Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 1.4. 16—17 бет.
  • Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 4. Бүгінде Ехоба куәгерлері қалай ұйымдасқан?
  • Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?
    Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Ехобадан келген кітапқа сай ұйымдасқанбыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ехоба — тәртіптің Құдайы
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қауым қалай ұйымдастырылған және онда кімдер жетекшілік етеді?
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 1.4. 16—17 бет.

Құдай сөзінен білім алайық

Құдай қандай мақсатпен ұйым құрды?

Бұл мақалада жиі көтерілетін сұрақтарға көңіл бөлінеді. Олардың жауабын сіз Киелі кітаптан оқып біле аласыз. Ехоба куәгерлері осы сұрақтарды сізбен бірге қарастыруға қуанышты болады.

1. Құдай Исраил халқын не үшін құрды?

Құдай әулетбасы Ыбырайымның ұрпағынан халық ұйымдастырып, оларға заңдар жиынтығын берді. Ол бұл халықты Исраил деп атап, оларды шынайы ғибадаттың ошағы етті әрі өзінің Сөзі болып табылатын Киелі жазбаларды аманаттады (Забур 147:8, 9). Нәтижесінде басқа халықтардың барлығы жарылқанды (Жаратылыс 22:18 оқыңыз).

Ехоба Құдай Исраил халқына: “Сендер менің куәгерлерімсіңдер”,— деп, оларды өзінің куәгерлері ретінде таңдады (Ишая 43:10, 12 ЖД). Исраилдіктер Құдайға мойынсұнған кездің бәрінде заңның пайдасын көріп жүрді (Заңды қайталау 4:6). Осы халықтың тарихын зерттеу арқылы шынайы Құдай туралы көбірек біле аламыз.

2. Шынайы мәсіхшілер не үшін ұйым болып құрылды?

Кейіннен Исраил халқы Құдай ықыласынан айырылып қалды. Сондықтан Ехоба Құдай олардың орнын мәсіхшілер қауымымен алмастырды (Матай 21:43; 23:37, 38). Ертеректе исраилдіктер Құдайдың куәгерлері болатын. Ал бүгінде шынайы мәсіхшілер Ехобаның куәгерлері ретінде белгілі (Елшілердің істері 15:14, 17 оқыңыз).

Иса ізбасарларын қауым ретінде ұйымдастырып, оларға Ехоба туралы куәлік ету және барлық халықтан шәкірт дайындау ісін тапсырған (Матай 10:7, 11; 24:14; 28:19, 20). Бүгінде бұл іс өзінің шарықтау шегіне жетіп отыр. Ехобаға арналған шынайы ғибадат әртүрлі халықтан шыққан миллиондаған адамның басын біріктірді (Аян 7:9, 10). Сондай-ақ шынайы мәсіхшілер бір-бірін қолдап, жігерлендіру үшін де ұйымдасқан. Дүниежүзі бойынша өтетін қауым кездесулерінде олар Киелі кітапқа негізделген бір ғана бағдарлама бойынша тәлім алады (Еврейлерге 10:24, 25 оқыңыз).

3. Бүгінгі таңдағы Ехоба куәгерлерінің тарихы қалай басталды?

Бүгінде Ехоба куәгерлері ретінде белгілі ұйымның тарихы 1870 жылы бастау алған. Сол уақыттары бір топ адам Киелі кітапты зерттеп, сондағы ұмыт болған шындықтарды қайта аша бастады. Олар Исаның мәсіхшілер қауымын уағыз айту мақсатымен ұйымдастырғанын білген еді, сондықтан да Патшалық хабарын уағыздау ісін дүниежүзі бойынша жүргізе бастады. Ал 1931 жылдан бастап олар Ехоба куәгерлері деп аталатын болды (Елшілердің істері 1:8; 2:1, 4; 5:42 оқыңыз).

4. Бүгінде Ехоба куәгерлері қалай ұйымдасқан?

Бірінші ғасырда елшілер мен ақсақалдар Иерусалимде орналасқан басқарушы кеңесті құрайтын. Исаны қауымның Басы ретінде мойындайтын бұл кеңес жер-жердегі мәсіхшілер қауымына басшылық беріп отырған (Елшілердің істері 16:4, 5). Сол сияқты, біздің күнімізде де Ехоба куәгерлері Исаны өздерінің Басшылары ретінде мойындайды (Матай 23:9, 10). Сондай-ақ олар тәжірибелі ақсақалдардан құралған Басқарушы кеңестің 100 000-нан аса қауымдарға беріп отырған Жазбаларға негізделген басшылығы мен көмегінің пайдасын көруде. Әрбір қауымда лайықты ер кісілер бақылаушылар ретінде қызмет атқарады. Бұл адамдар Құдайдың отарын сүйіспеншілікпен қамқорлайды (Петірдің 1-хаты 5:2, 3 оқыңыз).

Ехоба куәгерлері ізгі хабарды уағыздау мен шәкірт дайындау ісін атқару үшін ұйымдасқан. Жер бетіндегі барлық халықтарға көмектесу мақсатымен олар Киелі кітапты зерттеуге арналған әдебиеттерді 500-ден аса тілге аударады әрі басып шығарып, таратады. Бірінші ғасырдағы елшілер сияқты олар үйме-үй жүріп уағыз айтады (Елшілердің істері 20:20). Олар шындықты білгісі келетін ақжүрек адамдарға Киелі кітапты зерттеуге көмектеседі. Ехоба Құдайдың халқы оған ұнамды болғысы келеді әрі басқалардың қамын ойлайды, сондықтан да бақытты адамдардан құралған ұйым болып табылады (Забур 32:12; Елшілердің істері 20:35 оқыңыз).

Көбірек мәлімет алғыңыз келсе, Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының 19-тарауын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу