Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp23 № 1 6—7 бет.
  • 1 | Дұға. “Бар уайымдарыңды оған артыңдар”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 1 | Дұға. “Бар уайымдарыңды оған артыңдар”
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Сөздердің мәні
  • Пайдасы
  • Бар уайымыңызды Ехобаға артыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Қалай уайымға салынбауға болады?
    Жастардың сауалдары
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Уайым
    Ояныңдар! 2016
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
wp23 № 1 6—7 бет.
Күйзеліп тұрған жігіт қолын көкірегіне қойып дұға етіп жатыр.

1 | Дұға “Бар уайымдарыңды оған артыңдар”

КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРДЫҢ АЙТАРЫ: “Бар уайымдарыңды [Құдайға] артыңдар, себебі ол қамдарыңды ойлайды” (ПЕТІРДІҢ 1-ХАТЫ 5:7).

Сөздердің мәні

Ехоба Құдай жүрегімізде және санамызда зіл батпан болып тұрған әрбір уайымды оған айтуға шақырады (Зәбүр 55:22). Дұғада сіз кез келген нәрсені, тіпті ол сізге болмашы болып көрінсе де, бәрін Құдайға айтыңыз. Өйткені сіз үшін маңызды нәрсе Ехоба үшін де маңызды. Дұға ету — жан тыныштығына кенелудің маңызды жолы (Філіпіліктерге 4:6, 7).

Пайдасы

Жан саулығыңыз болмай жүрген кезде осы дүниеде жалғыз қалып кеткендей сезінетін шығарсыз, өйткені немен және қалай күресіп жатқаныңызды жан баласы түсінбеуі мүмкін (Нақыл сөздер 14:10). Ал Құдайға ішіңіздегіні ақтарып, бәрін бүкпей айтар болсаңыз, ол сізді мейіріммен және түсінікпен тыңдайды. Кім-кім, төбедегі Құдай біздің жан азабымызды, күрсінісімізді және қиналысымызды көріп тұр. Сондықтан ол маза бермейтін кез келген ойларды оған ашық айтуға шақырады (Шежірелер 2-жазба 6:29, 30).

Ехобаға дұға айтқан сайын, сіз оның қаншалықты қамқор Құдай екенін көресіз. Кезінде бір жыршы Құдай жайлы былай деген: “Сен менің қасіретімді байқадың, Жанымның азабына назар аудардың” (Зәбүр 31:7). “Құдай байқайды, Құдай назар аударады” деген ойдың өзі бізге қиындықпен күресуге кәдімгідей күш береді. Бірақ Құдай тек байқап қана қоймай, бәрінен артық бізді жақсы түсінеді. Сөйтіп, бізге Киелі жазбалар арқылы жұбаныш пен күш дарытады.

Киелі кітаптың Джулианға көмегі

Ауруым жайлы

Джулиан

“Мендегі ауру ол — шектен тыс уайым мен обсессивті-компульсивті бұзылыс. Бұл дегеніміз — кенеттен, күтпеген кезде уайым бойыңды билеп алады. Бір кездері мен күліп, жадырап жүремін, ал бір кездері еш себепсіз қатты уайымдай бастаймын. Бұл әсіресе адамдардың ортасында жүрген кезде болады. “Олар мен туралы не ойлап қалды екен” деген ой маған еш маза бермейді.

Менің ауруым жайлы білетін достарым қолдан келгенше маған көмектеседі. Әрине, кейде олар маған қажет, маған көмектесетін нәрсе айтпауы мүмкін. Бірақ мен олардың ықылас-ниеттеріне риза боламын”.

Мендегі уайым мен мидағы бұзылыс кейде дұға етуді де қиындатады. Бар зейініммен Ехобаға дұға айту үшін мен көп күш саламын. Бір жабысқақ ойлар миыма кіріп алады да, шықпай қояды. Менің өз ойыма өз билігім жүрмейді, сондықтан да Ехобаға сезімдерімді, ойларымды айта алмай қиналып қаламын.

Киелі кітаптың көмегі

Киелі кітапты зерттеп жүріп, біздің дұғаларымыз Құдайға ұнау үшін олар міндетті түрде ұзын және әдемі болудың қажет емес екенін білдім. Мысалы, кейде мен сезімдерімді сөзбен жеткізе алмай қаламын. Сол кезде мен бір-ақ сөзбен: “Ехоба, көмектесші”,— деп қана айтамын. Тіпті сондай кезде де Ехоба мені түсініп жатқанын сеземін және маған қажеттіні беріп жатқанын да көремін. Мен дұғамен ғана шектелмей, медициналық көмекке де жүгінемін. Осы екеуінің арқасында қазіргі жағдайым кәдімгідей жақсарып қалды. Иә, кейде маған дұға ету қиынға соғады. Бірақ мен бәрібір берілмей соны істеймін. Өйткені еңбегім зая емес екенін түсінемін. Ехоба мені жақсы көреді және маған көмектеседі”.

Балаларға көмек

“Ехобаның досы бол. Әрқашан дұға ет” видеосы

Ехоба Құдай дұғаларымызды тыңдап, оларға жауап беретініне неге сенімдіміз? Осы жайында толығырақ білу үшін jw.org сайтына кіріңіз.

“Ехобаның досы бол. Әрқашан дұға ет” деген видеоны қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу