біртектес. Әрбір трактат бізді ондағы сұрақты көрсетіп, Киелі кітапты оқып беруге талпындырады. Адам қалай жауап берсе де, трактатты ашып, Киелі кітапта не делінгенін көрсете аламыз. Әңгіменің соңында қайта келуге негіз болатын сұраққа назар аударсақ болады (15.8. 13, 14-беттер).

“Сирия Пешиттасы” деген не?

Арамей тілінің диалектісі болып табылатын сирия тілі б. з. ІІ не ІІІ ғасырында кеңінен қолданыла бастады. Грек жазбаларының кей бөліктері ең алғаш осы тілге аударылғанға ұқсайды. Сирия тіліндегі Киелі кітап аудармасы “Пешитта” деген атаумен танымал (1.9. 13, 14-беттер).

Қалай мәсіхші ата-ана балалары үшін жақсы “шопан” бола алады?

Балаларыңды жақсы білу үшін оларды тыңдау өте маңызды. Оларды рухани ас-сумен қамтамасыз етіп отыр. Сүйіспеншілікпен бағыт-бағдар бер. Әсіресе, балаң шындық жолында жүргеніне күмәндана бастаса, осылай еткенің жөн (15.9. 18—21 беттер).

Құдай Патшалығы билік еткенде не болмайды?

Ауру, өлім, жұмыссыздық, соғыс, ашаршылық пен кедейлік болмайды (1.10. 6, 7-беттер).

Қандай келісімнің арқасында Мәсіхпен бірге басқалар да билік ете алады?

Елшілерімен соңғы рет Құтқарылу мейрамының асын ішкен соң, Иса адал шәкірттерімен келісім жасасты. Бұл келісімді Патшалық келісімі деп атаймыз (Лұқа 22:28—30). Соның арқасында олар Исамен бірге көкте билік ететініне кәміл сенімді болды (15.10. 16, 17-беттер).

Шайтан шынымен де бар екеніне Киелі кітаптан екі дәлел келтір.

Киелі кітапта Исаны азғыру үшін Шайтанның онымен сөйлескені жазылған. Бұған қоса, Әйүптің күндерінде Шайтан Құдаймен сөйлескен. Бұл оқиғалардан Шайтанның шынымен бар екенін білеміз (1.11. 4, 5-беттер).

Елшілердің істері 15:14-те Жақып Құдайдың “атымен аталатын халық” деп кімдерді айтқан?

Ол Құдай өзінің “керемет қасиеттерін барлық жерде жариялау үшін таңдаған” әрі сол үшін шақырған яһуди және яһуди емес мәсіхшілерден тұратын нәсіл туралы айтқан (Пет. 1-х. 2:9, 10) (15.11. 24, 25-беттер).

Ежелгі Тимгад қайда орналасқан және оның кейбір тұрғындарының ұстанымы қандай болған?

Солтүстік Африкада (бүгіндегі Алжир) орналасқан Тимгад Рим империясына жатысты ірі қала болған. Қазба жұмыстары кезінде табылған келесі жазбадан оның кейбір тұрғындарының өмірге деген көзқарасын білуге болады: “Аң аулау, моншаға түсу, ойын ойнау және әзіл-күлкі — өмір деген осы!”. Олардың өмірлік ұстанымы Қорынттықтарға 1-хат 15:32-де жазылған сөздерге ұқсас болған (1.12. 8—10 беттер).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу