ИСА ПАЙҒАМБАРДАН ТАҒЫЛЫМ АЛЫҢЫЗ
Алла Тағаланы танып білуге арнайы уақыт бөліңіз
Алла Тағала үшін уақыт арнасаңыз, міне көресіз, өміріңіз анағұрлым жақсарады. Өйткені Құдай жайлы білім алғанда, біз рухани азық алып, қанағат сезінеміз. Осы орайда Иса пайғамбардың айтқан сөздеріне көңіл аударайық.
Иса пайғамбардың ұлағатты сөздері
“Құдайды танып-білгісі келетіндер бақытты” (Матай 5:3).
Көбіміздің көкейімізде мынадай сұрақтар бар: өмірдің мәні не? Әлемде неге сонша қайғы-қасірет көп? Марқұмдар қандай күйде болады? Бақытты болғымыз келсе, осы сұрақтардың жауабын тапқанымыз жөн.
“Адам нанмен ғана емес, Ехобаныңa аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүруі тиіс” (Матай 4:4).
Иса пайғамбар тәніміз кәдімгі азыққа зәру болғаны іспетті, жанымыз да рухани азыққа зәру екенін айтқан. Демек, рухани тоқ жүру үшін әрдайым Алла Тағалаға бет бұруымыз керек.
“Сенің сөзің — шындық” (Жохан 17:17).
Иса бейнелі құрсағымызды тойындырып, рухани азық алудың негізгі жолы — Құдай Сөзі Киелі кітапты оқу екенін айтқан.
Ендеше, шын бақытты болғымыз келсе, Алла Тағала жайлы білуге уақыт арнап, рухани азықтанайық. Төменде рухани азық алудың жолдары келтірілген:
Жеке тәлімгермен бірге тегін интерактивті Киелі кітап зерттеу курсына өтініш толтырыңыз.
a Ехоба — Құдайдың дара есімі (Зәбүр 83:18). “Ехоба деген кім?” деген мақаланы қараңыз.