Сілтеме
a Кейбір Киелі кітап зерттеушілерінің пікірінше, Яһуда Енохтың кітабы деп аталатын апокрифтік еңбекке сүйенген. Бірақ бұл кім жазғаны белгісіз ойдан шығарылған еңбек болып табылады. Оны Енох жазды деу — қате пікір. Аталмыш кітапта Енохтың пайғамбарлық сөздері тура жазылғанмен, бұл сөздер біздің күнімізге дейін жетпеген ежелгі қолжазбалардан я ауыздан ауызға тараған әңгімелерден алынған көрінеді. Кезінде Яһуда осындай ежелгі мәлімет көздеріне сүйенген болу керек, я болмаса Енох жайлы оның өмірін көктен бақылаған Исадан білгенге ұқсайды.