Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.6. 18—22 бет.
  • Ехобаның билігін мойында

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның билігін мойында
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Біздің билікке деген көзқарасымыз
  • Түйсіну қабілетімізді машықтандырайық
  • Шайтан Құдайдың билігіне күмән тудыруға тырысады
  • Тәуелсіздік рухынан сақтан
  • Кішіпейіл болу маңызды
  • Неге билікке құрметпен қарауымыз керек?
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Билікті сыйлау. Ол неліктен маңызды?
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қандай билікті мойындауың керек?
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Билігі барларды құрметтеңіз
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.6. 18—22 бет.

Ехобаның билігін мойында

“Өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес” (ЖОХ. 1-Х. 5:3).

1, 2. а) Неге адамдардың көбісі өзгенің билігін мойындағысы келмейді? ә) Билікке кереғар әрекет ететін адамдарды шынымен тәуелсіз деуге бола ма? Түсіндіріңдер.

БҮГІНДЕ адамдардың көбісі өзгенің ырқына көнгісі келмейді. Өзгенің билігіне кереғар әрекет ететін мұндай адамдар “не істесем де, өзім білемін” деген көзқарасты ұстанады. Бірақ оларды шынымен ешкімге не еш нәрсеге тәуелді емес деуге бола ма? Жоқ. Олардың басым көпшілігі осы ‘күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі ететін’ көпшіліктің ырқымен жүр (Рим. 12:2). Тәуелсіз болмақ түгіл бұл адамдар, елші Петірдің сөзімен айтқанда, ‘азғындықтың құлдығында’ (Пет. 2-х. 2:19). Олар ‘осы күнәкар дүниенің дәстүріне сай өмір сүріп, ауа іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісінің’, Шайтан Ібілістің, жетегінде жүр (Ефес. 2:2).

2 Бір жазушы: “Мен ешкімнің — мейлі, ата-анам, дінбасы... не Киелі кітап болсын — маған ненің дұрыс екенін нұсқауына жол бермеймін”,— деп бөсті. Рас, кейбіреулер өз билігін теріс қолданып жатады, сондықтан мойынсұнуға лайық та емес шығар. Бірақ бізге басшылық қажет екенін мойындамағанымыз мәселені шеше ме? Газет беттерінен көретініміздей, мұнымен мәселе шешілмейді. Адамзат басшылыққа аса зәру болып отырған шақта басым көпшіліктің одан бас тартуға бейім болып бара жатқаны өте өкінішті!

Біздің билікке деген көзқарасымыз

3. Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер билігі барлардың айтқандарын ойланбастан істей бермейтіндерін қалай көрсеткен?

3 Біздің, мәсіхшілердің, көзқарасымыз осы дүниедегілердікінен өзгеше. Бұл біз айтылғанды ойланбастан істей береміз дегенді білдірмейді. Керісінше, кейде тіпті билігі бар адамдарға бағынудан бас тартуымыз керек болып жатады. Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер де солай еткен. Мәселен, елшілерге уағыздауға тыйым салынғанда, олар бас діни қызметкер мен Жоғарғы кеңестің басқа да беделді адамдарының талабын орындаған жоқ. Олар билігі барлардың ығына жығыламыз деп, дұрыс нәрсені істеуден қалған жоқ (Елшілердің істері 5:27—29 оқы).

4. Еврей жазбаларындағы қандай мысалдардан Құдайдың көптеген қызметшілерінің өзгенің ырқымен жүре бермегені көрінеді?

4 Осындай мәселеде Құдайдың ежелгі қызметшілері де табанды болған. Мысалы, патшаның қаһарына ұшырайтынына қарамай, Мұса ‘перғауын қызының баласы деп аталудан бас тартып, күнәкар өмірдің өткінші рақатынан гөрі Құдай халқымен бірге жәбірленуді таңдады’ (Евр. 11:24, 25, 27). Жүсіп Потифардың әйелі өшін алуға құдіреті жететінін білсе де, оның айтқанына көнбеді (Жар. 39:7—9). Даниял өтінішін орындау бас уәзірге қаншалықты қиын болғанына қарамастан, ‘патша дастарқанынан ас жеп, аузын арамдамасқа бекінді’ (Дан. 1:8—14). Бұл мысалдардан көретініміз — нәтижесі қандай болатынына қарамастан, Құдай халқы дұрыс нәрсені істеуде әрдайым табанды болған. Олар адамдарға жағу үшін олардың ырқына жығыла салмаған. Біз де осылай етуіміз керек.

5. Қай жағынан біздің билікке деген көзқарасымыз осы дүниедегілердікінен өзгеше?

5 Біздің табандылығымызды қыңырлықпен немесе мемлекет саясатымен келіспейтінін көрсету үшін бүлік шығаратындардың бір беттігімен шатастырмау керек. Біз Ехобаның билігін адамдардың кез келген билігінен жоғары қоюға бел буғанбыз, міне, сондықтан табандылық танытамыз. Адамдар заңы Құдайдікіне қайшы келсе, бізге не істеу керектігі белгілі: бірінші ғасырдағы елшілер сияқты, адамдардан гөрі Құдайды көбірек тыңдаймыз.

6. Неге Ехобаның өсиеттеріне мойынсұнғанымыз әрқашан пайдалы?

6 Неге біз Құдайдың билігін мойындаймыз? Өйткені Нақыл сөздер 3:5, 6-дағы: “Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені”,— деген сөздермен келісеміз. Сондай-ақ Құдайдың талаптарының бәрі түбінде біздің игілігіміз үшін екеніне сенеміз (Заң. қ. 10:12, 13). Ехобаның өзі исраилдіктерге ‘оларға пайдалыны үйретіп, түзу жолмен бастап алып жүретінін’ айтқан. Сосын, ол былай деген: “О, егер өсиеттеріме құлақ ассаңдар ғой! Сонда сендердегі амандық пен тыныштық сарқылмас өзен секілді, әділдік те теңіз толқындарындай шексіз болар еді!” (Ишая 48:17, 18). Біз осы сөздерге сенім артамыз. Құдайдың өсиеттеріне мойынсұнғанымыз әрқашан пайдамызға асатынына сенімдіміз.

7. Киелі кітаптағы қандай да бір талапты жете түсінбесек те не істеуіміз керек?

7 Біз Киелі кітаптағы кейбір талаптарды жете түсінбесек те, Ехобаның билігін мойындап, оған бойсұнамыз. Мұны соқыр сенімнің жетегінде жүргендіктен емес, сенім артқандықтан істейміз. Осылайша Ехобаның біз үшін ненің жақсы екенін білетініне шын жүректен сенетінімізді көрсетеміз. Сондай-ақ Құдайға бойсұнуымызбен оны сүйетінімізді де көрсетеміз. Елші Жохан: “Өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес”,— деп жазған (Жох. 1-х. 5:3). Алайда Құдайға мойынсұнудың тағы бір қыры бар. Оны да назардан тыс қалдырмауымыз керек.

Түйсіну қабілетімізді машықтандырайық

8. ‘Түйсіну қабілетімізді машықтандырудың’ Ехобаның билігін мойындаумен қандай байланысы бар?

8 Киелі кітапта “түйсіну қабілетімізді жақсы мен жаманды айыруға машықтандыруымыз” керектігі айтылған (Евр. 5:14, ЖД). Сондықтан біз Құдай заңдарына ойланбай мойынсұна бермейміз, қайта, Ехобаның нормаларына негізделе отырып, ‘жақсы мен жаманды айыра’ алатындай болуды қалаймыз. Біз Ехобаның өсиеттерінің дана екенін көргіміз келеді. Сонда забур жыршысы сияқты: “Сенің заңдарың... жүрек түкпірімде сақтаулы тұр”,— дей алатын боламыз (Заб. 39:9).

9. Қалай ар-ұжданымызды Ехобаның нормалары бойынша тәрбиелей аламыз және неге бұл маңызды?

9 Забур жыршысы секілді Құдай заңдарын жоғары бағалау үшін, Киелі кітаптан оқығандарымыз жайлы ой жүгіртуіміз керек. Мәселен, Ехобаның қандай да бір талабы жайлы оқығанда, өзімізден былай деп сұрауымызға болады: “Неге бұл талапты не принципті дана деуге болады? Оған құлақ асудың мен үшін қандай пайдасы бар? Ал оған құлақ аспағандар неге ұшыраған?” Осылайша ар-ұжданымызды Ехобаның нормалары бойынша тәрбиелесек, оның еркіне сай шешімдер қабылдайтын, яғни ‘Құдайдың еркін біліп алып’, Ехобаға мойынсұнып өмір сүретін боламыз (Ефес. 5:17). Алайда бұл оңай бола бермейді.

Шайтан Құдайдың билігіне күмән тудыруға тырысады

10. Қай салада Шайтан Құдайдың билігіне күмән тудыруға тырысады?

10 Шайтан бұрыннан бері Құдайдың билігіне күмән тудыруға тырысып келеді. Оның тәуелсіздік рухы көп нәрседен байқалады. Мысалы, көп адамдар Құдайдың орнатқан құрылымы — некеге құрметпен қарамайды. Кейбіреулер некелерін заңдастырмай-ақ тұра берсе, өзге біреулер зайыбынан құтылудың жолын іздейді. Бұл екі топтың адамдары да бір әйгілі актрисаның: “Еркек үшін де, әйел үшін де бір ғана адаммен өмір сүру мүмкін емес”,— деген сөздерін қоштайтын шығар. Сосын, ол: “Мен жұбайына адал немесе адал болуды қалайтын адамды білмеймін”,— деп қосты. Аты шулы тағы бір актёр әйелдермен қатынасында жолы болмаған жағдайларды сөз еткенде, осыған ұқсас ой айтып: “Өмір бойы бір адаммен тұру біздің болмысымызға жат па деп қалдым”,— деді. Біз өзімізден: “Некеге келгенде Ехобаның билігін мойындаймын ба, әлде менің көзқарасым осы дүниедегілердікіндей ме?”— деп сұрағанымыз дұрыс.

11, 12. а) Неге жастарға Ехобаның билігін мойындау оңай болмауы мүмкін? ә) Ехобаның заңдары мен принциптерін бұзудың жақсылыққа апармайтынын көрсететін мысал келтіріңдер.

11 Сен Ехобаның жас қызметшілерінің бірісің бе? Олай болса, Шайтан сені нысанасына алып, Ехобаның билігін мойындатпауға тырысуы мүмкін. ‘Жастықтың құмарлықтарына’ құрбыларыңның қысымы қосылғанда, Құдай заңдары ауыртпалық болып көріне бастауы мүмкін (Тім. 2-х. 2:22). Бірақ бұған жол берме. Құдайдың нормалары дана екенін көре біл. Мысалы, Киелі кітапта: “Азғындықтан аулақ болыңдар!”— делінген (Қор. 1-х. 6:18). Бұған қатысты өзіңнен: “Неге бұл бұйрықты дана деуге болады? Оған құлақ асудың мен үшін қандай пайдасы бар?”— деп сұрап көр. Бәлкім, Құдайдың осы кеңесіне құлақ аспай, басы тасқа тиген адамдарды білетін шығарсың. Қазір олар бақытты ма? Ехобаның халқымен араласып жүрген кездегіден жақсы өмір сүріп жатыр ма? Олар Құдайдың басқа қызметшілері құр қалғандай көрінетін бақыт көзін шынымен тапты ма? (Ишая 65:14 оқы).

12 Осыдан біраз уақыт бұрын Шерон деген бауырластың не айтқанына көңіл аударшы. Ол: “Ехобаның заңын бұзып, мен аса қатерлі ЖИТС ауруын жұқтырып алдым. Мен Ехобаға көп жыл бойы қуанышпен қызмет еткен кездерімді жиі есіме аламын”,— деді. Ол Ехобаның заңдарына мойынсұнбай ақымақтық жасағанын және кезінде олардың қадіріне жетпегенін мойындады. Иә, Ехобаның заңдары — біз үшін зор қорғаныш. Шерон жоғарыдағы сөздерін жазғаннан кейін, жеті аптадан соң дүние салды. Оның қайғылы оқиғасынан көретініміздей, осы зұлым дүниеге бет бұратындарға Шайтанның ұсынар еш жақсылығы жоқ. “Өтіріктің бастауы” болған ол уәдені үйіп-төгеді, бірақ кезінде Хауаға берген уәдесін орындамағынындай, ешқашан сөзінде тұрмайды (Жох. 8:44). Олай болса, Ехобаның билігін мойындаудан артық не бар?!

Тәуелсіздік рухынан сақтан

13. Қауымда қалай тәуелсіздік рухынан сақтануымыз керек?

13 Ехобаның билігін мойындайтын адам тәуелсіздік рухынан аулақ болады. Көкіректік көңілімізге “маған ешкімнің жөн сілтегені қажет емес” деген ой салар. Мысалы, Құдай халқының арасында басшылықты қолға алатындардың кеңесін қабылдамай қоюымыз мүмкін. Құдай өз халқына рухани ас-суды уақтылы беріп отыру үшін адал да ақылды құлды тағайындаған (Мат. 24:45—47, ЖД). Бүгінде Ехоба қамымызды ойлау үшін осы құл табын қолданып отырғанын кішіпейілділікпен мойындауымыз керек. Осы орайда адал елшілерден үлгі алайық. Шәкірттерінің кейбірі Исаның айтқандарын түсінбей, одан бас тартқанда, ол он екі елшісінен: “Сендердің де кеткілерің келе ме?”— деп сұрайды. Сонда Петір: “Ием, Сізден кетсек, кімге бармақпыз? Мәңгілік өмірге жеткізетін сөздер Сізде”,— деп жауап қатады (Жох. 6:66—68).

14, 15. Неге Киелі кітапқа негізделген кеңестерге кішіпейілділікпен құлақ асуымыз керек?

14 Ехобаның билігін мойындауға оның Сөзіне негізделген кеңестерге құлақ асу жатады. Мысалы, адал да ақылды құл бізді ‘сергек те салауатты жүруге’ шақырады (Сал. 1-х. 5:6). Бұл кеңес өте орынды, өйткені осы соңғы күндері адамдардың көбісі “өзімшіл, ақшақұмар” болып кеткен (Тім. 2-х. 3:1, 2). Кең тараған мұндай жағымсыз қасиеттер бізге де әсер етуі мүмкін бе? Иә, мүмкін. Осы дүниелік мақсаттар бізді рухани ұйықтатып тастауы немесе дүние-мүлікке деген құштарлық оятуы мүмкін (Лұқа 12:16—21). Олай болса, Киелі кітаптағы кеңеске құлақ асып, Шайтанның дүниесіне тән көзқарастан, яғни өз күйімізді күйлеп өмір сүруден, аулақ болғанымыз қалайша маңызды десеңші! (Жох. 1-х. 2:16).

15 Адал да ақылды құл дайындаған рухани ас-су қауымдарға ақсақалдар арқылы жеткізіледі. Киелі кітап бізді мынаған шақырады: “Жетекшілеріңе мойынсұнып, айтқандарын тыңдаңдар. Олар ұдайы рухани өмірлеріңнің қамын жеп, сол қызметтері туралы есеп беруге тиісті. Мұны қинала емес, қуана атқарулары үшін оларға бағыныңдар. Олай етпесеңдер, өздерің зиян көресіңдер” (Евр. 13:17). Бұл ақсақалдар ешқашан қателеспейді дегенді білдіре ме? Әрине, жоқ! Құдай олардың жіберген ағаттықтарын бізден де жақсы біледі. Сөйткенмен де бізді оларға бағынады деп күтеді. Кемелсіз екендеріне қарамастан, олармен қызметтес болғанымыз Ехобаның билігін мойындайтынымызды көрсетеді.

Кішіпейіл болу маңызды

16. Қалай біз мәсіхшілер қауымының Басы Исаға құрмет көрсете аламыз?

16 Біз қауымның Басы, негізінде, Иса екенін естен шығармауымыз керек (Қол. 1:18). Бұл — ақсақалдарды “айрықша құрметтеп”, басшылығына кішіпейілділікпен бағынуымыздың бір себебі (Сал. 1-х. 5:12, 13). Мойынсұнғыш екендерін ақсақалдар да көрсете алады. Олар мұны қауымға өз ойларын емес, Құдайдың хабарын мұқият жеткізуге тырысу арқылы істейді. Ақсақалдар ‘Киелі жазбаларда айтылғандардан артыққа барып’, өздері ойдан шығарған нәрсені үйретпейді (Қор. 1-х. 4:6).

17. Неге атаққұмар болу қауіпті?

17 Қауымдағылардың қай-қайсысы да өз даңқын асырып, абырой-атақ іздеуден аулақ болу керек (Нақ. с. 25:27). Елші Жоханның заманындағы бір мәсіхші осындай тұзаққа түсіп қалғанға ұқсайды. Сол себепті Жохан былай деп жазды: “Олардың басшысы болуға тырысып жүрген Диотреф бізді мойындамайды. Сондықтан барған кезде оның істегендерінің бәрін есіне саламын: ол бізді жаман сөзбен өсектеп жүр” (Жох. 3-х. 9, 10). Бүгінде бұдан біз мынадай сабақ аламыз: бойымызда атаққұмарлықтың нышанын байқай қалсақ, оны түп-тамырымен жоюымыз керек. Киелі кітапта: “Менмендік — күйреудің басы, Асқақтық — құлаудың алды”,— делінген. Құдайдың билігін мойындайтындар өз-өзіне тым сенімді болудан сақтануға тиіс, әйтпесе бұл абыройдан айырады (Нақ. с. 11:2; 16:18).

18. Ехобаның билігін мойындауға бізге не көмектеседі?

18 Ендеше сенің мақсатың — осы дүниенің тәуелсіздік рухына қарсы тұрып, Құдайдың билігін мойындау болсын. Ехобаға қызмет етіп, зор мәртебеге ие болып жүргенің туралы ризашылықпен ой жүгіртіп тұр. Құдай халқына қосылғаның — сені киелі рухымен оның өзі жақындатып тартқанының дәлелі (Жох. 6:44). Құдаймен қарым-қатынасыңа ешқашан атүсті қарама. Тәуелсіздік рухынан аулақ екеніңді және Ехобаның билігін мойындайтыныңды өміріңнің барлық саласында көрсетуге тырыс.

Естеріңде ме?

• Ехобаның билігін мойындауға не жатады?

• ‘Түйсіну қабілетімізді машықтандырудың’ Ехобаның билігін мойындаумен қандай байланысы бар?

• Өмірдің қандай салаларында Шайтан Құдайдың билігіне күмән тудыруға тырысады?

• Неге Ехобаның билігін мойындау үшін кішіпейілділік қажет?

[18-беттегі сурет]

“Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек!”

[20-беттегі сурет]

Ехобаның нормаларына сай әрекет ету әрқашан дұрыс

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу