Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 54-мақала
  • Үйде ережелер орнатудың не қажеті бар?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Үйде ережелер орнатудың не қажеті бар?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Дұрыс көзқарас
  • Дұрыс әрекет
  • Неге ата-анам маған ештеңеге рұқсат бермейді?
    Жастардың сауалдары
  • Жастар, Құдай Сөзін басшылыққа алыңдар!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ата-анамның сеніміне ие болу үшін не істесем болады?
    Жастардың сауалдары
  • Ата-аналар, балаларыңды сүйіспеншілікпен тәрбиелеңдер
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Жастардың сауалдары
ijwyp 54-мақала
Әкесін тыңдап отырған бала

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Үйде ережелер орнатудың не қажеті бар?

Саған үйдегі бір ережені ұстану қиын болып жүр ме? Осы мақала мен “Шынықсаң, шымыр боларсың” айдарындағы жұмыс парағы бұл жайында ата-анаңмен сөйлесуге көмектеседі.

  • Дұрыс көзқарас

  • Дұрыс әрекет

  • Құрдастарыңның ой-пікірі

Дұрыс көзқарас

Жаңсақ пікір: Кәмелетке толып, ұядан ұшқан соң, сен ереже атаулыдан біржолата құтыласың.

Шындық: Ата-анадан бөлек шыққаннан кейін де саған біреу орнатқан ережелерді ұстану керек болады. Мысалы, жұмыс берушінің, пәтерді жалға берген адамның не үкіметтің ережелерін. “Меніңше, үйдегі ережелерді ұстануды үйренбеген жастар өздері бөлек тұрғанда қатты қиналып қалады”,— дейді 19 жасар Даниэлла.

Киелі кітапта былай делінген: “Әрбір адам билік басындағыларға бағынсын” (Римдіктерге 13:1). Ата-анаң орнатқан ережелерді ұстанғаның сені ересек адам болған кезде кезігетін жағдайларға дайындайды.

Не істеуіңе болады? Ережелердің пайдасын көре біл. “Ата-анам орнатқан ережелердің арқасында мен жақсы достар таңдауды және уақытымды дұрыс пайдалануды үйрендім,— дейді Джереми есімді жас жігіт.— Оның үстіне, сол ережелердің арқасында мен бар уақытымды теледидар мен бейнеойындарға сарп етпей, пайдалы істермен айналысатын болдым. Бұл істердің кейбірі маған әлі де қуаныш әкеледі”.

Дұрыс әрекет

Ал егер бұл ереже саған ақылға қонымсыз болып көрінсе ше? Мысалы, Тамара есімді бойжеткен былай дейді: “Бірде ата-анам маған басқа елге барып-қайтуға рұқсат еткен болатын. Енді болса, олар маған көлікпен 20 минуттық жерде орналасқан қалаға баруға рұқсат бермейді!”

Егер сенің жағдайың осыған ұқсас болса, бұл туралы ата-анаңмен сөйлесіп көргенің жөн бола ма? Әрине! Бірақ бұл туралы қашан және қалай сөйлесетініңді ойластырып алғаның абзал.

Қашан? Аманда есімді қыз былай дейді: “Ата-анаңмен қандай да бір ережені өзгертуге қатысты сөйлеспес бұрын жауапты адам екеніңді және олар саған сенім арта алатынын дәлелдеуің керек”.

Дарья есімді қыз да солай ойлайды. “Анам біраз уақыт бойы айтқанын тыңдап жүргенімді көрген соң ғана, ережені өзгертуге ыңғай танытты”,— дейді ол. Есіңде болсын, сенімге ие болу керек, оны талап ете алмайсың.

Түрлі жақтан ұшып келе жатқан ұшақтар әуежайға қонғалы жатыр

Ата-ананың ережелеріне бағынбасаң, әуе диспетчерінің нұсқауларына бағынбайтын ұшқышқа ұқсайсың

Киелі кітапта былай делінген: “Әке өсиетін орында, Анаңның тәлімінен де бас тартпа” (Нақыл сөздер 6:20). Осы кеңеске құлақ асар болсаң, ата-анаңның сеніміне ие боласың әрі ережелерге қатысты әңгімені қозғау да оңай болады.

Қалай? “Әке-шешеңмен әңгімелескенде, сабыр сақтап, құрметпен сөйлегенің жөн. Дауыс көтерудің не күңкілдеудің пайдасы шамалы”,— дейді Стивен есімді жігіт.

Мұнымен Дарья да келіседі. Ол былай дейді: “Бір түсінгенім, анаммен сөз таластырар болсам, ештеңе де өзгермейді. Кейде осының кесірінен ол бұдан да қатаң ереже орнатады”.

Киелі кітапта былай делінген: “Ақымақ бар сезімін сыртқа шығарар, Ақылды сабыр сақтап, тізгіндер” (Нақыл сөздер 29:11). Ұстамдылық танытуды үйренсең, мұның тек үйде емес, мектепте, жұмыста және тағы басқа да жерлерде зор пайдасын көресің.

Не істеуіңе болады? Бірдеңе айтпас бұрын ойланып ал. Ашуға беріліп айтқан бір ғана сөзің бұған дейінгі жақсы жүріс-тұрысыңның күлін көкке ұшырады. Сол себепті Киелі кітапта: “Ашуға баяу әр нәрсенің парқын айырады”,— деген орынды кеңес жазылған (Нақыл сөздер 14:29).

Кеңес: Осы тақырыпқа берілген жұмыс парағын қолданып, ережелер жайлы ой жүгірт. Қажет болса, осы жайлы ата-анаңмен әңгімелес.

Құрдастарыңның ой-пікірі

Кимберли

“Жастар ережелерді ұстанса, өзгелерді құрметтеуді және ұстамдылық танытуды үйренеді. Бұл қасиеттер өскен кезде де қажет. Ал ережелер болмаса, өмірің мән-мағынасыз өтеді” (Кимберли).

Кэйли

“Ата-анам орнатқан ережелерді тым қатаң деп ойлаған кездері олар менен күдер үзетіндей бірдеңе істейтінмін я болмаса кейіннен өзім опық жейтіндей бірдеңе істегім келіп тұратын. Сол кездері ата-анамның менің игілігімді ойлап ережелер орнатқанын қазір түсінемін” (Кэйли).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу