Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w16 қазан 32-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ұқсас мәлімет
  • Бидай мен арамшөп туралы мысал
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • “Әділдер күн сәулесіндей жарқырайтын болады”
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Мен осы заманның ақырына дейін әр күні сендермен біргемін”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Шынайы сенімнің қас жауы
    Шынайы сенім — бақыттың кілті
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
w16 қазан 32-б.
Бір адам басқа біреудің егістігіне арамшөп сеуіп жатыр

Сіз білгенсіз бе?

Ежелгі заманда әлдекім біреудің егістігіне арамшөп сеуіп кетуі мүмкін бе еді?

Император Юстиниан шығарған “Дигесталардың” 1468 жылғы көшірмесі

Император Юстиниан шығарған “Дигесталардың” 1468 жылғы көшірмесі — ежелгі уақыттағы сот істері жайлы егжей-тегжейлі жазылған көптеген құжаттардың бірі

МАТАЙ 13:24—26 тармақтарда Иса былай деген: “Көк Патшалығы егіндігіне жақсы тұқым сепкен адамға ұқсайды. Жұрт ұйықтап жатқанда, дұшпаны келіп, бидай арасына арамшөп сеуіп кетеді. Бидай өсіп, дән байлағанда, арамшөп те көрінеді”. Кейбір жазушылар бұл мысалдағыдай жағдайдың өмірде шынымен болғанына күмән келтіреді. Бірақ ежелгі Римнің заңи еңбектеріне сай, осыған ұқсас жағдайлар шын мәнінде орын алған болуы мүмкін.

Бір Киелі кітап сөздігінде айтылғандай, Рим заңы бойынша, кек алу мақсатымен біреудің егістігіне арамшөп сеуіп кету қылмыс болып саналған. Арнайы заң қажет болғанына қарағанда, мұндай жағдай шынымен де орын алған. Заң маманы Аластер Керрдің айтуынша, б. з. 533 жылы Рим императоры Юстиниан өзінің “Дигесталар” деп аталатын еңбегін шығарған. Бұл Рим заңының жинағы болған әрі онда шамамен б. з. 100—250 жылдары заңгерлердің заңға берген түсініктемелері келтірілген. Солардың ішінде Ульпиан деген заңгер II ғасырдағы бір сот ісі туралы айтып өткен. Бір адам өзге біреудің егістігіне арамшөп сеуіп, бүкіл астықты бүлдіреді. Аталмыш жинақта диқаншының қылмыскерден келтірген залалды өтеуді талап етуге қатысты құқықтары қарастырылады.

Рим империясында осындай жайттардың орын алғанын ескерсек, Исаның мысалындағы жағдай өмірде шынымен болған көрінеді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу