Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb14 150—151 бет.
  • Күзет мұнарасының адамы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Күзет мұнарасының адамы
  • 2014 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Біз бүлікші сарбаздардан аман қалдық
    2014 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ехобаға арқа сүйегендіктен өзімді қауіпсіз сезінемін
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • “Біз Ехобаға қызмет етуге бел будық”
    2014 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • “Мен Сьерра-Леонеге ғашық болып қалдым”
    2014 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
Көбірек мәлімет
2014 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb14 150—151 бет.

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ

“Күзет мұнарасының адамы”

Джеймс Короума

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1966

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1990

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Азаматтық соғыс кезінде курьер болып қызмет еткен.

1997 жылы Фритаунда бүлікшілер тобы мен үкіметтің қарулы күштерінің арасында соғыс жүріп жатты. Мен сол кездері Фритауннан Гвинеяның Конакри қаласындағы уақытша филиалға хаттар мен тағы басқа заттарды таситын ерікті қызметкер болдым.

Мен қаладағы аялдамадан бір топ ер адаммен бірге автобусқа міндім. Жақын маңнан естілген жарылыстардың даусы зәремізді ұшырды. Қаланың көшелерімен келе жатқанда, қарша борап жатқан оқтар әрі қарай жол жүруге мүмкіндік бермеді. Сонда автобус жүргізушісі кері бұрылып, басқа жолмен жүрді. Көп ұзамай қаруланған бүлікшілер тобы бізді тоқтатып, көліктен шығуды бұйырды. Олар бізді сұрақтың астына алып, кейін жібере салды. Кейінірек бізді басқа бір бүлікші сарбаздар тоқтатты. Алайда жолаушылардың бірі олардың командирлерін танитын болып шыққандықтан, сарбаздар біздің жолымызды бөгемеді. Қаланың шетіне келгенде біз үшінші бүлікшілер тобын кездестірдік. Олар да бізге сұрақтарды жаудырып, бірақ сосын әрі қарай жүре беруімізге рұқсат етті. Солтүстікке қарай жол жүріп, Конакриге жеткенге дейін біз көптеген блок-постардан өттік. Ақыры шаң басқан автобусымызбен қалаға сол күннің кешінде бірақ жеттік.

Мен содан кейін де бірнеше рет әдебиеттер салынған қораптарды, кеңсе заттарын, гуманитарлық көмек пен филиал құжаттарын тасып жүрдім. Мен көбінесе жеңіл көлікпен не кішкентай автобуспен жол жүретінмін. Бірақ тропикалық ормандар мен өзендерден әдебиеттерді өткізу үшін жүк тасушылар мен каноэ жалдайтынмын.

Бірде Фритауннан Конакриге кішкентай автобуспен бара жатқанымда, шегарада бізді бүлікші сарбаздар тоқтатты. Маған күдікпен қараған сарбаздардың бірі жүгімді байқап, сұрақтар қоя бастады. Сол кезде мен бүлікшілердің арасынан бұрынғы сыныптасымды көріп қалдым. Сарбаздар оны өзара “Бұзақы” деп атайды екен. Шынында да ол топтың ішіндегі ең қорқынышты көрінетін сарбаз еді. Сонда мен сұрақ қойып тұрған сарбазға “Бұзақыны” көруге келгенімді айтып, оны шақыртып алдым. “Бұзақы” мені бірден танып, жүгіріп келді. Біз құшақтасып амандасып, қуанып қалдық. Сосын ол күлкісін тыйып, менен:

“Қандай да бір қиындығың бар ма?”— деп сұрады.

“Мен Гвинеяға өтпекші едім”,— деп жауап бердім.

Сонда ол бірден сарбаздарға біздің автобусты бақылау-өткізу пунктінен тексермей-ақ өткізуді бұйырды.

Сол күннен бастап мен осы бақылау-өткізу пунктінен өткен сайын, “Бұзақы” өзінің сарбаздарына маған кедергі болмауды бұйыратын. Мен оларға біздің журналдарымызды беретінмін және сарбаздарға оларды оқу қатты ұнайтын. Кейін сарбаздар мені “Күзет мұнарасының адамы” деп атап кетті

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу