Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w22 маусым 2—7 бет.
  • Ехоба — кешірімділердің кешірімдісі!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба — кешірімділердің кешірімдісі!
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЕХОБА КЕШІРУГЕ ДАЙЫН
  • ЕХОБАНЫҢ КЕШІРІМІ НЕСІМЕН АЙРЫҚША?
  • ЕХОБА КІМДІ КЕШІРЕДІ?
  • ЕХОБАНЫҢ КЕШІРІМІНЕ СЕНІМДІ БОЛЫҢЫЗ
  • ‘Кешіруге дайын’ Құдай
    Ехобаға жақында
  • Ехобаның сізді кешіргеніне сеніңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Құдай мені кешіре ме?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Ехоба кешірімді жандарға батасын төгеді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
w22 маусым 2—7 бет.

24-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ

Ехоба — кешірімділердің кешірімдісі!

“Уа, Ехоба, сен ізгі әрі кешіруге дайынсың, Өзіңе арқа сүйейтіндердің ешқайсысынан айнымас сүйіспеншілігіңді аямайсың” (ЗӘБ. 86:5).

42-ӘН Құдай қызметшісінің дұғасы

АҢДАТПАa

1. Уағыздаушы 7:20-да Сүлеймен патша қандай шындықты айтты?

СҮЛЕЙМЕН патша: “Жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешқашан күнә істемейтін әділ адам жоқ”,— деген (Уағ. 7:20). Расында да, сүттен ақ, судан таза ешкім жоқ (Жох. 1-х. 1:8). Күнәнің кесірінен көктегі Құдайды да, айналамыздағы адамдарды да жиі ренжітіп қоятындықтан, бәріміз кешірімге әбден-ақ мұқтажбыз.

2. Жан досыңыз кешіргенде, өзіңізді қалай сезіндіңіз?

2 Жан досыңызды ренжітіп алған кезіңіз есіңізде болар. Сіз онымен татуласып, баяғыша араласу үшін, одан шын жүректен кешірім сұрадыңыз. Ол сізді кешкенін айтқанда, өзіңізді қалай сезіндіңіз? Үстіңізден ауыр жүк түскендей болып, жүрегіңізге шаттық толған шығар!

3. Бұл мақалада қандай жайттарға назар аударамыз?

3 Біз Ехобаны жан досымыздай жақсы көреміз, бірақ кейде оған ұнамайтын нәрсені айтып не істеп, жүрегін ауыртып қоямыз. Осындайда ол бізді кешіруге дайын екеніне не сенімділік береді? Ехобаның кешірімі адамдардың кешірімінен несімен айрықшаланады? Ехоба қандай адамды кешіреді?

ЕХОБА КЕШІРУГЕ ДАЙЫН

4. Ехоба кешіруге дайын Құдай екеніне не үшін сенімді бола аламыз?

4 Ехоба кешіруге дайын екеніне Киелі кітаптан көз жеткіземіз. Ехоба Синай тауында Мұса пайғамбарға өзінің қандай Құдай екенін ашып, періштесі арқылы былай деді: “Ехоба, Ехоба — мейірімді де жанашыр, ашулануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі мол және әрдайым сөзіне адал Құдай. Ол айнымас сүйіспеншілігін мыңдаған ұрпаққа көрсетеді. Теріс қылықты, қылмыс пен күнәні кешіреді” (Мұс. 2-ж. 34:6, 7). Мейірімді Құдайымыз Ехоба күнәсіна өкінген жанды кешіруге әрқашан да асық (Нех. 9:17; Зәб. 86:15).

Әйел бауырластың қасында Зәбүр 103:13, 14-тегі “ол біздің неден жаратылғанымызды жақсы біледі” деген сөздер жазылып тұр. Оның айналасында бала кезінен бері бастан өткерген жағдайлардың суреттері бар.

Ехоба болмысымызды қандай жағдайлар қалыптастырғанын жақсы біледі (5-абзацты қараңыз)

5. Зәбүр 103:13, 14-те айтылғандай, бізді өте жақсы білгені Ехобаны не істеуге талпындырады?

5 Жаратушымыз болғандықтан, Ехоба біз туралы бәрін біледі, әрқайсысымызды түкпірлей таниды (Зәб. 139:15—17). Ата-анамыздан біздің бойымызға өткен кемелсіздіктің бәрі оған мәлім. Қандай адам болып қалыптасқанымызға басымыздан өткен жағдайлардың қалай әсер еткені де оған аян. Ехоба қызметшілерін өте жақсы білгендіктен, оларға мейіріммен қарайды (Зәб. 78:39; Зәбүр 103:13, 14 оқыңыз).

6. Ехоба бізді кеңпейілмен кешіргісі келетінін қалай дәлелдеді?

6 Ехоба бізді кешіргісі келетінін қалай дәлелдегеніне назар аударайық. Ол Адам атаның күнәсінің кесірінен бәріміз де қарғысқа ұшырағанымызды біледі (Рим. 5:12). Осы қарғыстан, яғни күнә мен өлімнен, біз өзімізді де, өзге ешкімді де құтқара алмайтын едік (Зәб. 49:7—9). Бірақ бізге жаны ашып, сүюші Құдайымыз Ехоба осы қарғыстан құтқарды. Жохан 3:16-да айтылғандай, Ехоба жалғыз Ұлын жерге жіберіп, ол біз үшін өмірін қиды (Мат. 20:28; Рим. 5:19). Иса біздің орнымызға өлгендіктен, енді оған сенген әркім қарғыстан азат болады (Евр. 2:9). Асыл Ұлының қиналып, азапталып, қорлықпен өлгені Ехобаны қатты қайғыртқаны сөзсіз! Ехоба бізді кешіруге асық болмаса, мұндай нәрсеге ешқашан жол бермес еді.

7. Киелі кітаптан Ехоба кеңпейілмен кешірген қандай жандарды білесіз?

7 Киелі кітапта Ехоба кеңпейілмен кешірген адамдардың мысалдары өте көп (Ефес. 4:32). Бұл орайда сіздің есіңізге Манаса патша түскен шығар. Манаса Ехобаға қарсы сорақы күнәлар жасаған зұлым патша болды. Ол жалған тәңірлерге табынды әрі халықты да соған үндеді. Ол тіпті өз балаларын аямай, сол тәңірлерге құрбандыққа шалды. Бұнымен қоймай, сол құдайлардың біреуінің мүсінін жасатып, Ехобаның қасиетті ғибадатханасына кіргізіп қойды. “Осылай Ехобаға ұнамайтын істерді көптеп істеп, оны қорлады” (Шеж. 2-ж. 33:2—7). Бірақ кейін Манаса осы қылмыстарына қатты өкінгенде, Ехоба оны кеңпейілмен кешті, тіпті қайтадан халқына патша етіп қойды (Шеж. 2-ж. 33:12, 13). Бәлкім, сіз азғындық жасап, кісі өлтірген Дәуіт патшаны да еске түсірген боларсыз. Ол да істеген істерін мойындап, шын жүректен өкінгенде, Ехоба оның күнәларын түгел кешті (Сам. 2-ж. 12:9, 10, 13, 14). Ехоба бізді де кешіруге дайын екеніне нық сенімді болайық. Қазір Ехобаның кешірімі адамдардың кешірімінен несімен айрықша екеніне тоқталамыз.

ЕХОБАНЫҢ КЕШІРІМІ НЕСІМЕН АЙРЫҚША?

8. Неге Ехобаға жететін төреші жоқ және бұл жайт оның кешіріміне қалай әсер етеді?

8 Ехоба — “бүкіл әлемнің Төрешісі” (Мұс. 1-ж. 18:25). Сотта мықты төрешілердің бір ерекшелігі — олар заңды өте жақсы түсінеді. Ехоба да заңды терең түсінеді, өйткені оның өзі — “Заң шығарушы” (Ишая 33:22). Ақ пен қараны Ехоба сияқты ешкім анық ажырата алмайды. Мықты төрешінің тағы бір ерекшелігі қандай? Ол шешім шығармас бұрын істі жан-жақты қарастырып, барлық факторларды ескереді. Осы жағынан да Ехобаға жететін төреші жоқ, өйткені ол мән-жайдың бәрін толық біледі.

9. Ехоба біреуді кешіргенде нені ескереді?

9 Кемелсіз төрешілерден айырмашылығы — Ехоба кез келген мәселені бүге-шігесіне дейін біледі (Мұс. 1-ж. 18:20, 21; Зәб. 90:8). Ол пенделер сияқты көріп-естігеніне ғана сүйенбейді. Ехоба адамға қанмен берілген ерекшеліктері, алған тәрбиесі, қоршаған ортасы, эмоциялық және психикалық күйі оның әрекетіне қалай әсер еткенін жақсы түсінеді. Ол оның жүрегін де оқи алады. Ехоба адамның сол әрекетке не үшін барғанын, не қозғау болғанын, мақсаты мен ниетін анық біледі. Оның назарынан ештеңе де жасырын емес (Евр. 4:13). Демек, Ехоба біреуді кешірсе, мән-жайды 100 пайыз білгендіктен кешіреді.

Таулардың үстінде Мұсаның 5-жазбасы 32:4-тегі “ол — Жартасымыз, істері оның кемелді” деген сөздер жазылып тұр.

Ехоба әділ әрі ешкімді алаламайды, параға да сатылмайды (10-абзацты қараңыз)

10. Неліктен Ехоба әрқашан да әділ шешім шығарады? (Мұсаның 5-жазбасы 32:4)

10 Ехоба әрқашан әділ шешім шығарады. Алалаушылық деген ода атымен жоқ. Ол адамды келбетті, бай, дәрежелі, қабілетті екен деп кешіре салмайды (Сам. 1-ж. 16:7; Жақ. 2:1—4). Ешкім оған қысым да жасай алмайды. Пара беріп, кешірімін сатып та ала алмайды (Шеж. 2-ж. 19:7). Ехоба ешқашан ашу үстінде немесе сезімге беріліп шешім қабылдамайды (Мұс. 2-ж. 34:7). Ол — әлемдегі ең мықты Төреші. Себебі өзімізді де, жағдайымызды да толық біледі әрі терең түсінеді (Мұсаның 5-жазбасы 32:4 оқыңыз).

11. Ехобаның кешірімі несімен ерекше?

11 Еврей жазбаларын жазған адамдар Ехобаның кешірімі бәрінікінен де ерекше екенін түсінген. Олар Ехобаның кешірімін сипаттаған кей жағдайларда бір еврей сөзін қолданған. Бір еңбекте айтылғандай, “бұл сөз тек Құдай біреудің күнәсін кешіргенде ғана қолданылады, бірақ адамдар бір-бірін кешірген жағдайға қатысты ешқашан қолданылмайды”. Күнәсіна өкінген жанды толықтай кешіруге тек Ехоба ғана құзырлы. Ал енді Ехобаның кешірімі қандай жақсылық әкелетінін көрейік.

12, 13. а) Ехобаның кешірімі адамға не сыйлайды? ә) Ехоба кешірсе, қанша уақытқа кешіреді?

12 Ехоба бізді кешіргеніне сенсек, ақыл-санамызда тыныштық орнап, ар-ұжданымыз тазарып, “қайта нығаямыз”. Бұндай сезімдер бізде адамдар емес, Ехоба кешіргенде ғана болады (Ел. іс. 3:19). Ехоба бізді кешіретіні соншалық — бізге ешқашан күнә жасамаған адамдай қарап, қарым-қатынасымызды баз баяғы қалпына келтіреді.

13 Ехоба бізді бір кешіргеннен кейін сол күнәміз үшін қайтадан айыптап, жазаламайды (Ишая 43:25; Ерм. 31:34). “Шығыс батыстан қанша қашық болса”, күнәларымызды да Ехоба сонша қашықтатадыb (Зәб. 103:12). Оның осылай дарқан көңілмен кешіретіні жайлы ой жүгіртейік, сонда жүрегіміз оған деген қастерлі сезім мен ризашылыққа толады (Зәб. 130:4). Алайда қандай адамдар оның кешіріміне ие болады?

ЕХОБА КІМДІ КЕШІРЕДІ?

14. Ехобаның адамды кешу-кешпеуі неге байланысты?

14 Алдыңғы ойлардан көргеніміздей, Ехобаның адамды кешіру-кешірмеуі күнәсінің үлкен-кішілігіне байланысты емес. Біз оның Жаратушы, Заң шығарушы және Төреші ретіндегі біліміне сүйеніп шешім шығаратынын білдік. Ол бізді кешірген кезде нақты қандай факторларды ескереді?

15. Лұқа 12:47, 48-ге сай, Ехоба ескеретін факторлардың бірі қандай?

15 Ехоба ескеретін факторлардың бірі — адам күнәні біле тұра жасады ма, жоқ па. Иса бұны Лұқа 12:47, 48-де (оқыңыз) анық көрсетіп кеткен. Адам қандай да бір істің Ехоба құптамайтынын, зұлымдық екенін біліп тұрып, соны жоспарлап жасаса, бұл ауыр күнәға жатады. Құдай оны кешірмеуі мүмкін (Мар. 3:29; Жох. 9:41). Дегенмен, шыны керек, кейде біліп тұрып дұрыс емес нәрсені істеп қоямыз. Бұл енді кешірімге ешқандай үміт жоқ дегенді білдіре ме? Мүлдем олай емес. Бұны түсіну үшін Ехоба назар аударатын келесі факторға өтейік.

Ер бауырластың қасында Ишая 55:7-дегі “ол жомарттықпен кешіреді” деген сөздер жазылып тұр. Суреттің арт жағында ер бауырлас мұңға батып, қайғырып отыр. Ал суреттің алдыңғы жағында оның жүзінен қуаныш пен сенімділік көрінеді.

Шын өкінсек, Ехоба кешіретініне сенімді болайық (16, 17-абзацтарды қараңыз)

16. Өкіну деген не және Ехоба кешірсін десек, бұлай ету неге маңызды?

16 Ехоба ескеретін тағы бір фактор — адам шын өкіне ме, жоқ па. Ал өкіну деген не? Өкіну деген — ой қалпыңды, көзқарасыңды, мақсатыңды өзгертуді білдіреді. Бұл сондай-ақ бұрыс нәрсені істеп қойғаныңа, не керісінше дұрыс нәрсені істемей қойғаныңа қатты қынжылып, қайғыру деген ойды да білдіреді. Шын өкінетін адам жасаған күнәсіна ғана күйінбейді, ол күнәға баратындай рухани әлсіреп кеткеніне де күйінеді. Ауыр күнә жасаған Манаса мен Дәуіт патшаларды еске алайықшы. Екеуі де шын өкінгендіктен, Ехоба оларды кешірді (Пат. 1-ж. 14:8). Демек, Ехоба бізді кешіру үшін, шын өкінетініміздің белгісін көруі керек. Бірақ жасаған күнәларымыз үшін өзімізді кінәлі сезінгеніміз жеткіліксіз. Біз әрекет етуге де бекінуіміз керекc. Бұл Ехоба қарастыратын келесі факторға алып келеді.

17. Бет бұруға не жатады және бұлай ету қаншалықты маңызды? (Ишая 55:7)

17 Ехоба ескеретін тағы да бір маңызды фактор — адамның оған бет бұруы. Былайша айтқанда, ол бағытын өзгертуі керек, яғни жаман жолынан бас тартып, енді Ехобаның жолымен жүруі керек (Ишая 55:7 оқыңыз). Ол ой қалпын түбегейлі жаңартып, бұдан былай Ехобаның көзқарасы бойынша әрекет етеді (Рим. 12:2; Ефес. 4:23). Бұрынғы жаман ойлары мен істерін шорт үзіп, енді оған жоламауға нық бекінеді (Қол. 3:7—10). Дегенмен Ехоба бізді ең алдымен Мәсіхтің құрбандығына деген сенімімізге қарап кешіреді әрі күнәміздан тазартады. Ол жүріс-тұрысымызды өзгертуге барынша тырысып жатқанымызды көргенде, сол құрбандықты біздің де игілігімізге қолданады (Жох. 1-х. 1:7).

ЕХОБАНЫҢ КЕШІРІМІНЕ СЕНІМДІ БОЛЫҢЫЗ

18. Біз Ехобаның кешірімі жайлы не білдік?

18 Олай болса, негізгі ойларды қайталап өтейік. Расында да, ғаламда Ехоба сияқты дарқан көңілмен кешіре алатын тұлға жоқ! Бұның бірнеше себебін көрдік. Біріншісі — Ехоба әрқашан кешіруге дайын. Екіншісі — ол бізді түкпірлей таниды, болмысымыздың қалай қалыптасып келгенін жақсы біледі. Шын өкінгенімізді одан артық ешкім айқындай алмайды. Үшіншісі — Ехоба бізді кешіргенде, күнәмізді өшіріп тастап, сүттей ағартады. Сонда таза ар-ұжданға ие боламыз және оның ықыласына қайта бөленеміз.

19. Неге кемелсіз болсақ та және күнәдан әлі құтылмасақ та, қуаныш сақтай аламыз?

19 Біз енді бұдан былай күнә жасамаймыз деп айта алмаймыз, себебі әлі де кемелсізбіз. Алайда “Жазбаларды түсіну” кітабында жұбаныш беретін мынадай ой бар: “Ехоба өзінің қызметшілерінің тәндік әлсіздіктеріне мейіріммен қарайды. Сондықтан олар мұра еткен кемелсіздіктің кесірінен жасаған қателіктері үшін үздіксіз қиналып, жандарын жегідей жей бермегендері жөн (Зәб. 103:8—14; 130:3). Құдайдың жолымен жүруге шын көңілден тырысып жатқандары оларға қуаныш сыйлауы керек (Філіп. 4:4—6; Жох. 1-х. 3:19—22)” (“Раскаяние”, 7-абз, ор.). Неткен жігерлі сөздер!

20. Келесі мақалада не туралы білеміз?

20 Ехоба күнәсіна шын жүректен өкінетіндерді кешіруге дайын екеніне неткен ризамыз! Біз оның кешірімділігіне қалай еліктесек болады? Ехобаның кешірімі мен біздің кешіріміміздің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Бұны түсініп алғанымыз неге маңызды? Келесі мақалада осы сұрақтарға жауап аламыз.

МЫНА ТАРМАҚТАРДАН ЕХОБАНЫҢ КЕШІРІМІ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛДІҢІЗ:

  • Зәбүр 103:13, 14?

  • Мұсаның 5-жазбасы 32:4?

  • Ишая 55:7?

45-ӘН Жүрек толғанысы

a Киелі кітаптан Ехоба күнәсіна өкінген жанды кешіруге асық екенін білеміз. Бірақ кейде біз өзімізді оның кешіріміне лайықсыз сезінеміз. Сондай кезде Ехоба күнәсіна шын өкінген адамды кешіруге әрқашан дайын екеніне сенімді болайық. Ал не үшін сенімді бола алатынымызды осы мақаладан білеміз.

b “Ехобаға жақында” кітабының 26-тарауы, 9-абзацын қараңыз.

c СӨЗ МӘНІ: “Өкіну” деп адамның бұрынғы өмір салты үшін, бұрыс қылықтары не бір нәрсені істемегені үшін шын жүректен қынжылып, ой қалпын өзгертуін айтады. Оның шынайы өкінгені жүріс-тұрысының өзгергенінен көрінеді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу