Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp21 № 2 10—12 бет.
  • Жақсы заманда жасау үшін не істеу керек?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақсы заманда жасау үшін не істеу керек?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • АЛЛАНЫ ТАНЫП-БІЛІҢІЗ
  • ҚҰДАЙ СӨЗІН КҮНДЕ ОҚЫҢЫЗ
  • ҚҰДАЙҒА ДҰҒА ҚЫЛЫП, КӨМЕК СҰРАҢЫЗ
  • Құдай Тағаланың бізге жасаған жақсылығы қандай?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Сен Құдайдың бейбіт жаңа дүниесінде өмір сүре аласың!
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Неге Иса пайғамбар азап шегіп өлу керек болды?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Сіз жер бетінде мәңгі жасай аласыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
wp21 № 2 10—12 бет.

Жақсы заманда жасау үшін не істеу керек?

Алдыңғы мақалаларда біз Алла Тағаланың имансыздарды және олардың құрған жүйесін жойып, жер бетіндегі барлық қиыншылықтарды шешетінін білдік. Бұның орындалатынына еш күмәнданбасақ болады. Өйткені Киелі жазбаларда келесідей уәде жазылған:

“Осы дүние... өтеді де кетеді” (ЖОХАННЫҢ 1-ХАТЫ 2:17).

Осы дүние жойылғанда аман қалатындар да болады. Бұл жайлы да Киелі жазбаларда айтылған:

“Құдайдың еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді”

Демек, аман қалу үшін Құдайдың еркін, қалауын орындау керек. Ал оның қалауын білу үшін, алдымен Алла Тағаланың өзін танып-білуіміз қажет.

АЛЛАНЫ ТАНЫП-БІЛІҢІЗ

Коллаж: 1. Ауруханада істейтін медбике шаршап-шалдығып еденде отыр. 2. Ол үзілісте асханада отырып, әріптесінің мәз боп журнал оқып отырғанын көреді. 3. Әріптесі оған Киелі кітаптан оқып береді және jw.org байланыс картасын ұсынады.

Иса пайғамбар: “Мәңгілік өмірге ие болу үшін сені, жалғыз шынайы Құдайды... танып-білу керек”,— деген (Жохан 17:3). Осы заманның соңы келгенде аман қалып, мәңгі ғұмыр кешкіміз келсе, Алла Тағаланы танып-білуіміз керек. Әрине, оны тану үшін “төбемізде бір Құдай бар” деп қоя салу я ол туралы аз-кем білу жеткіліксіз. Біз Алланың досы болуымыз қажет. Өмірде біреумен жақын дос болу үшін уақытымыз бен күшімізді аямаймыз ғой. Құдаймен де дос болу үшін солай істеу керек. Қазір Алламен достасуға және сол достықты жоғалтып алмауға көмектесетін Киелі кітаптағы кейбір маңызды шындықтарды қарастырайық.

Киелі кітаптағы шындықтар

Медбике үйінде jw.org сайтын қарап жатыр.

Құдай жерді жұмаққа айналдырады

Адам ата мен Хауа ананы жаратқан соң, Алла Тағала оларды жердегі әсем пейіш бағына қоныстандырған. Олардың бойында пендешілік, осалдық деген болмаған. Жаратқан Ие екеуі бақытты өмір сүрсін деп бар жағдайын жасаған. Олар Құдаймен достығын үзбесе, ешқашан өлмей, мәңгі өмір сүрер еді. Бірақ екеуі өз сорларына қарай, Құдайдың қарапайым бұйрығын бұзды.

Азап пен қасірет шегуіміздің себебі

Адам ата Құдайдың бұйрығын тыңдамағандықтан, мәңгі өмір сүру мүмкіндігінен айырылып қалды. Ол өзімен қоймай, ұрпақтарын да мәңгі өмірден құралақан қалдырды. Киелі жазбалар бұны былай түсіндіреді: “Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды” (Римдіктерге 5:12). Ата-анасында тұқым қуалайтын ауру бар болса, бұл әдетте балаларына да беріліп жатады. Сол сияқты, Адам атаның барлық ұрпағына күнәкарлық берілді. Соның кесірінен біз қартайып, өлеміз.

Құдай бізді құтқарудың қамын жасады

Киелі жазбаларда былай делінген: “Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, өзінің жалғыз Ұлын құрбан етті. Енді оған сенген әркім жойылмай, мәңгілік өмірге ие бола алады” (Жохан 3:16). Осы сөздерден көріп отырғанымыздай, Құдай Тағала бізді құтқару үшін Иса пайғамбарды жерге жіберді. Ол біз үшін өмірін қиып, сүйіспеншіліктің асқақ шыңын көрсетті. Үндістанда тұратын 86 жастағы Рабхакар деген бір қария былай дейді: “Ехобаa Құдайдың осы ісін оның маған танытқан ыстық сүйіспеншілігі деп білемін. Оның сүйіспеншілігі көңілімде мәңгі өмір сүруге үміт отын жақты”.

Алланың жасаған жақсылығына алғыс білдіру

Киелі жазбаларда Құдайдың жасаған бар жақсылығына алғыс білдіру үшін “өсиеттерін орындауымыз” керектігі жазылған (Жоханның 1-хаты 2:3). Ехоба Құдай бізді жақсы көргендіктен, қазірдің өзінде өмірдің қызығын көрсе екен дейді (Ишая 48:17, 18). Ол біздің азап шеккенімізді мүлдем қаламайды. Құдайдың уәдесі бойынша, оның әкелік ақыл-кеңестеріне құлақ ассақ, қазірдің өзінде бақытты боламыз. Ал болашақта мәңгі жасаймыз.

ҚҰДАЙ СӨЗІН КҮНДЕ ОҚЫҢЫЗ

Медбике түскі үзілісте далада Киелі кітапты оқып болған соң, аспан жаққа қарап отыр.

Құдайға дұға қылып, көмек сұрасаңыз және оның айтқанын орындасаңыз, дүниенің соңы келгенде аман қаласыз

Тамақсыз адам өмір сүре алмайды. Бірақ Иса пайғамбар: “Адам нанмен ғана емес, Ехобаның аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүруі тиіс”,— деп айтқан (Матай 4:4).

Ехоба Құдайдың Сөзін Киелі кітап беттерінен оқи аламыз. Бұл қасиетті кітапты оқысаңыз, Құдай адамзат үшін ежелде не істегенін, қазір не істеп жатқанын және болашақта не істейтінін білесіз.

ҚҰДАЙҒА ДҰҒА ҚЫЛЫП, КӨМЕК СҰРАҢЫЗ

Құдайдың айтқанымен жүргіңіз-ақ келетін шығар. Бірақ ол айыптайтын бір қылықты қою сізге қиын болса ше? Құдайды жақынырақ танығаныңыз сізге көп көмектеседі.

Мысалы, Азияда тұратын бір әйел азғын өмір кешкен екен. Бір күні ол Киелі жазбалармен оқып-танысады. Оқып жүріп, Құдайдың “азғындықтан аулақ болыңдар” деген бұйрығын көреді (Қорынттықтарға 1-хат 6:18). Ол Құдайға жалбарынып, осы жаман қылығын тастауға күш беруін сұрайды. Осының көмегімен өз қылығын қоя алды. Бірақ кейде оған жаман ойлар келіп тұрады. Ол былай дейді: “Басыма ұятсыз ойлар келе бастағанда, мен бірден Ехобаға дұға етіп, бәрін ашық айтамын. Өйткені осы ойлармен күресуге өзімнің шамам жетпейді. Мен мұны жақсы білемін. Дұғаның құдіретін көргенде, Ехобаға жақындай түстім”. Бұл — бір ғана әйелдің оқиғасы. Ал бүкіл дүниежүзінде бұндай оқиғалар миллиондап саналады. Бұл адамдардың бәрі Құдайды жақсырақ танып, оның күшін сезініп жүр. Осының арқасында олар өмірлерін ретке келтіріп, Құдайдың мейір-шапағатына бөленуде (Філіпіліктерге 4:13).

Сіз Құдай Тағаланы жақсырақ танысаңыз, ол да сізді біліп, асыл досым деп есептейді (Ғалаттықтарға 4:9; Зәбүр 25:14). Құдайдың достары болса жаңа заманда өмір кешеді. Ал жаңа заманда өмір қандай болады? Келесі мақалада осы тақырып тарқатылады.

a Ехоба — Киелі кітапқа сай, Құдайдың адамзатқа ашқан есімі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу