Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.4. 7—8 бет.
  • Шешім қабылдайтын уақыт

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шешім қабылдайтын уақыт
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бәрі қайта қалпына келетін уақыт
  • Сіз жер бетінде мәңгі жасай аласыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
  • Құдай Тағаланың бізге жасаған жақсылығы қандай?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Иса пайғамбардың өлімі мен қайта тірілуі. Мұның сіз үшін қандай мәні бар?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жойылатын соңғы жау — өлім
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.4. 7—8 бет.

Шешім қабылдайтын уақыт

“Құдай адамды рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты” (Жаратылыс 1:27).

КИЕЛІ кітаптың алғашқы тарауындағы осы белгілі сөздер Құдайдың “өз уақытында әсем етіп жаратқан” ең керемет істерінің бірі, кемелді адам жұбы Адам мен Хауаны, жаратқанын паш етеді (Екклесиаст 3:11 ЖД). Жаратушысы ретінде Ехоба Құдай оларға мынадай тапсырма берді: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға иелік етіңдер!” (Жаратылыс 1:28).

Осылай деуімен Құдай оларға өзінің ниетін білдірген болатын. Олар өсіп-өніп көбеюі және жерді күтіп-баптап, бүкіл жер бетін жұмаққа айналдыруы керек еді. Олар үшін өлулері керек болатын қандай да бір уақыт белгіленген жоқ-тын. Қайта, оларды керемет болашақ күтіп тұрды. Дұрыс шешім қабылдап, Құдайдың еркіне сай әрекет ету арқылы олар бақытты болып, нағыз тыныштықта мәңгі өмір сүре алар еді.

Адам мен Хауа бұрыс шешім қабылдады. Нәтижесінде, адам баласы қартайып өлетін болды. Адал кісі Әйүп: “Әйелден туған адамның күні қысқа, қайғыға толы”,— деген (Әйүп 14:1). Неге бұлай болды?

Киелі кітап былай деп түсіндіреді: “Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді. Адамдардың бәрі де ажалды болды, өйткені барлығы күнә жасады” (Римдіктерге 5:12). Бұл жердегі “бір адам” Құдайдың қарапайым да, анық өсиетін біле тұра бұзған Адам ата болатын (Жаратылыс 2:17). Осылай етуімен ол жер бетіндегі жұмақта мәңгі өмір сүру мүмкіндігінен айырылып қалды. Оның ұрпақтары да осындай керемет мүмкіндіктен айырылып, күнә мен өлімді мұра етті. Сонда ешқандай үміттің болмағаны ма?

Бәрі қайта қалпына келетін уақыт

Ғасырлар өте, забур жыршысы киелі рухтың жетелеуімен: “Әділдер жерге ие болып, онда мәңгі өмір сүреді”,— деген (Забур 37:29 ЖД). Жазбаларда Құдайдың жақында жүзеге асыратын істері Едем бағында берген уәдесінің орындалатынына сенімділік беретін мынадай керемет сөздермен суреттелген: “Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды”. Құдайдың өзі: “Енді бәрін де жаңадан жаратамын”,— деп сендіреді (Аян 21:4, 5).

Әр нәрсенің өз уақыты болатын болса, “Құдайдың керемет уәдесі орындалып, бәрі қайта қалпына келетін уақыт қашан келеді?” деген сұрақ туындайды. Осы журналды басып шығарған Ехоба куәгерлері адамдарға Киелі кітапта ‘соңғы дәуір’ деп аталған уақытта өмір сүріп жатқанымызды және Құдайдың ‘бәрін де жаңадан жарататын’ кезі жақын қалғанын айту үшін көп күш жұмсауда (Тімотеге 2-хат 3:1). Біз сізді Киелі кітапты зерттеп, өзіңіз ие бола алатын осы керемет болашақ туралы білуге шақырамыз. Сондай-ақ: “Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар!” — деген шақыруды қабыл алғаныңызды қалаймыз (Ишая 55:6). Сіздің тағдырыңыз маңдайыңызға жазылып қоймаған, мәңгілік болашағыңыз өз қолыңызда!

[8-беттегі сөздер]

“Енді бәрін де жаңадан жаратамын”

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу